"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Шыңғырлау ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 1 қарашадағы N 17-6 "Белогор селолық округінде орналасқан 2-я Пятилетка және Қарағаш селолық округінде орналасқан Ақши елді мекендерін тарату туралы" және Бөрлі ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 8 қарашадағы N 21-4 және N 36 "Аңқаты айырық жолын (разъезін) тарату туралы" бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғындарының көшірілуіне байланысты Бөрлі ауданының Аңқаты айырық жолы және Шыңғырлау ауданының 2-я Пятилетка, Ақши ауылдары таратылсын.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы