Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 54 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4563 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 554 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.01 N 554 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Ауыл шаруашылығы министрлігі 
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының    
2007 жылғы 9 ақпандағы   
N 54 бұйрығымен      
бекітілген         

  Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануы мақсатында оларды пайдалану тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылады.

      3. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануына белгіленген күзет режиміне байланысты:
      1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды;
      2) қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалануды (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру);
      3) арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаюды жүзеге асыру мақсаттарында жол беріледі.

      4. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

  2. Жеке тұлғалардың заңды тұлға мәртебесі бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы

      5. Жеке тұлғалардың мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік парктер аумағында әуесқойлық (спорттық) аң аулауына және балық аулауына шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында жол беріледі және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік ұлттық парктер аумағындағы реттелмелі туризм және рекреация ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында әуесқойлық (спорттық) аң аулауға жол берілмейді.
      Мемлекеттiк табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергiлiктi халықтың мұқтажы үшiн арнайы бөлiнген учаскелерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен рұқсат етiлетiн әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында балық аулауға жол берілмейді.

      6. N 3487 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 46 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесіне сәйкес Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумағында шөп шабуға және мал жаюға шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана жол беріледі.
      Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында шөп шабуға және мал жаюға жол берілмейді.
      Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында биологиялық сан алуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгін қамтамасыз ету шеңберiндегi мал жаюға және шөп шабуға, сондай-ақ өзге де қызметке жол беріледі.

      7. Қорықтың күзет режимі орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалану (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру) Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Жеке тұлғалардың заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы

      8. Жеке тұлғалардың мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағын пайдалануы:
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортына;
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимі сақталған жағдайда көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жер учаскелерінің нысаналы пайдаланылуына сәйкес айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады