Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 19.07.2013 № 257 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ", " Халықты жұмыспен қамту туралы " Заңдарына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қадырбековке жүктелсін.
Қала әкімі