Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2857. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 210 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Келісілген:          
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі    
2004 жылғы 17 сәуір     

Келісілген:         
Қазақстан Республикасының  
төтенше жағдайлар жөніндегі 
агенттігінің төрағасы   
 
  2004 жылғы 15 сәуір    

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінің 16-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының алып жүру қабілетін жоғалтуына байланысты бұйырамын:
      1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тікелей тартылған көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында білікке түсетін жүктемесі 8 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеулер енгізілсін
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2010.04.07 N 175 Бұйрығымен.
      2. Қозғалысты уақытша шектеулердің қолданылу мерзімі жыл сайын IV жол-климаттық аймаққа - 23 наурыздан бастап 15 мамырды қоса алғандағы тиісті жылға, V жол-климаттық аймаққа - 1 наурыздан бастап 20 сәуірді қоса алғандағы тиісті жылға белгіленсін (1-қосымша).
      3. Қоса беріліп отырған қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүрген кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдары ось салмағының ең жоғарғы жиынтығы (2-қосымша) бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тиісті жылдың көктемгі кезеңінде автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың назарына, соның ішінде ақпарат құралдары арқылы жеткізуді;
      2) жолдардағы енгізілетін шектеулерге сәйкес уақытша жол белгілерін орнатуды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2007.03.07.  N 60 қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2008.02.18.  N 61 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті оське жүктемесі осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген параметрлерден асатын Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен бөлінбейтін жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаттар беруді қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2007.03.07.  N 60 қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2008.02.18.  N 61 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      6. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Д.Қ.Көтербековке жүктелсін.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2007.03.07.  N 60 қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2008.02.18.  N 61 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

"Көктемгі кезеңде Қазақстан    
Республикасының республикалық   
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы  
автомобиль жолдары бойынша     
автокөлік құралдарының        
қозғалысын ұйымдастыру туралы"  
Қазақстан Республикасы Көлік   
және коммуникациялар министрінің 
2004 жылғы 19 сәуірдегі      
N 165-І бұйрығына        
1-қосымша              

  ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

      1. Ақмола облысы
      2. Ақтөбе облысы
      3. Шығыс Қазақстан облысы
      4. Батыс Қазақстан облысы
      5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)
      6. Қостанай облысы
      7. Павлодар облысы
      8. Солтүстік Қазақстан облысы

V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

      1. Алматы облысы
      2. Атырау облысы
      3. Жамбыл облысы
      4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)
      5. Қызылорда облысы
      6. Маңғыстау облысы
      7. Оңтүстік Қазақстан облысы

                                        Көктемгі кезеңде Қазақстан
                                      Республикасының республикалық
                                     маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
                                        автомобиль жолдары бойынша
                                   автокөлік құралдарының қозғалысын
                                            ұйымдастыру туралы"
                                       Қазақстан Республикасы Көлік
                                    және коммуникациялар министрінің
                                           2004 жылғы 19 сәуірдегі
                                        N 165-І бұйрығына 2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы  N 60 қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

        Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан
        Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
     пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткен
      кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік
                   салмағының ең жоғары жиынтығы

Жеке
ось-
тің
жүк-
теме-
сі,
тонна

Осьтер
арасын-
дағы
қашық-
тық, м

Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің
осьтік салмағының ең үлкен жиынтығы,
тонна

Жүк
автомобиль-
дерінің
осьтік
салмағының
ең үлкен
жиынтығы,
тонна

Екі қосарланған
осьтің

Үш қосарланған
осьтің

Екі қосар-
ланған
осьтің

Екі
қатарлы
доңғалақ-
тар

Бір қатарлы
доңғалақ-
тар

Екі қатарлы
доңғалақ-
тар

Бір қатарлы
доңғалақ-
тар

Екі
қа-
тар-
лы
доң-
ға-
лақ-
тар

Бір
қа-
тар-
лы
доң-
ға-
лақ-
тар

10

До 1,0

12,5

12,0

17,5

16,5

12,0

11,0

1,0-1,3

15,0

14,0

21,0

19,5

14,0

13,0

1,3-1,8

16,5

16,0

24,0

22,5

16,0

15,0

1,8-2,5

18,0

17,5

26,5

24,5

18,0

17,0


8

До 1,0

10

9,0

14,0

13,2

9,6

8,8

1,0-1,3

12,0

11,2

16,8

15,6

11,2

10,4

1,3-1,8

13,2

12,8

19,2

18,0

12,8

12,0

1,8-2,5

14,4

14,0

21,2

19,6

14,4

13,6

      Ескерту: Автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы салмағы осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарының осьтік жүктемелерін жинақтау жолымен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады