"Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 938 оа бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы N 6 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4611 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 25 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 15.04.2019 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 938 оа бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3322 санымен тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі Нұсқаулықта:

      1-тармақтағы "мемлекеттік органдардың" сөзі алынып тасталсын;

      2-тармақ келесі редакцияда берілсін:

      "2. Сұранымдарды қабылдау, есепке алу және орындалуын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда берілсін:

      "2) Сұраным - мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық статистикалық ақпарат беру туралы жазбаша өтініші";

      5-тармақ келесі редакцияда берілсін:

      "5. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына немесе тікелей осы органның басшылығына бағытталған сұранымдар келіп түскен күні кіріс хат-хабар журналында іс жүргізу қызметімен тіркелгеннен соң басшылыққа жіберіледі, ал басшылық оларды қарап, тапсырмалар (бұрыштамалар) дайындайды.";

      6-тармақтағы "лауазымды тұлғаның" сөздерінен кейін келесі мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: ", сондай-ақ егер орган мен лауазымды тұлғаның құзіретіне ондағы қойылған сұрақтардың шешілуі кірмесе, ол үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушіге осы туралы хабарлау арқылы тиісті органдарға жіберілуі немесе қарастырудан бас тарту себептерін көрсету арқылы қайтарылуы қажет";

      8-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      9-тармақтың екінші абзацындағы "он" сөзі "он бес" сөзімен ауыстырылсын;

      келесі редакциядағы 3-1-бөлімімен толықтырылсын:

      "3-1. Статистикалық мәліметтерді беру тәртібі

      16-1. Есептік кезең аяқталғаннан кейін ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне Комитет қылмыстылықтың, прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы, Қазақстан Республикасы тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді қылмыстық қудалаудың барлық органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігіне жібереді.

      16-2. Тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 9 "Статистикалық деректердің жинағы туралы" бұйрығында (әрі қарай -№9 бұйрық) көрсетілген адресаттарға "Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау органдары мен соттар қызметтерінің нәтижелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау жағдайы туралы", "Қазақстан Республикасындағы соттардың жұмысы туралы", "Есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін және улы заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және оларды қолданатын тұлғалар туралы", "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы" статистикалық жинақтар жіберіледі.

      16-3. "Тергеу және анықтау органдары қызметтерінің нәтижелері туралы" статистикалық жинақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының N 9 бұйрықта көрсетілген адресаттарға жартыжылдық және бір жылдық қорытындылары бойынша жіберіледі.

      16-4. Статистикалық мәліметтерді беру жазбаша сұранымның негізінде ақпараттық есепке алу құжаттары есептерінің және деректемелерінің қолда бар көрсеткіштерінің шеңберінде осы Нұсқаулықтың 3-тарауымен белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      16-5. Бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың статистикалық мәліметтерді ұсыну туралы сұранымдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратымен қаралады, ол талап етілетін ақпаратты беру мүмкіндігі және оның шектеулері туралы пікірді білдіреді.

      16-6. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жағдайы туралы есептік мәліметтер Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты арқылы, ал өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жіберіледі.

      16-7. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес туралы статистикалық мәліметтерді беру жөніндегі сұранымдары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен алдын-ала келісу бойынша беруге жатады.

      16-8. Статистикалық мәліметтерді беру туралы сұранымдарға "Әкімшілік процедуралар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес органның бірінші басшысы қол қояды. ҚР Бас прокуратурасы орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің сұранымдарына тиісті Департаменттің бастығы қол қояды.

      16-9. Сұранымда талап етілетін ақпараттың бірлігін көрсету арқылы (қылмыс, қылмыстық іс, тұлға) нақты талап етілетін ақпараттың көрсетілуі, сондай-ақ статистикалық мәліметтер сұралатын кезеңнің нақтылануы қажет.

      16-10. Сұранымдарға берілетін жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде орындалуы қажет.";

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В.Ким).

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады