Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 30 мамырдағы ұйғарымы және Махамбет аудандық мәслихаты мен Махамбет ауданы әкімінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 261 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
1.
Махамбет ауданының төмендегі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
1)
Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы Бейбарыс ауылы;
2)
Чкалов ауылдық округінің Редут ауылы Талдыкөл ауылы;
3)
Чкалов ауылдық округінің Сорочинко ауылы Аққайың ауылы;
4)
Ақтоғай ауылдық округінің Топайлы ауылы Өтешқали Атамбаев ауылы;
5)
Ақтоғай ауылдық округінің Канал ауылы Бала Ораз ауылы;
6)
Ақтоғай ауылдық округінің Карманов ауылы Кеңөріс ауылы болып қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 9.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2.
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі казіргі әкімшілік-аумақтық бірліктердің есепті деректеріне өзгеріс енгізсін.
Облыс әкімі |
Облыстық мәслихаттың |