Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 37 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4588 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 131 Қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

       " Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы  1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...
      8. ...

      Төрайым                                   Е.Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2008 жылғы 22 тамыздағы   
    N 131 қаулысының қосымшасы  

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4588 тіркелген).
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4216 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 212 өзгерістер мен толықтырулары бар қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4447 тіркелген, 2006 жылы 13 желтоқсанда N 215 (1195) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Осы аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушы қатысатын өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің мынадай шекті сомаларға тең мәні бар:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4399 тіркелген) 2006 жылғы 12 тамыздағы N 155 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - N 155 қаулы) осы Нұсқаулықтың 14-1-тармағына, инвестициялық тәуекелді алатын сақтандыру ұйымының шарттарына сай есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған ішкі резерв қоры сомасының 4 %-нан;
      2) осы Нұсқаулықтың 14-1-тармағына сәйкес есептелген әкімшілік шығыстарды жабатын қаржы сомасы белгіленген және сақтандыру ұйымы тәуекел алмайтын шарттарға сәйкес есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған, N 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 %-нан;
      3) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекел алмайтын және әкімшілік шығыстарды жабу үшін бөлінген қаржы сомасы белгіленбеген шарттар бойынша осының алдындағы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 %-нан.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Түзету коэффициенті осының алдындағы қаржы жылының соңына ішкі резервтік қордың жалпы сомасына осының алдындағы қаржы жылының соңындағы ішкі резервтік қордағы қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, N 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резервтік қордың сомасына қатысты ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициенті есебі нәтижесінде алынған шек 0,85-тен кем болса, онда есеп үшін 0,85 алынады.";

      16-тармақтың сегізінші абзацындағы "Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескеріп, жүзеге асырылатын" деген сөздер алынып тасталсын;

      26-тармақта:
      1) тармақшаның төртінші абзацындағы "Нұсқаулықтың" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшаның бірінші абзацындағы "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      7) "жылжымайтын мүлік түріндегі" сөздерінен кейін "және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық жылжымайтын мүлік," деген сөздермен толықтырылсын;

      27-тармақтың сегізінші-он бірінші абзацтары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      "27-1. Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің есеп айырысу мәніне қатыссыз ағымдағы есепті айдағы жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі егер уәкілетті орган мынадай фактілерді анықтаған жағдайда орындалмаған болып есептеледі:
      заңды күшіне енген белгіленген сот шешімі бойынша сақтандыру төлемдерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы және/немесе сақтандыру (шарт) ережесімен белгіленген мерзімде не сот шешімінде көрсетілген мерзімде уақтылы жүзеге асырмау;
      сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту және/немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін негізсіз кеміту туралы заңды күшіне енген сот шешімі.";

      28-тармақта:
      2) тармақшада:
      "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      "("Moody's Investors Serviсe" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қалауы бойынша осы сынып бойынша қалыптасқан N 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қорына тең активтерді орналастыруды жүзеге асырады.";

      31-тармақта:
      1) тармақшада:
      бірінші абзацта:
      "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      "Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын;

      екінші абзацындағы "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бір заңды тұлғаның активтерін жиынтықты орналастыру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің жалпы сомасының жиырма пайызынан аспауы тиіс.
      Бір заңды тұлғаның активтерін жиынтықты орналастыру есебіне ақша, салымдар, бағалы қағаздар, "кері Репо" операциялары, капиталдағы инвестиция енгізіледі;";

      2) тармақшадағы "(Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескеріп)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-қосымшадағы 4-тармақтың "Жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі" кестесінің оныншы жолындағы ", Заңның 48-бабымен белгіленген шектеулерді ескеріп жүзеге асырылатын" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-қосымшадағы 5-тармақтың "Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі" кестесінің оныншы жолындағы ", Заңның 48-бабымен белгіленген шектеулерді ескеріп жүзеге асырылатын" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-қосымшада:
      "Cапа және өтімділік және жоғары өтімді активтер бойынша олардың жіктелімін ескергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер есебі" кестесінде:
      2-жолда:
      "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      ("Moody's Investors Serviсe" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) деген сөздерден кейінгі 2-жол ", және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-жолдағы "жылжымайтын мүліктің" деген сөздерден кейін "және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық мүлік" деген сөздермен толықтырылсын,";

      "Бағалы қағаздары барынша жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе "А-" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Serviсe" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес сабақтас банктер резидент еншілес банк болып табылатын Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейдегі банктерінің салымдарындағы (депозиттеріндегі) инвестициялар мөлшерінің есебі - (HД1) - баланс бойынша активтер сомасының 15 %-нен артық емес" кестесінің атауындағы "(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;

      "Барынша жоғары және барынша жоғары санаттан кейінгі санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын, осы банктің банктік конгломератына кіретін Қазақстан Республикасының эмитенттерінің және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің бағалы қағаздарына салынған инвестициялар мөлшерінің есебі -(HД4) - баланс бойынша активтер сомасының 10%-нан артық емес" кестесінен кейін мынадай мазмұндағы кестемен толықтырылсын:
      "Бір заңды тұлғаның активтерін жиынтықты орналастыру есебі - (HД4-1) - баланс бойынша активтер сомасының 20%-нан артық емес

№"N

Заңды тұлғаның атауы*

Баланс
бойынша
активтің
атауы

Баланс
бойынша
сомасы

Баланс
бойынша
активтер
сомасының
%-і

1

2

3

4

5











        * - активтерде мейлінше көп үлесі бар бес заңды тұлға.";

      5-қосымшада:
      8007-жол "жылжымайтын мүлік" деген сөзден кейін "және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық жылжымайтын мүлік" деген сөздермен толықтырылсын";
      жолдан кейін

"8080

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес
4 топқа сай келетін қаржылық сенім.
ділік рейтингі бар Қазақстан Республи.
касының резидент емес қайта сақтандыру
ұйымы (қайта сақтандыру шарты бойынша)
қайта сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйлық ақылары сомасы


 
 
 
 
 

                   ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"8081

Осы Нұсқаулықтың 27-1-тармағының
орындалуы туралы ақпарат***


8082

Бір заңды тұлғаның орналастырылған
активтердің жиынтық сомасы


              ";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "*** - 3-бағана осы Нұсқаулықтың 27-1-тармағының талаптары бұзылған жағдайда "жоқ" деген сөзбен, талаптары орындалған жағдайда "иә" деген сөзбен толтырылады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру рыногы субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған ақпарат жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады