Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008.02.11 № Ин-6/141 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 419 "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 2411) 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастырғанда мүгедектер үшін жұмыс орындарды жеке ескерсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі
Өскемен қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 17 ақпандағы
N 2365 қаулысына қосымша
2006 жылға Өскемен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасы
N |
Жұмыс беруші |
Жұмыс орындарының жалпы саны |
Мүгедектер үшін жұмыс орындар квота |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
"Айтас-Маркет" жауапкершілігі |
300 |
10 |
2 |
"Тау-Маркет" жауапкершілігі |
270 |
9 |
3 |
Қазақ саңыраулар қоғамының |
124 |
6 |
4 |
"Әділ" акционерлік қоғамы |
423 |
14 |
5 |
"Өскемен жиhаз комбинаты" |
113 |
4 |
6 |
"Металлург мәдениет және |
70 |
5 |
7 |
"Востокмашзавод" акционерлік |
1383 |
28 |
8 |
"Алтын-Ай" қоғамдық бірлестігі |
20 |
5 |
БАРЛЫҒЫ |
2703 |
81 |
Қала әкімі аппаратының
басшысы міндетін атқарушы,
қала әкімінің кеңесшісі
Өскемен қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі