Құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18554 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 08.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларын іске асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ғ. Нұрдәулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ 25 бұйрығына
1-қосымша

Құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) Log-журнал – қолданушының белгілі бір әрекеттері немесе сервердегі бағдарламалар тіркелетін журнал;

      2) ақпараттық сервис – "Ақпараттық сервис" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      3) Әкімші – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      4) құқықтық статистикалық ақпарат – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері статистикалық мақсатта пайдалану үшін уәкілетті органға беретін мәліметтер;

      5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері (бұдан әрі - субъектілер) – мемлекеттік құқықтық статистика, арнайы есепке алу ісін жүргізу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретін құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар;

      6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аймақтық органдары;

      7) лауазымды адам – билік өкілінің функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адам;

      8) прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттамалық және сілтемелік ақпаратты орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ететін "электронды үкімет" веб-порталының компоненті;

      9) сұрау салу – жеке және қоғамдық сипаттағы қызығушылық білдіретін мәселелер бойынша құқықтық статистикалық ақпарат ұсыну туралы жазбаша нысанды, оның ішінде электронды құжат түріндегі өтініш;

      10) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат.

2-тарау. Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну тәсілі

      3. Құқықтық статистикалық ақпарат мынадай тәсілдермен ұсынылады:

      1) сұрау салу арқылы;

      2) "Электронды үкімет" веб-порталының ашық ақпараттар интернет-порталында орналастыру арқылы;

      3) мемлекеттік органдарға құқықтық статистикалық ақпараттың электрондық жинақтарын жолдау арқылы;

      4) әкімшінің ақпараттық сервиске орналастыруы арқылы;

      5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында (интернет-ресурсында) орналастыру арқылы.

1-параграф. Сұрау салу бойынша құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету

      4. Сұрау салу бойынша ақпарат тегін қамтамасыз етіледі.

      5. Сұрау салу бойынша ақпарат есептің қолда бар көрсеткіштері және ақпараттық есеп құжаттары реквизиттері шегінде қамтамасыз етіледі.

      6. Мемлекеттік органның атынан сұрау салуға оның басшысы, басшыны алмастыратын (осы органда белгіленген тәртіпте қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) немесе осы органның өзге уәкілетті лауазымды адамы қол қояды.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, оларды тіркеу тәртібі, мемлекеттік органның оларды қарау мерзімі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 7 және 8-баптарымен анықталады.

      7. Субъектілер сұрау салуды Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жолдайды.

      Прокуратура органдарына сұрау салу "Қадағалау" Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай ақпараттық талдау жүйесі арқылы жолданады.

      Ауызша сұрау салуларды және байланыстың басқа да арналарынан, хабарлама алу және беру жүйелерін (мессенджерлер) қоса алғанда, келіп түскен сұрау салуларды, қолжетімді ақпарат жүйелерінде және басқа да ашық ақпарат көздерінде бар мәліметтерге сұрау салуларды, ақпараттық есепке алу құжаттарының көшірмелерін (скриншоттарын), құжаттарды және бастапқы есепке алу нысанын беру туралы сұрау салуларды Заңның 9-бабына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қараусыз қалдырады.

      8. Сұрау салуда оның бірлігін көрсете отырып (қылмыс, құқық бұзушылық, қылмыстық іс, тұлға), талап етілетін ақпарат нақты көрсетіледі, сондай-ақ сұралып отырған статистикалық ақпараттардың кезеңі нақтыланады.

2-параграф. Құқықтық статистикалық ақпаратты "электронды үкімет" веб-порталының ашық ақпараттар интернет-порталына орналастыру

      9. Ақпараттық есеп құжаттары, бастапқы есеп құжаттары мен нысандарының көшірмесін (скриншот) беру туралы сұрау салуды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қараусыз қалдырады. "Электронды үкімет" веб-порталының ашық ақпараттар интернет-порталында "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық ақпараттардың интернет-порталында орналастырылатын ашық ақпараттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13343 болып тіркелген, (бұдан әрі – № 22 бұйрық)) құқықтық статистикалық ақпарат орналастырылады.

      10. Сұрау салуды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу, есепке алу және қарауға қойылатын жалпы талаптар Бас Прокурордың ведомстволық құқықтық актілерімен регламенттеледі. Ашық ақпараттардың интернет-порталына мемлекеттік органдар орналастыратын ашық ақпараттарды ұсынудың қағидасы мен нысаны "Мемлекеттік органдар ашық ақпараттардың интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық ақпараттарға жатқызу критерийлерін, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген) бекітілген.

3-параграф. Құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинағын жолдау

      11. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары статистикалық ақпараттарының электрондық жинақтарың (бұдан әрі - жинақ) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдарға жолдайды.

      12. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімінен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта:

      1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдарының және соттар қызметінің нәтижелері туралы;

      2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы;

      3) Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасында оны қолданатын адамдар туралы;

      4) Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы;

      5) Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалау жай-күйі туралы жинақтарды жолдайды.

      13. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімінен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта жинақ нәтижелерін жолдайды.

      Егер мерзімінің соңы жұмыс істемейтін күнге (демалыс, мереке күндеріне) келген жағдайда, онда мерзімнің соңғы күні осы күннен кейінгі келесі жұмыс күні болып саналады.

4-параграф. Құқықтық статистикалық ақпаратты Әкімшінің ақпараттық сервисінде орналастырылуы

      14. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары құқықтық статистикалық ақпаратты Әкімшінің ақпараттық сервисінде тізім бойынша және осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген мерзімде орналастырады.

      15. Интернет пайдаланушылары үшін Әкімшінің ақпараттық сервисіне қолжетімділік "http://qamqor.gov.kz/" электрондық мекенжайы бойынша еркін болып табылады.

      Құқықтық статистикалық ақпарат Әкімшінің ақпараттық сервисінің "Құқықтық статистика" парағында орналастырылады.

      16. Субъектілерге Әкімшінің ақпараттық сервисінде орналастырылған құқықтық статистикалық ақпаратқа қолжетімдік Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы қамтамасыз етіледі.

5-параграф. Құқықтық статистикалық ақпаратты құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында (интернет – ресурсында) орналастыру

      17. Құқықтық статистикалық ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында (интернет-ресурс) "Комитет (Басқарма) қызметі" бөлімінің "Талдау қызметі" қосымша парағында орналастырылады.

      18. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдардың интернет - ресурстарын толықтыру "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет порталында орналастырылатын ашық ақпараттар тізбесін бекіту туралы" № 22 бұйрығына және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13262 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

  Құқықтық статистикалық
ақпаратты қамтамасыз ету
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтары тізбесі

Құқықтық статистикалық ақпараттар жинақтарының атауы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі–ҚР)

ҚР Президент Әкімшілігі

ҚР Конституциялық Кеңесі

ҚР Парламентінің Сенаты

Басшылық

Бас Прокурордың Аппараты

Қызметтер

Құқық қорғау органдары академиясы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Қылмыстық қудалау

Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау

Қоғамдық мүдделерді қорғау

Арнайы прокурор

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау және сот органдары қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1

1

1

1

1

5

1

1

1

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1

1

1


1

5

1

1

1

Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және оны қолданатын адамдар туралы

7

1

1




1

5

1

1


Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы

7

1


1

1

1

1

5

1

1

1

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1



1

1

5

1

1

1

Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы

7

2

1

1

1

1

1

5

1

1

1

      Кестенің жалғасы

ҚР Парламентінің Мәжілісі

ҚР Премьер-Министр Кеңсесі

ҚР Қауіпсіздік кеңесі

ҚР Жоғарғы Соты

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР Ішкі істер министрлігі

ҚР Әділет министрлігі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті

ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметі

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1

1

1

1

1


1




1

1

1

1


1

1

1

1




1

1

1


1

1


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1




  Құқықтық статистикалық
ақпарат қамтамасыз ету
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Әкімшінің ақпараттық сервисінде орналастырылатын құқықтық статистикалық ақпарат тізбесі

Құқықтық статистикалық ақпарат тізбесі

Орналастыру мерзімі

1.

"Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М нысанды есеп

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 5 күніне

2.

"Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелеріне байланысты құқық бұзушылықтар туралы" №1-Н нысанды есеп

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 12 күніне

3.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерін тіркеу және есепке алу туралы" №1-П нысанды есеп

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

4.

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 12 күніне

5.

"Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды есеп

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

6.

"Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы" №1-ӘІ нысанды есеп

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күніне

7.

"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды есеп

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 7 күніне

8.

"Прокурордың қадағалау қызметі туралы" нысанды есеп

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

9.

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы" №1есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

10.

"Азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттардың қарауы туралы" №2 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

11.

"Жеке айыптау істері бойынша соттардың шағымдарды қарауы туралы" №2-Ж есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

12.

"Апелляциялық сатыда қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" № 6 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

13.

"Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" № 7 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

14.

"Сот актілері тағайындалған тұлғалар саны бойынша" № 10 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

15.

"Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар құрамы туралы" № 11 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

16.

"Кәмелетке толмағандарды жауапқа тарту туралы" № 12 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

17.

"Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" № 7-К есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

18.

"Кассациялық сатыда қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" № 6-К есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

19.

"Өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп" №6а есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

20.

"Өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп" № 6Ка нысан

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

21.

"Сот актілерін орындау туралы" № 4 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

22.

"ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстар туралы" № ТМД-3 есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

23.

"Қылмыстылық жағдайы және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы статистикалық ақпарат" № ТМД-1 нысан

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

24.

"Экстремизм және терроризмге қатысты құқық бұзушылықтарды қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы" № 1 –ЭТ есеп нысаны

тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

25.

"Анықтаудан, тергеуден, соттан, сонымен қатар жазасын өтеуден болмаса пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарылған тұлғалар, хабар-ошарсыз жоғалғандар, туған-туыстарымен байланысын жоғалтқандар, атқару өндірісі бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін тағылған талаптар бойынша жауапкерлерді іздеу туралы, алимент өндіріп алу, мертігу және басқа да денсаулықтың зақымдануына, асыраушының қайтыс болуына әкеліп соқтырған зияндарды қайтару туралы, сонымен бірге мәйіттердің және өздері туралы мәлімет бере алмайтын тұлғалардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы" №1-І нысан

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 5 күніне

26.

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы" № 3-К нысан

ай сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 9 күніне

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ 25 бұйрығына
2-қосымша

      Мыналардың:

      1) "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 938 о/а бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелген);

      2) "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 938 о/а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 11 наурыздағы № 6 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген);

      3) "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 938 о/а бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 94 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9811 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 қарашада жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады