Үржар ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бөліністерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы N 642 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 18/276-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 шілдеде N 2425 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының  4) тармақшасына сәйкес, "Некрасовка ауылдық округінің атауын өзгерту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 4 ақпандағы N 19-173-III және әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы  N 04 бірлескен шешімі мен қаулысының, "Алтыншоқы ауылдық округіндегі қызыл Жұлдыз ауылының атауын өзгерту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 4 ақпандағы N 19-174-III және әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 05 бірлескен шешімі мен қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданының мынадай әкімшілік-аумақтық бөліністері:
      Некрасовка ауылдық округі Жоғарғы Егінсу ауылдық округіне;
      Алтыншоқы ауылдық округіндегі қызыл Жұлдыз ауылы Айтбай атындағы ауылына қайта аталсын.

      2. Шешім Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады