Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 ақпандағы N 79 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4586 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шараушылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 179 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шараушылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.29 № 179 Бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулау ережесі бекітілсін.
      2. Нормативтік құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3028 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқтық актілер Бюллетенінде 2005 ж., 14, 72-қ. басылымында жарияланған "Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқой балық аулауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 28 шілдедегі N 153 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

       КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Балық шаруашылығы комитетінің
      төрағасы

       2007 жылғы 27 ақпанда

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрлігі 
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының     
2007 жылғы 27 ақпандағы    
N 79 бұйрығымен бекітілген  

  Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын
жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген
учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулау
ережесі

      1. Осы Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтарда (бұдан әрі - қорықтар) рұқсат етілетін олардың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық балық аулау тәртібін айқындайды.

      2. Қорықтарда әуесқойлық балық аулауды қорықтар әкімшіліктері ұйымдастырады.

      3. Әуесқойлық балық аулау рұқсат етілетін қорықтар өзендері мен көлдерінің арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі, сондай-ақ әуесқойлық балық аулау мерзімі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.
      Балық аулау лимиті биологиялық негіздемеге және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына орай балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      4. Қорықтар әкімшілігі уәкілетті органның бұйрығына орай осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама және түбіртек береді, олар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жолдамалар беру журналында нөмірленіп, тігіліп және қорық әкімшілігінің мөрі басылып тіркеледі.
      Әуесқойлық балық аулауға берілетін жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.
      Жолдама жергілікті атқарушы органдар беретін тұрғылықты жері туралы анықтама және "Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысымен бекітілген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі. Қараныз K080000099

      5. Арнайы бөлінген әуесқойлық балық аулау учаскелері әуесқойлық балық аулау орындары туралы ақпарат бар көрсеткіш белгілермен белгіленеді.

      6. Қорықтар әкімшілігі беретін биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша әуесқойлық балық аулау шектеледі немесе оны өткізу жағдайларының өзгеруіне байланысты тоқтатылады.

      7. Жолдаманың қолданылу мерзімін қорықтар әкімшілігі белгілейді.

      8. Балықшы әуесқойлық балық аулау басталмас бұрын қорықтың бақылау бекетіне қажетті құжаттарды тапсырады.
      Ауланған балық бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдаманың тиісті бағандарын толтырып, қол қойып куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге негіздеме болып табылады.

      9. Әуесқойлық балық аулау кезінде балықшыда:
      1) өзімен бірге әуесқойлық балық аулауға берілген жолдамасы болады;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 бұйрығымен бекітілген, N 4126 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі  ережесінің 12-тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережесін сақтайды.

      10. Әуесқойлық балық аулау кезінде:
      1) жолдаманы басқа адамға беруге, әуесқойлық балық аулау орындары мен мерзімдерін сақтамауға;
      2) моторлы жүзу құралдарын пайдалануға;
      3) ауланған балықты сатуға;
      4) балықтың уылдырық шашуы кезеңінде және әуесқойлық балық аулау үшін белгіленбеген орындарда әуесқойлық балық аулауға;
      5) су бөгеніне оны мұз құрсаған кезеңде автомобиль көлігімен және басқа да механикалық жылжымалы құралдармен келуге;
      6) жаңадан жерсіндірілген балық түрлерін, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген балық түрлерін аулауға;
      7) қыстау ұраларында балық аулауға;
      8) иістенген және ауру балықты жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарын суға және жағалауға тастауға;
      9) қыстау ұраларының, уылдырық шашатын орындардың, балық аулау учаскелерінің және әуесқойлық балық аулауға тыйым салынған орындардың шекарасын көрсететін белгілерді жоюға немесе бүлдіруге;
      10) балықшының әуесқойлық балық аулау учаскелерінде алкогольдік, есірткілік масаю немесе өзге де масаңдану жағдайында жүруіне жол берілмейді.

                                Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет
                              аймағында тұратын жергілікті халықтың
                                қажеттілігі үшін арнайы бөлінген
                              учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық
                                       балық аулау ережесіне
                                              1-қосымша

Қазақстан
Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
ТҮБІРТЕК "__________________
мемлекеттік табиғи
қорығы" ММ Жолдаманың түбіртегі
N____ Кімге берілді_______
____________________
     (Т.А.Ж.) Мөлшері ________ кг.
Балық түрі _______ Құны _________ теңге Су бөгені мен
учаскенің атауы
____________________
____________________ Көлік_______________
____________________
(түрі, маркасы,
мемлекеттік нөмірі) Қолданылу мерзімі
"__" ____ 200__ж.
бастап
 
  "_" ____ 200__ж.
дейін Берілген күні
"__"________ 200_ ж. Жолдаманы алдым,
Ережелермен таныстым
____________________
____________________
(Балықшының Т.А.Ж., қолы)
Жолдаманы берген
____________________   (Т.А.Ж., қолы)
Қазақстан
Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті
ЖОЛДАМА "_________________
мемлекеттік табиғи
қорығы" ММ Жолдама N________ Кімге берілді_____
__________________
     (Т.А.Ж.)
Мөлшері ______ кг.
Балық түрі _______
Құны ________теңге Су бөгені мен
учаскенің атауы
__________________
Көлік_____________
__________________
  (түрі, маркасы,
мемлекеттік нөмірі) Қолданылу мерзімі
"__" ____200__ж.
бастап "__" ____ 200__ж.
дейін Берілген күні
"__"_____ 200_ ж. МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген
меминспектор
_________________
  (Т.А.Ж., қолы) МТҚ аумағынан шығу
кезінде көлікті
тексерген
меминспектор
_________________
(Т.А.Ж., қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ
сыртқы беті

Балық аулау
туралы мәліметтер

Күні_____________
Балық түрі_______
_________________
_________________
Мөлшері(кг)______
_________________
_________________
Жиыны:___________

  Қорықтың
мемлекеттік
инспекторы
_________________
    (Т.А.Ж.)
_________________
     (қолы)
 

                                  Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет
                              аймағында тұратын жергілікті халықтың
                                қажеттілігі үшін арнайы бөлінген
                              учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық
                                       балық аулау ережесіне
                                              2-қосымша

     Мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын
    жергілікті халықтың қажеттілігі үшін арнайы бөлінген
    учаскелерде рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулауға
                  жолдамалар беру журналы

р/
с

Бал.
ық.
шы.
ның
Т.А.Ж.

Ба.
лық
шы.
ның
тұр
ғы.
лық
ты
жері

Жол
дама
бер.
іл.
ген
күн

Жол
да.
ма
нө.
мірі

Жол.
да.
ма.
ның
қол.
да.
нылу мер.
зімі

Су бө.
гені.
мен учас.
ке.
нің
атауы

Ба.
лық
түрі

Мөлшері

Балық
аулау
ды
бақы.
лай.
тын
адам
(Т.А.
Ж.)

Қолдары

да.
на

ки.
лог.
рамм

Жол
дама
бер.
уші.
нің

Жол
дама
алу
шының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады