"Облыстың жекелеген әкімшілік-аумақтарына ат қою және атауларын өзгерту туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 14/141-III шешімін және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 152 қаулысын қайта бекіту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 1 шілдедегі N 229 қауылысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 24/272-ІІІ шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 6 шілдеде N 1937 тіркелді

      Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі Д.Р.Құставлетовтың 2006 жылғы 19 маусымдағы "Облыстың жекелеген әкімшілік-аумақтарына ат қою және атауларын өзгерту туралы" бірлескен Оңтүстік қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 14/141-III шешімін және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 152 қаулысын қайта бекітудің қажеттілігі туралы хатына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Түлкібас ауданының жаңадан құрылған ауылдық округі Тастұмсық ауылдық округі деп аталсын.

      2. Мына әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары: 

Түлкібас ауданы бойынша

      Жабағылы ауылдық округінің Новониколаевка ауылы -Жабағылы ауылы болып;  

Ордабасы ауданы бойынша

      Қараспан ауылдық округінің Бейсен ауылы - Кеңес Одағының Батыры Бейсен Оңтаев ауылы болып;

      Қараспан ауылдық округінің Ермоловка ауылы - Кеңес Одағының Батыры Берген Исаханов ауылы болып;

Мақтаарал ауданы бойынша

      Ынтымақ ауылдық округінің Амангелді ауылы - Социалистік Еңбек Ері Әлкен Оспанов ауылы болып;

      Қызылқұм ауылдық округінің 9 Май ауылы - Датқа ауылы болып;

      Жамбыл ауылдық округі - Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдәбеков ауыл округі болып;

Созақ ауданы бойынша

      Қарақұр ауыл округінің Қызылбайрақ ауылы - Ран ауылы болып қайта аталсын.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заң күшіне енеді және 2005 жылғы 29 наурыздан қолданысқа енгізіледі. 

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы 
 
      Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады