Орал қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 818 "Тұрғын жай жекешелендіру жөніндегі комиссиясы, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы" әкімдіктің қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 214 қаулысы. Орал қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 17 наурызда N 7-1-35 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 9 cәуірдегі N 959 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2009.04.09 N 959 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, кадрлардың өзгеруіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 818 "Тұрғын жай жекешелендіру жөніндегі комиссиясы, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы" қаулысына (тіркеу N 1852, "Пульс города" газетінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 795, "Жайық үні" газетінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 50 санында жарияланған) 2003 жылғы 15 мамырдағы N 404 қаулысымен (тіркеу N 2157, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 5 маусымдағы N 7 санында, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 31 санында жарияланған), 2003 жылғы 17 шілдедегі N 633 қаулысымен (тіркеу N 2249, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 7 тамыздағы N 16 санында, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 36 санында жарияланған), 2003 жылғы 23 қазандағы N 1111 қаулысымен (тіркеу N 2368, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 34, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 11 желтоқсанындағы N 51 санында жарияланған), 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1986 қаулысымен (тіркеу N 7-1-22, "Пульс города" газетінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 50, "Жайық үні" газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсанындағы N 52 сандарында жарияланған) енгізілген өзгертулерді ескеріп, келесі өзгертулер енгізілсін:

      N 1 қосымшадағы:

      "Орал қаласындағы үйлері мен пәтерлерін сату құнын анықтау жөніндегі комиссиясының құрамына енгізілсін:

      Комиссия төрағасы:

      Алексей Юрьевич Горобцов - Орал қаласы әкімінің орынбасары;

      Ерболат Махамбетұлы Абулхатин - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы;

      Гүльбаршын Зенорқызы Кадрагалиева - қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бас маманы;

      комиссия құрамынан Лилия Амангелдіқызы Исмаилбаева мен Ольга Алексеевна Исаева шығарылсын.

      3 тармақтағы "Мақсат Тельманұлы Бисембиев - облыстық жылжымайтын мүлік орталығының заң бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдағы лауазымы жаңа редакцияда жазылсын "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының заң бөлімінің бастығы".

      2. Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердің сату құнын белгілеу комиссиясының құрамындағы өзгертулер қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Горобцовқа жүктелсін.

      Қала әкімі С.Мұташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады