Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 27.03.2009 № 62 қаулысымен
Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 шілдедегі N 232 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесінде:
12-тармақтағы "Қоғамдық жұмыстар" деген сөздер "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 60 "Облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 шілдедегі N 232 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ. Қайненовке жүктелсін.
Облыс әкімі