Облыстағы кейбір ауылдық елді мекендерді қайта атау және ауыл мен аудан атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы N 48 қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 18 ақпандағы N 25-5 бірлескен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 наурызда N 2956 тіркелді.

     "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" қаулысына, Бокей ордасы мен Жаңақала аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкеc облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 1-3 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      Бокей ордасы ауданы бойынша:
      Орда ауылы Хан Ордасы деп қайта аталсын;
      Жаңақала ауданы бойынша:
      Орыс тілі нұсқасындағы "Джангалинский район" транскрипциялары тиісінде "Жангалинский район";
      село "Джангала" "Жангала" деп өзгертілсін.

      Сессия төрағасы                    Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады