Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы шақыру комиссиясын қамтамасыз ету және 1979-1988 жылдары туылған азаматтардың 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметіне кезекті шақырылымын өткізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 329 қаулысы. Шымкент қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 22 мамырда N 14-1-31 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 6/12-494

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 6/12-494 хатымен).

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі  N 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының негізінде және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 76 "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмді әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiн бекiту туралы"  Қаулысына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінгі қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2006 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және жүргізілсін.

      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу үшін мына құрамда шақыру комиссиясы құрылсын: 

Бердібеков Уалихан Әбдіқадырұлы  

- Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Жанәділов Талғат Оразбекұлы

- Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Есдаулетов Мұраталы Нұртайұлы

- Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы (келісім бойынша);

Байдуллаев Шардар Тұрсынбекұлы 

- дәрігер-хирург, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Сыздықова Алтынай Жұмабекқызы

- облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі,  комиссия хатшысы (келісім бойынша);

      3. Шақыру комиссиясының жұмысы Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінің базасында жүргізілсін.

      4.Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті (Н.Н. Тасмағамбетова - келісім бойынша) Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен (В.А. Бердібеков - келісім бойынша) бірлесіп, шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін, тиісті мамандығына сәйкес дәрігерлер құрамында медициналық комиссиясын құру және шақыру кезеңінде комиссия құрамында олардың жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментіне (Н.Н. Тасмағамбетова - келісім бойынша) ұсынылсын:
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 100 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы" бірлескен  бұйрығымен қарастырылған іс-шараларды ұйымдастыру;
      комиссия жолданған шақырылушыларды кезектен тыс тұрақты және амбулаториялық тексерiп байқаудан өткiзiлуiн қамтамасыз ету;
      емдеу мекемелерінің барлық бас дәрігерлері Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының сұрау салуы бойынша ауруы жөнінен есепте тұрған азаматтардың диспансерлік және амбулаториялық карталары мен тізімдерін тапсыруды ұсыну;
      шақырылушыларды тереңірек медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде орындар анықталсын.

      6. Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (В.А. Бердібеков - келісім бойынша) 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыртуды өткізу жөніндегі шақыру комиссиясының жұмыс кестесін 2006 жылдың 25 сәуіріне дейін бекітуге Шымкент қаласы әкіміне ұсыну ұсынылсын.

      7. Бiлiм беру ұйымдарының және меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшыларына шақырылушыларды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, оларды хабардар етудi ұйымдастыру және шақыру пунктiне уақтылы келулерiн қамтамасыз ету ұсынылсын.

      8. Шымкент қаласының тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Қ. Нарқұлов) Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шақырылушыларды хабардар етуге бір көлік және Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының сұрауымен шақырылушыларды облыстық бақылау медициналық комиссиясына тасымалдауға қажетті автобустар бөлсін.

      9. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Л.А. Мақашева), әскер қатарына шақырылушыларды хабардар ету үшін, Шымкент қалалық әскери комиссариаты шақыру учаскесіне жұмыссыздар қатарынан 30 адам техникалық қызметкер тартсын.

      10. Шымкент қаласының Әл-Фараби, Абай және Еңбекші аудандық ІІБ-на (Қ.Әбдіраманов, Қ.Дәлбеков, Ы.Қасымбеков - келісім бойынша) ұсынылсын:
      мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздеуді қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласының аудандық полиция бөлімдерінде іздестіру топтарын құру;
      2006 жылы 25 сәуірге дейін және 15 қазанға дейін ішкілік пен нашақорлыққа бейім, қылмыстық жауапқа тартылған және тартылып жатқан 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтардың тізімдерін Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына тапсыру;
шақыру жүріп жатқан уақытта қалалық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану, ол үшін шақыру комиссиясы жұмыс істеген кезінде тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін полиция бекетін қою.

      11. Шымкент қаласының қаржы бөлімі (F.Аязов) 2006 жылғы шақырылымды өткізу үшін тіркелген есепке сәйкес қаржы бөлсін.

      12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары К.Қадырбековқа жүктелсін.

       Қала әкімі

       "КЕЛІСІЛДІ":

      Оңтүстік Қазақстан облысы
      Денсаулық сақтау департаментінің
      директоры

      Шымкент қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      басқарманың бастығы

      Шымкент қаласының
      Еңбекші аудандық ІІБ-ның бастығы

      Шымкент қаласының
      Абай аудандық ІІБ-ның бастығы

      Шымкент қаласының
      Әл-Фараби аудандық ІІБ-ның бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады