Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 28 шілдедегі N 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3028. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 ақпандағы N 79 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 ақпандағы  N 79  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  37-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу Ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға      

Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрлігі   
Орман және аңшылық шаруашылығы  
комитеті Төрағасының        
2004 жылғы 28 шілдедегі      
N 153 бұйрығымен бекітілген    
"Мемлекеттік табиғи қорықтарда,  
ерекше бағалы экологиялық жүйелер 
мен объектілерді қамтымайтын    
арнайы бөлінген учаскелерде     
спорттық және әуесқойлық балық   
аулауды ұйымдастыру және өткізу  
Ережесін бекіту туралы"       

  Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше бағалы экологиялық
жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген
учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды
ұйымдастыру және өткізу
Ережесі

      1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын мемлекеттік табиғи қорықтарда (бұдан әрі - қорықтар) жеке тұлғалардың (бұдан әрі - балықшылар) спорттық және әуесқойлық мақсатта балық аулауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      3. Қорықтарда спорттық және әуесқойлық балық аулауды (бұдан әрі - балық аулау) қорықтар әкімшіліктері ұйымдастырады.

      4. Қорықтар өзендері мен су бөгендері учаскелерінің тізбесі осы учаскелерге түсетін рекреациялық жүктемелерді ескере отырып, сондай-ақ балық аулау мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      5. Балық аулау лимиттері мен квоталары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен қорықтар су бөгендерінің балық қорларының табиғи жай-күйі және оларды сақтау жөніндегі биологиялық негіздеменің негізінде заңнамамен белгіленген тәртіппен белгіленеді.

      6. Қорықтар әкімшілігі балық шаруашылығы саласындағы аумақтық органның балық аулауға берген рұқсатының негізінде осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдамалар береді және қорықта спорттық және әуесқойлық балық аулауды өткізуге жолдамалар беру журналында осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес белгілеген нысан бойынша тіркейді.
      Балық аулауға берілетін жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.

      7. Балық аулау үшін арнайы бөлінген учаскелерде көрсеткіштер, аншлагтар орнатылады.

      8. Осы аумақтарда тірі организмдердің мекен ету ортасының өзгеруіне байланысты балық аулау биологиялық негіздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың негізінде қабылданатын қорықтар әкімшілігінің шешімі бойынша немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның нұсқаулығы бойынша шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

      9. Балық аулау белгілі бір уақытқа (белгілі бір учаскелер мен су бөгендеріне) берілген жолдама болған жағдайда бір балықшыға шаққанда бес ілгектен аспайтын мөлшердегі қармақтармен ғана жүзеге асырылады.

      10. Жолдаманың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жолдамада көрсетілген балық көлемі мерзімінен бұрын ауланған жағдайда балықшы балық аулауды одан әрі жалғастыру үшін жаңа жолдама сатып алуы қажет.

      11. Балықшылар балық аулау басталмас бұрын қорықтың бақылау бекетінде тіркеледі. Балық аулау жолдаманың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады. Ауланған балық бақылау бекетінде қорық аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға көрсетіледі, ол жолдама кестесіндегі тиісті бағандарды міндетті түрде толтырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге құқық беретін негіздеме болып табылады.

      12. Ауланған балықтың мөлшерін жолдамаға жеке мақсатта тамақтануға пайдаланылған балықты ескере отырып балықшының өзі жазады.

      13. Балық аулауға берілетін жолдаманың құнына Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жануарлар дүниесін пайдалану үшін ақы төлеу ставкаларын бекіту туралы" 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 429  қаулысымен  бекітілген балық шаруашылығы объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдалану және балық аулауды жүзеге асыруға қорықтарда учаскелер беруге көрсетілетін қызметтер үшін ақы ставкалары енеді.

      14. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды, оның құны өтелмейді.

      15. Балық аулау кезінде балықшыда:
      1) өзімен бірге су бөгенінде жеке куәлігі немесе төлқұжаты, балық аулауға берілген жолдамасы, тұрмыстық таразысы және балықты ұйықтатып тастайтын құрылғысы болады;
      2) ол су бөгенінде және жағалау жиегінде тиісті санитариялық жағдайды сақтайды, олардың ластануы мен былғануына жол бермейді. Қоқысты, бос шыны, металл ыдыстарды және полимерлерден жасалған бұйымдарды, тұрмыстық қалдықтарды балық ауланған орында жерге көміп тастамай, өзімен бірге ала кетеді;
      3) өрт қауіпсіздігі ережесін сақтайды;
      4) түрі мен мөлшеріне тиісті рұқсат болмаған балық, су жануарлары байқамай ауланып қалған жағдайда оларды су бөгеніне қайта босатып жібереді;
      5) жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік бақылаудың арнайы уәкілетті органдары қызметкерлерінің бірінші рет талап етуі бойынша: балық аулауға құқық беретін құжаттарды, пайдаланылатын балық аулау құрал-сайманын, ауланған балықты көрсетеді.

      16. Балық аулау кезінде:
      1) осы су бөгендері үшін жаңа балық түрлері мен су жануарларын жерсіндіруге;
      2) жолдамада көрсетілген мөлшерден тыс балық аулауға, жолдаманы басқа адамға беруге, балық аулау орындары мен мерзімдерін сақтамауға, осы Ережеде көзделмеген аулау құралдарын пайдалануға;
      3) осы уақытта және орында қолданылуына тыйым салынған аулау құралдарымен, сондай-ақ жарылғыш және улы заттармен су бөгенінде немесе оған тікелей жақын маңда болуға;
      4) су бөгендерінде және олармен қатар тұста көлік құралдарын жууға, сондай-ақ су бөгендерінің гидрохимиялық режиміне теріс әсер ететін басқа да іс-әрекеттер жасауға, сулы-сазды жерлердің құстары мен жабайы жануарлар үшін мазалау факторын құруға;
      5) моторлы жүзу құралдарын пайдалануға;
      6) аквалангтар және басқа да дербес тыныс алу приборларын пайдаланып, ұзын баулы найзаларды және найзалы мылтықтарды қолданып балық аулауға;
      7) балық ауланған жерлерде және осы орындарға жақын маңда ауланған балықты сатуға және сатып алуға;
      8) жасанды қармақ, тастанды ау және басқа да өзі аулайтын құралдарды, сондай-ақ аулайтын тор аспаптарын, қақпан атаулыны қолдануға;
      9) балықтың уылдырық шашуы кезінде балық аулауға;
      10) су бөгендері мен аялдау орындарында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейді, жағалаудағы өсімдіктердің сақталуына қамқорлық жасалсын;
      11) су бөгендерінің жағалауына орнатылған көрсеткіштердің, қалқандардың, аншлагтардың және басқа белгілердің бүлінуі мен зақымдануына жол берілмесін.

      17. Осы Ережені бұзуға кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.

      18. Осы Ереженің сақталуына бақылауды қорықтардың әкімшіліктері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                      Ауылшаруашылығы министрлігі
                                    Орман және аңшылық шаруашылығы
                                          комитеті Төрағасының
                                        2004 жылғы 28 шілдедегі
                                      N 153 бұйрығымен бекітілген
                                     мемлекеттік табиғи қорықтарда,
                                   ерекше бағалы экологиялық жүйелер
                                     мен объектілерді қамтымайтын
                                      арнайы бөлінген учаскелерде
                                     спорттық және әуесқойлық балық
                                     аулауды ұйымдастыру және өткізу
                                           Ережесіне 1 Қосымша

     Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрлігі       Ауыл шаруашылығы министрлігі
 Орман және аңшылық шаруашылығы     Орман және аңшылық шаруашылығы
            комитеті                           комитеті

"_________________ мемлекеттік     "___________________ мемлекеттік
табиғи қорығы" мемлекеттік         табиғи қорығы" мемлекеттік
мекемесі                           мекемесі
                                   N ___жолдама Құны ________ теңге
N _________ жолдаманың түбіртегі   с.і. 1) жануарлар дүниесін
Құны ________________ теңге        пайдаланғаны үшін
с.і. 1) жануарлар дүниесін         ___________________ теңге
пайдаланғаны үшін ________ теңге   2) учаске берілгені үшін
2) учаске берілгені үшін           ________________________ теңге
_____________________ теңге        Кімге берілді _________________
Кімге берілді __________________                      (Т.А.Ж.)
                   (Т.А.Ж.)        Су бөгені мен учаскенің атауы__
________________________________   _______________________________
Су бөгені мен учаскенің атауы___   Автомобиль ____________________
________________________________          (маркасы, мемнөмірі)
Автомобиль _____________________   Аулау құралы: 5 ілмектен көп емес
           (маркасы, мемнөмірі)    Аулау нормасы _________________
                                                  (мөлшері кг-мен)
Қолданылу мерзімі                  Қолданылу мерзімі
200__ж. "__"_______________бастап  200__ж. "__"__________бастап
200__ж. "__"_______________ дейін  200__ж. "__"__________ дейін
Берілген күні "__"_______200__ж.   Берілген күні "__"_______200_ж.
Жолдаманы алдым, Ережемен таныстым МТҚ аумағына келіп кірген
________________________________   кезде автомобильді тексерген
(Балықшының Т.А.Ж., қолы)          меминспектор
Жолдаманы берген _______________   _______________________________
(Т.А.Ж., қолы)                             (Т.А.Ж., қолы)
________________________________   МТҚ аумағынан шығар кезде
                                   автомобильді тексерген
                                   меминспектор
                                   _______________________________
                                           (Т.А.Ж., қолы)
                                   МО
                                   "___________ МТҚ" ММ директоры
                                      (Т.А.Ж.)

  Балық аулау туралы мәлімет
_________________________________________
Уақыты| Балық түрі|Саны дана|Мөлшері кг.
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
ЖИЫНЫ
_________________________________________
Балықшының қолы ______________________

Әуесқой балықшыға жаднама

      1. Балықшы өзімен бірге балық аулауға берілген жолдамасын, жеке куәлігін немесе төлқұжатын, тұрмыстық таразыны алып жүруге міндетті. Осының бәрі МТҚ мемлекеттік инспекторының және табиғат қорғау қызметкерлерінің бірінші рет талап етуі бойынша көрсетіледі.
      2. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады.
      3. Күн сайын балық аулау аяқталғаннан кейін әуесқой-балықшы кестенің тиісті бағандарына балық ауланған күнді, ауланған балықтың түрі мен мөлшерін (данамен және килограммен) жазып қояды. Бұл деректердің болмауы Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бұзу болып табылады.
      4. Жоғалған және пайдаланылмаған рұқсат қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды, оның құны өтелмейді.
      5. Аулау орындарында балық сатып алуға және сатуға тыйым салынған.
      6. Осы Ереженің табиғат қорғау режимін бұзған азамат Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен жауаптылықта болады.

Есте сақтаңыздар!

      Сіз жоғары санаттағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүрсіз, сондықтан қорық режимінің барлық талаптарын бұлжытпай сақтауға міндеттісіз.

                                        Қазақстан Республикасы
                                      Ауылшаруашылығы министрлігі
                                    Орман және аңшылық шаруашылығы
                                          комитеті Төрағасының
                                        2004 жылғы 28 шілдедегі
                                      N 153 бұйрығымен бекітілген
                                     мемлекеттік табиғи қорықтарда,
                                   ерекше бағалы экологиялық жүйелер
                                     мен объектілерді қамтымайтын
                                      арнайы бөлінген учаскелерде
                                     спорттық және әуесқойлық балық
                                     аулауды ұйымдастыру және өткізу
                                           Ережесіне 2 Қосымша

        Қорықтарда спорттық және әуесқойлық балық
         аулауды жүргізуге жолдама беру журналы

__________________________________________________________________
 N |Рұқсат|Балықшының|  Төлем  |Жолдаманың|Балықтың|   Саны
р/с| беру | аты-жөні |құжатының|   нөмірі |  түрі  |--------------
   | күні |          | нөмірі  |          |        |  дана |  кг
   |      |          |мен күні |          |        |       |
__________________________________________________________________
  1    2        3          4          5         6      7      8
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Жолдаманың|Балық аулау |Балық аулауды  |Төлеу  |      Қолы
  мерзімі |мекені (ау. |бақылаушы тұлға|сомасы |------------------
          |дан, учаске)|  (аты-жөні)   |(теңге)|Берушінің|Алушының
__________________________________________________________________
      9          10             11          12       13      14
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады