"Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 63-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4573 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 33 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009.01.23 N 33 бұйрығымен.

      Ұялы байланыс қызметінде тарифтеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3817 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы N 209-210 "Юридическая газета" және "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерінде 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Ұялы байланыс операторы осы Ережелердің 44-тармағының талаптарын ескере отырып тарифтеу бірлігінің құнын есепке алу және ақы төлеуді белгілей алады. Тарифтеу бірлігінің көлемі 10 секундтан артық болмауы керек.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Е.В.Волкова) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Р.Р. Нұршабековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Web-сайтына орналастырылуы тиіс.

      Төраға міндетін атқарушы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитеті төрағасы
      2007 жылғы 27 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады