"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкiмияттарының пiкiрлерiн ескере отырып, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1)Қазығұрт ауданы бойынша:
Көкiбел ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Айнатас, Жiгiрген, Қызылбұлақ, Өгем, Тесiктөбе ауылдарының шекараларында Жiгiрген атау берiле отырып, жаңа ауылдық округ құрылсын;
Көкiбел ауылдық округiнiң шекаралары оның құрамынан Айнатас, Жiгiрген, Қызылбұлақ, Өгем, Тесiктөбе ауылдары шығарылып өзгертiлсiн;
2)Отырар ауданы бойынша:
Қарақоңыр ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Ақтөбе ауылы шекарасында Ақтөбе;
Отырар ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Қарғалы, Отырар ауылдары шекараларында Қарғалы;
Талапты ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Қоғам, Мыңшұқыр, Талапты ауылдары шекараларында Қоғам жаңа ауылдық округтерiне атаулар берiле отырып құрылсын.
Мыналардың:
құрамынан Ақтөбе ауылы шығарыла отырып, Қарақоңыр ауылдық округiнiң;
құрамынан Қарғалы, Отырар ауылдары шығарыла отырып Отырар ауылдық округiнiң;
құрамынан Қоғам, Мыңшұқыр, Талапты ауылдары шығарыла отырып Талапты ауылдық округiнiң шекаралары өзгертiлсiн;
3) Сайрам ауданы бойынша:
Қарабұлақ, Қарасу, Манкент және Тассай ауылдық округтерiнiң жалпы көлемi 1959,4 гектар жерлерiнiң бiр бөлiгiн Ақсукент ауылдық округiнiң әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент және Тассай ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн;
4) Төлеби ауданы бойынша:
Тасарық ауылдық округiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы Қаратөбе ауылын Ақжар ауылдық округiнiң әкiмшiлiк бағыныстығына беру жолымен Тасарық және Ақжар ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн.