2006 жылы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3559 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 5 маусымда N 5-1-38 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № Ин-6/141 хатымен

       Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008.02.11 № Ин-6/141 хатымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 43 бабына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына және Өскемен қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 19/2 "2006 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы" (тіркеу N 5-1-20) шешіміне сәйкес, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы Ереже (әрі қарай - Ереже) бекітілсін.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 2273 "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу туралы" қаулысы күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      4. Осы қаулы іс-әрекетке 2006 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. 
 
           Өскемен қаласының әкімі

                                                               Өскемен қаласы әкімдігінің   
2006 жылғы 15 мамырдағы    
N 3559 қаулысымен бекітілген 

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды
материалдық қамсыздандыру туралы
 
Ереже

1. Жалпы ережелер

      Осы ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 43 бабына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына және Өскемен қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 19/2 "2006 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы" (тіркеу N 5-1-20) шешіміне сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсету мақсатында әзірленді.

2. Тағайындау тәртібі

      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай - Уәкілетті орган) жүргізіледі.
      Өтінішке Шығыс Қазақстан облыстық Білім беру департаменті жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия және "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі беретін мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
      Материалдық көмек тағайындау мен төлеудің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты мекенжайын ауыстыру және т.б.) көмектің тағайындалуы және төленуі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
      Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде Уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      Өтінішті Уәкілетті орган түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге 10 күн мерзімінде қарайды.
      Материалдық көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда Уәкілетті орган қабылданбау себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
      Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
      Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі Уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
      Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға беріледі. 

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      Қаржыландыру Уәкілетті органның бюджеттік есебіне түскеннен кейін Агенттік келісім негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы пошта байланысының қалалық тораптарына ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылады.
      "Қазпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы пошта байланысының қалалық тораптары Уәкілетті орган ұсынған ведомость-тізімдердің негізінде төлем жүргізеді.
      Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.

      Қала әкімі аппаратының
      басшысы міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады