Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шарашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 22 қаңтардағы N 21 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4549 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 556 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.01 N 556 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 8 және  19-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрлігі 
Орман және аңшылық шаруашылығы 
комитеті төрағасының 2007 жылғы 
22 қаңтардағы N 21 бұйрығымен 
бекітілген         

  Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін
әзірлеу және пайдалану
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Бейнесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен жалауы оның рәміздері (бұдан әрі - рәміздер) болып табылады.

      3. Рәміздерді әзірлеу кезінде мынадай негізгі талаптар сақталады:
      эмблемада табиғат қорғау мекемесінің табиғи және/немесе тарихи-мәдени кешендері мен объектілерінің тән ерекшеліктерін көрсететін сөздік, бейнелік және/немесе көлемдік белгілер не олардың аралас үлгілері бейнеленеді, сондай-ақ оның мемлекеттік тілдегі атауы жазылады;
      жалау мемлекеттік табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен мемлекеттік тілдегі толық атауы орналасатын мата түрінде болады. Жалау енінің оның ұзындығына ара-қатынасы - 1:2.

  2. Рәміздерді әзірлеу және бекіту

      4. Рәміздерді әзірлеуді табиғат қорғау мекемесі ұйымдастырады.

      5. Табиғат қорғау мекемесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандарын, өнертанушыларды, кәсіби суретшілерді, дизайнерлерді, тарих, археология, жаратылыстану, техникалық реттеу, құқық саласындағы мамандарды тарта отырып, рәміздер әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

      6. Рәміздер жобасын табиғат қорғау мекемесінің ғылыми-техникалық кеңесі қарайды және бекітеді, содан кейін ол уәкілетті органға жіберіледі.
      Уәкілетті органда бірінші басшының не оның орнын алмастыратын адамның бұйрығымен сараптама комиссиясы құрылады, ол жиырма күн ішінде рәміздер жобасын қарайды. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін рәміздер он күн ішінде уәкілетті органның бірінші басшысының не оның орнын алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
      Сараптама комиссиясының теріс қорытындысы алынған жағдайда рәміздер жобасы табиғат қорғау мекемесіне пысықтауға қайтарылады. Табиғат қорғау мекемесі ол қайтарылғаннан кейін бір ай мерзім ішінде сараптама комиссиясының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып пысықтауды қамтамасыз етеді және оны қарауға қайта енгізеді.

      7. Бекітілген рәміздер "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес табиғат қорғау мекемесінің тауарлық белгісі ретінде тіркеледі.

  3. Рәміздерді пайдалану

      8. Табиғат қорғау мекемесі рәміздерді бланкілерде, баспа және өзге де ақпараттық және білім беру өнімдерінің барлық түрінде, қызметтер көрсету кезінде пайдаланады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың оны ақылы негізде пайдалануына рұқсат береді.

      9. Жеке және заңды тұлғалардың рәміздерді пайдалануы шартпен ресімделеді.
      Шартта рәміздерді пайдалану шеңбері, тараптардың міндеттемелері, төлемақының мөлшері мен тәртібі (жарнама орналастырғаны үшін біржолғы төлем, тауарлар/қызметтер сатудан жасалатын аударымдар және басқалары), рәміздерді тиісті дәрежеде пайдаланбағаны үшін не тауарлардың/қызметтердің, сондай-ақ олардың жарнамасының мәлімделген сапаға сәйкес келмеуі салдарынан рәміздерді кемсіткені үшін тараптардың жауаптылығы айқындалады. Рәміздердің пайдаланылуы көзделген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, тапсырыс беруші жеке тұлғаның деректері немесе олар шығаратын өнімдердің/көрсететін қызметтерінің тізбесі өзгерген жағдайда шарт қайта ресімделуге жатады.

      10. Рәміздерді сапаның мәлімделген жоғары көрсеткіштері бар экологиялық таза технологиялар бойынша экологиялық таза тамақ өнімін не экологиялық таза өнімдерден/материалдардан жасалған өнім шығаратын не туристік бизнеспен, экологиялық білім берумен және ағартумен байланысты қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар пайдалана алады.
      Рәміздерді олар жарнамалық материалдарда, өнімнің өзінде немесе оның тауарлық жапсырма қағазында, орамасында орналастыруы мүмкін.

      11. Рәміздерді пайдалануға рұқсат алу үшін тапсырыс беруші табиғат қорғау мекемесі әкімшілігінің атына тапсырыс жібереді, онда:
      1) заңды тұлға үшін - оның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекен-жайы, банктік деректемелері;
      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері;
      қызметінің түрі көрсетілген өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының көшірмесі;
      4) жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
      5) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      6) рәміздерді пайдалану мәлімделген, оларға сапа өлшемдері ескертілген өнімдер, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер қамтылады.

      12. Рәміздерді пайдалануға рұқсат алу тапсырысын табиғат қорғау мекемесінің рәміздерді пайдалану жөніндегі комиссиясы ол берілген күннен бастап отыз күн ішінде қарайды.

  4. Рәміздерді заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық

      13. Жеке және заңды тұлғалар рәміздерді заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады