Глубокий аудандық әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қарашадағы N 820 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/326-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 21 желтоқсанда N 2437 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының   2), 3) тармақшасына сәйкес, Глубокий аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 4/12-III және әкімдігінің 2005 жылғы 14 маусымдағы N 1178 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокий ауданы Бобровка ауылдық округінің құрамынан Степное, Каменный карьер және Комсомольское ауылдарын бөліп берумен, Ушанов ауылында орналасқан әкімшілік орталығы бар Глубокий ауданы Ушанов ауылдық округі деген әкімшілік-аумақтық құрылым құрылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/197-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 319 қаулысы жойылсын. 

      3. Осы шешім мен қаулы 2005 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады