"Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 60 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4571 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 210 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623  қаулысын орындау үшін және автомобиль жолдарын салу мен жөндеу кезінде ауыр салмақты технологиялық көлікті өткізу қажеттілігіне байланысты  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2857 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған 2004 жылғы, N 29-32, 961-құжат; "Ресми газет" 2004 жылғы 4 желтоқсан, N 49 (206) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ "автокөлік құралдарын" деген сөздерден кейін", жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды тасымалдауға тартылған көлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын.

      4-тармақтағы "Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (Е.Х.Сұлтанов)" деген сөз "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Д.Қ.Көтербеков)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Қ.С.Мұстафин" деген сөздер "Қ.Б.Тұрлыханов" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Е.Ж.Қошановқа" деген сөздер "Ә.Қ.Құсайыновқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Д.Қ.Көтербеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 11 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2007 жылғы 11 наурыз

                                      Қазақстан Республикасы Көлік
                                     және коммуникация министрінің
                                        2007 жылғы»7 наурыздағы
                                        N 60 бұйрығына қосымша

                                      "Көктемгі кезеңде Қазақстан
                                      Республикасының республикалық
                                     маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
                                        автомобиль жолдары бойынша
                                   автокөлік құралдарының қозғалысын
                                            ұйымдастыру туралы"
                                       Қазақстан Республикасы Көлік
                                    және коммуникациялар министрінің
                                           2004 жылғы 19 сәуірдегі
                                        N 165-І бұйрығына 2-қосымша

        Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан
        Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
     пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткен
      кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік
                   салмағының ең жоғары жиынтығы

Жеке
ось-
тің
жүк-
теме-
сі,
тонна

Осьтер
арасын-
дағы
қашық-
тық, м

Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің
осьтік салмағының ең үлкен жиынтығы,
тонна

Жүк
автомобиль-
дерінің
осьтік
салмағының
ең үлкен
жиынтығы,
тонна

Екі қосарланған
осьтің

Үш қосарланған
осьтің

Екі қосар-
ланған
осьтің

Екі
қатарлы
доңғалақ-
тар

Бір қатарлы
доңғалақ-
тар

Екі қатарлы
доңғалақ-
тар

Бір қатарлы
доңғалақ-
тар

Екі
қа-
тар-
лы
доң-
ға-
лақ-
тар

Бір
қа-
тар-
лы
доң-
ға-
лақ-
тар

10

До 1,0

12,5

12,0

17,5

16,5

12,0

11,0

1,0-1,3

15,0

14,0

21,0

19,5

14,0

13,0

1,3-1,8

16,5

16,0

24,0

22,5

16,0

15,0

1,8-2,5

18,0

17,5

26,5

24,5

18,0

17,0


8

До 1,0

10

9,0

14,0

13,2

9,6

8,8

1,0-1,3

12,0

11,2

16,8

15,6

11,2

10,4

1,3-1,8

13,2

12,8

19,2

18,0

12,8

12,0

1,8-2,5

14,4

14,0

21,2

19,6

14,4

13,6

      Ескерту: Автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы салмағы осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарының осьтік жүктемелерін жинақтау жолымен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады