Мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау женіндегі комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 1873 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 4 қыркүйекте № 5-9-45 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикзсының мемлекетгік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бап 1-тармақ 17 тармакшасын басшылыққа алып, мемлекеттік наградалармен награтталатын кандидатураларды ұсыну және ірікгеу жөніндег жұмыстарды жузеге асыру мақсатында, Глубокое ауданының әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия қурылсын (қосымша).

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия туралы ұсынылған ереже бекітілсін.

      3. Комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілуге берілсін.

      4. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалардың және олардың құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградаларды наградтауға ұсыну және оларды беру тәртібі туралы" нұсқауларға және "Қазақстан Республикаасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қатаң түрде сақтап мемлекеттік- құқықтық жұмыстар және кадрлар бөлімі наградтық құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. "Мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияны бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу № 973 2002 жыл 31 қазан, аудандық "Огни Прииртышья" газетінің №49 санында 2002 жылы 6 желтоқсанда жарияланған) Глубокое аудандық әкімдігінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 119 қаулысы, (мемлекеттік тіркеу № 1477 2003 жыл 25 қараша, аудандық "Огни Прииртышья" газетінің № 2 санында 2004 жылы 9 қаңтарда жарияланған) "Мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияны бекіту туралы" Глубокое аудандық әкімдігінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 119 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 19 қарәшадағы № 477 қаулы, "Мемлекеттік наградалармен наградталатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияны бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу № 5-9-9 2005 жыл 28 қараша. аудандық "Огни Прииртышья" газетінің № 46 саныңда жарияланған) Глубокое аудандық әкімдігінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 119 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Глубокое аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 5 қазандағы № 1317 қаулысынын күші жойылған деп танылсын.

      6. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі С.Плотников
      Келісілген:
Глубокое ауданының
Мәслихатының хатшысы
"18" августа 2006 ж
А.Брагинец
      Аудандық "Огни Прииртышья"
газетінің редакторы
"18" августа 2006 ж
И. Немченко
      ШҚО Денсаулық сақтау
Департаментінің директоры
"18" августа 2006 ж
К.Андагулов

  Глубокое аудандық әкімдігінің
"21" 08 2006 ж.№ 1873
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тулғалардың қужаттарын қарау жөніндегі комиссияның
Қ Ұ Р А М Ы

Пекур Мария Яковлевна

аудан әкімінің орынбасары, комиссияның төрайымы

Баймульдинов Әкімғазы Асанович

аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрайымының орынбасары

Оразаева Базира Токановна

кадрлар және мемлекеттік-қуқықтық жумыстар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

      КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ

Брагинец Александр Петрович

Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

Асамбаев Мурат Жумабаевич

Глубокое білім беру бөлімінің басшысы

Немченко Ирина Дмитриевна

Аудандық "Огни Прииртышья" газетінің редакторы (келісім бойынша)

Мельников Петр Геннадьевич

Ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы

Светочева Любовь Леонидовна

Денсаулық сақтау департаментінің Глубокое ауданы бойынша бас маманы (келісім бойынша)

      Глубокое ауданы әкіміаппаратының басшысы А. Баймульдинов

  Глубкое аудандық әкімдігінің
"21" 08 2006 ж.№ 1873
қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия туралы
Е Р Е Ж Е

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың өкілдерінен құрылады, депутаттар үшін алдын ала анықталған және наградалық мәселелер жөніндегі ұсыныстарды дайындау, өмірдегі наградтау заңнамаларын есте қаларлықтай жүргізу.

      2. Комиссия құрамы ақыл-кеңес беретін орган болып табылады және комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және 5 комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссияның төрағасы: комиссия басшылығының әрекетін ұйымдастырады және жүзеге асырады, комиссия отырысы үшін күн тәртібін құрады, комиссия отырысын шақырады және оған төрағалық етеді, комиссияның құзіреттілігі төңірегіндегі басқа өкілеттіліктерді орындайды.

      Комиссияның хатшысы: комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді, комиссия отырысының өтетін уақытыт мен орны, күн тәртібі туралы комиссия мүшелеріне ақпарат береді, түскен құжаттарды комиссия мүшелеріне береді, комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.

      Комиссияның негізгі құқықтық әрекеті Конститутция, Қазақстан Республикаларының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі мен осы Ережеден құралады.

      3. Комиссияның қызметтері:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғаларға қатысты құжаттар қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы ұсыныстарды қарау;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғаларды талқылауға ашық және кең жағдай жасау.

      4. Комиссия құқылы:

      1) наградтауға ұсынылған тұлғалардың әрекеттерімен танысуға;

      2) Қазақстан Республикасынң мемлекеттік наградалары туралы аудан әкіміне ұсыныс жасауға;

      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан жұмыс үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және басқа да ақпарттарды сұрауға;

      4) мемлекеттік органдарға, сонымен қатар мекемелерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға неғұрлым ерекше азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау мәселелері жөнінде кепілдеме жіберуге;

      5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және оған комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқан жағдайда комиссияның өкілеттілігі саналады.

      6. Комиссия отырыстарына қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санынан көбі дауыс берген жағдайда комиссия шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі сұрау тәртібі арқылы да қабылдануы мүмкін. Екі жақтық дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді және комиссияның төрағасы қол кояды.

      7. Комиссияның әрекетін ұйымдастыру және ақпараттармен қамтамасыз етуді аудан әкімі аппаратының кадрлар және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімі жүзеге асырады.

      Комиссияның хатшысы міндетін кадрлар және мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы атқарады.

      Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады