2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 "Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы" әкімдіктің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 215 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 14 наурызда N 7-1-32 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, кадрлардың өзгеруіне байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы" қала әкімдігінің 2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 қаулысына (2003 жылғы 5 қыркүйектегі тіркеу № 2273, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 41 санында "Жайық үні", 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 23 "Пульс города" газеттерінде жарияланған), 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1274 (2003 жылғы 25 желтоқсандағы тіркеу № 2396, 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 3 санында "Жайық үні", 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 3 "Пульс города" газеттерінде жарияланған), 2004 жылғы 6 ақпандағы № 143 (2004 жылғы 25 ақпандағы тіркеу № 2526, 2004 жылғы 12 наурыздағы № 12 санында "Жайық үні", 2004 жылғы 11 наурыздағы № 11 "Пульс города" газеттерінде жарияланған), 2005 жылғы 24 наурыздағы № 421 (2005 жылғы 18 сәуірдегі тіркеу № 7 - 1 - 3, 2005 жылғы 5 мамырдағы № 19 санында "Жайық үні", 2005 жылғы 12 мамырдағы № 19 "Пульс города" газеттерінде жарияланған) және 2005 жылғы 6 қазандағы № 1746 (2005 жылғы 21 қазандағы тіркеу № 7 - 1 - 19, 2005 жылғы 10 қарашадағы № 46 санында "Жайық үні", 2005 жылғы 10 қарашадағы № 45 "Пульс города" газеттерінде жарияланған), қаулыларымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгертулер енгізілсін:

      1 қосымшадағы "Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құрамына" енгізілсін:

      Ерболат Рахметұлы Мұқаев – қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

      комиссия құрамынан шығарылсын:

      Аманжол Зейнуллаұлы Зинуллин.

      2.Комиссияның өзгертілген құрамы мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Р.Мұқаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі С.Мұташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады