Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Кредиттік бюро қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және 5-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3113 тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 маусым, 109-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 102 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3616 тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережеде:
3-тармақтағы ", оны жазбаша нысанда ресімдейді және жеке танысу мен қол қою үшін оған береді" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға олар туралы ақпаратты беру туралы келісімі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.";
7-тармақ алынып тасталсын;
8 және 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті беруге келісімі осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алуға берген келісімін алғандығы туралы растама кредиттік бюромен анықталған тәртіппен кредиттік бюроға алушымен ұсынылады.
9. Осы Ереженің 6 және 8-тармағында көрсетілген кредиттік тарих субъектілерінің келісімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және құжаттардың сақталу тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес ақпаратты жеткізушілермен және алушылармен сақталуға жатады.
Егер кредиттік тарих субъектісі өзінің келісімінде ол барлық мүмкін дерек көздерінен ақпаратты алуға және (немесе) беруге қатысты екендігін көрсеткен жағдайда, онда осы келісімнің нотариатта куәландырылған көшірмесі соңынан келісім бойынша кредиттік бюроға онымен келіскен мерзімде сондай субъект туралы ақпаратты жинау мүмкіндігі болу үшін ұсынылады.";
1, 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын;
3, 4 және 5-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны кредиттік бюроға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.
Төраға |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 38 қаулысына қосымша "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережесіне 1-қосымша |
Кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы
ақпаратты кредиттік бюроларға беру келісімі
____жылғы "__"_______ жергілікті уақыт ___ сағат __ минут
Жеке тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын
мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)
Заңды тұлға үшін

(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік
тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру
үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)
барлық кредиттік бюроларға
(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро
туралы Заңның 23-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағындағы барлық кредиттік бюроларға жібереді)
немесе
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро
туралы Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы
барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес болса, кредиттік
бюроның атауын көрсетуі керек).
кредиттік бюроға
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ақпарат көз(дер)інің атауын көрсету. Егер ақпарат берудің барлық
мүмкін дерек көздерінен ұсынуға келісім берілген жағдайда бұл
туралы белгі қою қажет),
болып отырған
және болашақта аталған дерек көз(дер)іне келіп түсетін
__________________________________________________________________
(болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім болған жағдайда
қол қойылуы қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім
болмаған жағдайда сызықша қойылуы қажет),
мүліктік сипаттағы оның қаржылық және басқа міндеттемелеріне қатысты
ақпаратты беруге осы келісімді береді
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар
болса), жеке қолы қойылады;
Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды
тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,
сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса
беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы
қойылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға
уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы) жібереді.
"Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережесіне 2-қосымша |
Кредиттік тарих субъектілерінің
кредиттік есепті алушыға кредиттік
есепті беруге келісімі
____жылғы "__"________ жергілікті уақыт ___ сағат ___ минут
Жеке тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын
мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)
Заңды тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік
тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру
үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)
кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа
міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға
түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған ақпаратты алушыға кредиттік
бюродан ашылатындығы жөнінде осы келісімді береді.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар
болса), жеке қолы қойылады;
Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды
тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,
сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса
беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы
қойылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға
уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы).".