2006 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 3395 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 16 мамырда N 5-1-36 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № Ин-6/141 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008.02.11 № Ин-6/141 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Ж. Сарсенбинов) шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды өткізсін.

      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып және өткізу үшін шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:     

Айдын Жақыпбеқұлы Сарсенбинов

комиссия төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Светлана Ивановна Ферхо

комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары

Комиссия мүшелері:

Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Игорь Анатольевич Журавков

дәрігер, медицина қызметкерлері жұмысын басқарушы, медицина комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Татьяна Викторовна Турова

комиссия хатшысы (келісім бойынша)

      3. Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (ҚПҮ).

      4. "Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Абдрашева) шақыру комиссиясы бойынша әскерге шақырушыларды тексеру кезектен тыс және сапалы өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Меншік түріне тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларды іс-сапардан (демалыстан және т.б.) шақыру, олардың Қызыл қырандар жағалауы, 37 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне уақытында келуге хабардар беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Меновной ауылдық округінің әкімі (С.А. Овчинников) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына уақытында хабарлануын және келуін қамтамасыз етсін.

      7. "Өскемен қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.А. Анищенко) шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламалардың әкімгерін қаржыландыруды бекітілген бюджет шегінде өткізсін.

      8. "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (А.Ж. Қабылов) шақырудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      Өскемен қаласының әкімі

      Келісілген:

      "Өскемен қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Шығыс Қазақстан облысы
      Денсаулық сақтау департаментінің
      Өскемен қаласы бойынша бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады