Өнеркәсіп үлгісіне патентті беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 54-н.қ. Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4644 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы N 101 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009.08.06 N 101 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Патент заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес және "Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237-ІІІ Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Зияткерлік меншік
құқығы жөніндегі комитеті төрағасының
2007 жылғы 24 сәуірдегі N 54-н.қ.
бұйрығымен бекітілген 

Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге
өтінім жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық

Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының»Патент заңына» (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім жасау және қарау тәртібін айқындайды.

      2. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген және өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
      3) өтінім - өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім;
      4) Париж конвенциясы - кейінгі өзгертулермен және толықтырулармен қоса алғанда, 1893 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;
      5) конвенциялық өтінім - 1893 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген, өтінім;
      6) ӨҮХС - өнеркәсіптік үлгінің халықаралық сыныптамасы.

1-бөлім. Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінімді
жасау және ресімдеу

      1-тарау. Өтінімге қатысты жалпы талаптар

      3. Өтінім өндірістік үлгі бірлігі талаптарын қанағаттандыратын, өзара байланысты, өндірістік үлгінің біреуіне немесе бір тобына қатысты болу керек.

      4. Өтінімді Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын алуға құқылы тұлға береді.

      5. Өнеркәсіптік үлгіге өтінімді беру уақыты, сараптама жасау ұйымына (бар болған жағдайда) аты-жөнін, әкесінің атын немесе өтініш иесінің толық атауы, сипаттамасы және бұйымның суреті (макеті) мазмұндалған өндірістік үлгіге қорғау құжатын алу туралы өтініш, немесе аталған құжаттар бір уақытта берілмесе, соңғы ұсынылған құжаттардың түскен күні бойынша белгіленеді.

      6. Өндірістік үлгіге патент беру туралы өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
      Егер басқа құжаттар өзге тілде ұсынылған болса, өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
      Өзге тілде ұсынылған құжаттар аудармасы сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен екі ай ішінде ұсынылу мүмкін.

      7. Өндірістік үлгіге өтінімде:
      1) өндірістік үлгінің авторларын және патент алушы тұлғаның, сондай-ақ оның тұрғылықты жерін және орналасқан жерін көрсете отырып, патент алу туралы өтініші (3 данада);
      2) өтінілетін үлгі (үлгілер) туралы толық нақты беретін ұсынысы, бұйым (бұйымдар) және макет көріністерін есіне түсіруге қажетті комплектісі (жалпы түрі - 8 дана, қосымша түрі - 2 дана);
      3) оның елеулі белгілерін қамтитын өндірістік үлгінің сипаттамасы 2 данада;
      4) өкіл арқылы істі жүргізу жағдайында сенімхаттың болуы.
      Өндірістік үлгінің өтініміне, белгіленген мөлшерде өтінімді беруіне төлемді растайтын құжат қосымша беріледі, оның мөлшерлерін қысқарту мақсатында растайтын негіздемелері қосыла, өтінім түскен күннен екі ай ішінде немесе өтініммен бірге ұсынылу мүмкін. Тиісті төлем бар болған жағдайда бұл мерзім екі айдан артық емес мерзімге ұзартылу мүмкін.
      Тиісті мерзімде төлем туралы құжаттарды ұсынбаған жағдайда өтінім тапсырылмаған болып танылады.

2-тарау. Өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын
талаптар

      8. Патент беру туралы өтініш осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес N 1-ПО нысаны бойынша ұсынылады.
      Егер қандай да бір мәліметтер тиісті бағандарда толықтай жазылмаған жағдайда, олар өтінімнің қосымша бетінде тиісті бағанға»"Қосымшаға қараңыз" деген ескертпемен көрсетіледі.
      Өтінімнің»"Түскен күні", "Басымдығы" деген бағандары, оның жоғарғы жағында орналасқан 21, 22 кодтарындағы, өтінім келіп түскеннен кейін сараптама ұйымы толтыруға арналған бағандарын өтініш беруші толтырмайды.
      Патент беру туралы өтінім бағанында, патент сұралатынын өтінім беруші туралы мәліметтер келтіріледі:
      жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты оның мекен-жайы немесе заңды тұлғаның толық ресми атауы және оның орналасқан жері;
      егер өтінім берушілер бірнешеу болса, олардың әрқайсысы жөнінде мәліметтер беріледі;
      жеке және заңды тұлғалардың шетелдік атаулары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде транслитерациясымен беріледі. Шетелде тұратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар ДЗМҰ ST. 3 стандарты бойынша елдің кодын көрсетуі тиіс.
      Басымдықты белгілеу туралы өтінішінің бағаны, сараптама жасау ұйымына өтінімнен ертерек, бастапқы басымдықты сұраған кезде толтырылады. Бұл ретте "Х" символымен тиісті тор көздерде сұралатын басымдықтың негіздемесінде (немесе қосымша материалдарды қоса) ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша беру елінің коды және сұралатын басымдық күні, бастапқы өтінім нөмірі мен басымдығы сұралған негіздемесі үшін қойылады;
      егер бірнеше өтінімдер негізінде басымдық сұралғанда, барлық өтінімдердің нөмірлері аталады, қажет болған кезде, сұралатын басымдықтың бірнеше күндері де аталуы мүмкін. Конвенциялық басымдықты сұраған кезде, оның ДЗМҰ ST. 3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі.
      74 бағаны өтініш беруші өкілін тағайындаған жағдайда толтырылады. Бұл бағанда өкіл туралы мәліметтер келтіріледі - тіркелген нөмірі аталған сенімді патент өкілінің аты-жөні мен әкесінің аты немесе басқа да жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы.
      Егер өтініш берушілер бірнешеу болса, өкіл ретінде соның біреуі тағайындалуы мүмкін.
      Өтініштің екінші бетіндегі "Қоса беріліп отырған құжаттардың тізімі" бағаны тиісті торына "Х" белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген құжаттардың әр данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтініш нысанында қарастырылмаған қоса берілетін құжаттардың нақты бағыты көрсетіледі;
      "Патентке өтінім беру және алу құқығы пайда болу негізі" бағанына "Х" белгісін қоюмен патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз белгіленеді. Көрсетілген баған өтінім беруші автор немесе өтінім берушілер бірнешеу болып, олардың құрамы авторлар құрамымен сәйкес келгенде толтырылмайды;
      72 және 97-кодтар астындағы бағандарда автор туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;
      72 және 97-кодты бағандар астындағы баған автор патент беру туралы мәліметтер жарияланымы кезінде өзін осылай атамауды өтінген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты және олардың қолдары келтіріледі;
      97-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінім беруші болып табылса немесе егер автор патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінім берушіге берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады. Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда туыстық қатынастары аталып, күні мен мұрагердің қолы қойылады.
      Өтініштің екінші бетіндегі соңғының алдындағы баған автордың құқықтық мирасқоры өтінім беру құқығын өтінім берушіге берген жағдайда ғана толтырылады. Онда құқықтық мирасқор туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің аты, жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның ресми атауы және орналасқан жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете отырып, құқықтық мирасқор қолын қояды (авторлық құқықтық мирасқоры заңды тұлға болып табылатын жағдайда мәліметке жетекші қолын қояды);
      егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтініштің "Қолы" деген соңғы бағанын күнін көрсете отырып толтыру міндетті. Өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды. Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қолдары қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;
      өтінішке қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа осындай тәртіппен қол қойылады;
      өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс.

      9. Өнеркәсіптік үлгі туралы өнімнің сыртқы келбетін көрсететін фотосуреттер өтінім берілген бейне ақпаратты құрайтын негізгі құжат болып табылады, кескіндемелер құқықтық қорғау көлемін айқындайтын бұйымның айрықша белгілерін анықтауға мүмкіндік береді, оның сыртқы келбеті туралы толық, егжей-тегжейлі түсінік беруі тиіс. Құқықтық қорғау көлемі бұйым фотосуреттердегі айрықша белгілер тізбелерінде ұсынылған белгілерінде бейнеленген белгілермен айқындалады.
      Фотосуреттер нақты және анық болуға тиіс.
      Өнеркәсіптік үлгінің жекелеген бөлшектері фотосуреттерде тек қана жарықта емес, көлеңке жақтарында да жақсы көрінуі тиіс.
      Барлық фотосуреттер жұқа жылтыр қағазда жасалып және ешқандай көзге көрінетін өңдеусіз болу керек.
      Егер бұйым фотосуретпен берілсе, ол біркелкі жарықта бейтарап жағында бөтен заттарсыз түсірілуі тиіс.
      Сараптамаға бұйымның бояу-фактуралық түрі туралы ешқандай түсінік бермейтін, эскиз немесе ақ түсті макеттерден жасалған фотосуреттер қабылданбайды.
      Фотосуреттерде ұсынылған бұйымдар мен макеттерде сөздік және графикалық белгілеулер, тауар таңбасы ретінде тіркелген немесе тиісті стандарттармен жіберілген жағдайда рұқсат етіледі.
      Фотосуреттер, суреттер және көшіру техникаларының көмегімен алынған оның көшірмелері, сондай-ақ компьютерлік сызбаны пайдалана отырып орындалған кескіндемелер бұйым кескіндемелері ұғымын білдіреді.
      Өтінімде бұйымның жалпы түрі алдыңғы, сол жақ, оң жақ, артқы, қажет болған кезде - бұйымның сыртқы келбетінің барлық шешімін жан-жақты түсінуді қамтамасыз ету үшін үстіңгі, астыңғы 3/4 ракурстағы фотосуреті қамтылуы тиіс.
      Бұйым жиынтығы (жинағы) көркем-конструкторлық шешімі жалпы барлық, яғни жиынтыққа (жинаққа) кіретін барлық бұйымдар түрінде ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар жиынтыққа (жинаққа) кіретін әрбір бұйым қосымша жеке фотосуреттермен ұсынылады. Бұйымдар жиынтығы (жинағы) жалпы түрінің бір фотосуретінде толық құрамда ұсынылуы мүмкін болмаған жағдайда, жиынтық (жинақ) үзінділерін жеке фотосуреттерде ұсынуға болады.
      Өтінілетін өнеркәсіп үлгінің әр нұсқасы фотосуреттердің жеке жиынтығымен ұсынылады.
      Жабылатын, жиналатын және құралатын бұйымдар немесе макеттер үшін ашық түрде бұйымдар мен макеттер фотосуреттері қосылады.
      Киімнің көркем-конструкторлық шешімі манекен үстінде толықтай түсіріліп, ал аяқ киім, бас киім, тері галантереялық бұйымдары, бұйымдардың табиғи үлгілердің жеке фотосуреттері түрінде көрсетіледі.
      Киім және аяқ-киімнің көркем-конструкторлық шешімдердің қосымша фотосуреттер демонстраттар арқылы (манекендер мен манекен қыздар) ұсынылады, бұйымдарды әзірлеу негізіне қатысты (өлшемі, толықтығы, бойы) жас тобы және антропометрикалық мәліметтері талаптарына сәйкестендіреді.
      Сурет, құрылым, сызық және пішіннің ерекшелігі туралы толықтай мәлімет беру мақсатында, бұйым фотосуреті ұсынылады, егер фотосуретті ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінілетін көркем-құрылымдық шешімнің ерекшелігін көрсету мақсатында эскиз суреттемесі ұсынылады.
      Өнеркәсіптік үлгінің түрлі-түсті шешімі мәнді белгілердің бірі болып табылғанда, бұйымның жалпы түрінің түрлі-түсті бір кескіндемесі оның слайды немесе түрлі-түсті шешімнің сызбасы қоса берілуі тиіс.
      Барлық фотосуреттер 18х24 см мөлшерде орындалады.
      Мөлшерлері үлкен емес бұйымдар мен макеттері үшін 13х18 немесе 9х12 см мөлшерде фотосуреттері ұсынылу мүмкін.
      Жалпы түрдегі фотосуреттің әр данасының сырт жағында төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:
      Фотосурет нөмірі;
      өнеркәсіптік үлгінің атауы;
      авторлар қолдары, оларды ашып көрсету;
      өтініш берушінің атауы.
      Басқа түрлі фотосуреттер сырт жағында кезекпен төмендегілер көрсетіледі:
      Фотосуреті нөмірі "қырынан", "алдынан" және т.б;
      өнеркәсіптік үлгінің атауы.
      Прототип фотосуретінің сырт жағында фотосурет нөмірі бұйым атауы, прототип-анықтамасы көрсетіледі.
      Фотосуреттер мынадай тәртіппен нөмірленеді - жалпы түрі, басқа да түрлері, түсті фотосуреті, прототип фотосуреті. Бір түрлі фотосурет бірдей нөмірленеді. Фотосуреттер жиынтығы жеке конвертке салынады.

      10. Өнеркәсіптік үлгінің суреттемесі сөздік түрде бұйымның сыртқы түрін сипаттау керек.
      Суреттемеде терминология бірлігін сақтай отырып, ғылыми-техникалық әдебиеттерде жалпы қабылданған терминдер қолданылады.
      Суреттеме өнеркәсіптік үлгінің атауынан, сондай-ақ ӨҮХС индексінен басталып және төмендегідей салалардан тұрады:
      өнеркәсіптік үлгіні қолдану аясы мен оны белгілеу;
      өнеркәсіптік үлгінің үйлес нұсқасы;
      өнеркәсіптік үлгіні суреттейтін ұсынылған басқа да материалдар мен кескіндемелердің тізбесі;
      өнеркәсіптік үлгінің мәні;
      өнеркәсіптік үлгіні қат-қабат жаңғырту мүмкіндігі;
      өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілердің тізбесі.
      Жекеше түрде қолданбайтын атаулардан басқа, жекеше түрде мазмұндалатын және өнеркәсіптік үлгінің атауы оның белгілемесін сипаттайды. Жаңа немесе аз танымал белгілеудегі өнеркәсіптік үлгінің атауы оның қолдану аясын мазмұндайды. Егер өтінімде өнеркәсіптік үлгінің нұсқалары мазмұндалса, атауынан соң жақшаларда нұсқалар саны көрсетіледі. Өнеркәсіптік үлгінің атауы, тауар таңбаларына үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын, арнайы немесе жалқы болу мүмкін.
      "Өнеркәсіптік үлгінің қолдану аясы мен оны белгілеу" суреттеме бөлімінде өтінілетін өнеркәсіптік үлгіні қолдану аясы, оны белгілеу туралы мәліметтері көрсетіледі.
      "Өнеркәсіптік үлгі үйлес нұсқалары" бөлімінде өтінілетін үлгіге біршама жақын үйлес нұсқаны көрсете отырып, анықталған үйлес нұсқаның сипаттамасы көрсетіледі, сондай-ақ келтірілген үйлес нұсқаларды мазмұндайтын ақпарат деректердің библиографиялық мәліметтері келтіріледі.
      Өнеркәсіптік үлгінің үйлес нұсқаларына басымдық күніне дейін өтінім беріліп отырған өнеркәсіптік үлгімен қызметтік мақсаты бір, жалпыға қол жетерліктей болған мәліметтерден белгілі елеулі белгілерімен ұқсас бұйымның конструкторлық-көркемдік шешімдері жатады.
      Ең жақын үйлес нұсқа - ол өтінім беріліп отырған өнеркәсіптік үлгімен елеулі белгілері бойынша неғұрлым ұқсас нұсқа.
      Өтінімде өнеркәсіптік үлгілердің нұсқалары болған жағдайда әрқайсысына ең жақын үйлес нұсқаны көрсетуге болады;
      Өнеркәсіптік үлгінің кескіндемелер тізбесі нөмірлеріне сәйкес, фотосуреттер, суреттер, сызбалар мен слайдтардың әрқайсысында кескіндеменің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

      11. "Өнеркәсіптік үлгінің мәні" бөлімінде оның елеулі белгілері өтінім берілген өнеркәсіптік үлгіні неғұрлым жақын үйлес нұсқадан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілер бұйымның эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін аша отырып көрсетіледі. Бұл бөлімде өнеркәсіптік үлгінің басымдылығын күнделікті пайдалану ерекшеліктерін, бұйым сапаларын және т.б. жақсарту бөлігінде белгілі шешімдерді салыстыру бойынша келтіруге болады. Суреттемеде ұсынылған фотосуреттер мен суреттерге сілтеме жасалады. Өнеркәсіптік ұйымның нұсқаларын сипаттау кезінде сондай-ақ бір нұсқаны екінші нұсқадан ажырату белгілері көрсетіледі. Осы бөлімде бұйымның сыртқы әлпетін қалыптастыратын маңызды сипаттардың әсер етуі және бұйымның эстетикалық ерекшеліктері көрсетіледі.
      Бұл бөлімде бұйымның сыртқы әлпетіне байланысты ерекшеліктерімен ерекшеленген қасиеттері де көрсетілу мүмкін.
      Жиынтықты (жинақты) сипаттау кезінде оның құрамына кіретін барлық бұйымдар форма жасаудың бірыңғай пластикалық және стилистикалық қағидатын пайдалану арқылы орындалауы тиіс.
      Өнеркәсіптік үлгінің мәнін ашуда оны жүзеге асыруда әртүрлі қалыптарды суреттейтін балама түсініктер түрі ретінде белгісін көрсетуге болмайды.
      Белгіні жүзеге асырудың әртүрлі қалыптарының бар болуында, жоғарыда аталған қалыптардың бірін суреттейтін өнеркәсіптік үлгінің нұсқаларына өтінім беруге болады.
      "Өнеркәсіптік үлгіні қат-қабат жаңғырту мүмкіндігі" сипаттама бөлімінде өнеркәсіптік үлгіні қат-қабат нақты жаңғырту мүмкіндігін растайтын, технология, қолданатын құрал-жабдық және материалдар туралы мәліметтер келтіріледі.
      Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілер тізбесі кескіндемелерде бейнеленген өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілері жиынтығын түсіндіру үшін арналған, сонымен қатар бұл оның құқықтық қорғау көлемін белгілейді.
      Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілерінің тізбесіне, бұйымның статикалық жағдайдағы сыртқы әлпетін сипаттайтын, өнеркәсіптік үлгіні мәнін ашуға қарағанда барынша қысқаша айтылатын және мәнді болып табылатын барлық белгілер жатады. Бұйымның сыртқы әлпетін сипаттағанда оны трансформациялау, нысан элементтерінің ережелерін өзгерту мүмкіндігін көрсетуге жол беріледі.
      Тізбедегі белгілердің тұжырымы, өзі сипатталатын, маманмен түсініктердің мәнді мазмұнын біркелкі түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      Өнеркәсіптік үлгінің нұсқалары өтінімінде елеулі белгілер тізбесі бар жағдайында, аталған нұсқаға қатысты келтірілген мәнді белгілер, өнеркәсіптік үлгінің мәнін сипаттайтын белгілер нұсқаларына жалпы және сондай-ақ текті түсінігі мазмұндалатын бөлігі ретінде сипатталады.
      Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілер тізбесі суреттеме құрамындағы жеке парақта ұсынылады.
      Көпблокты композициялы бұйымдардың көркем-конструкторлық шешімін сипаттау үшін: композициялық элементтер құрамы және оларды орналастыру, олардың пластикалық, графикалық, түсті және фактуралық шешімі сияқты белгілері пайдаланылады.
      Күрделі композициялы көркем-конструкторлық шешімдердің бұйымдары үшін: композициялық элементтердің бар болуы, олардың өзара орналасуы, сол композициялық элементтерді орындау қалпы сияқты белгілері пайдаланылады.
      Жазық сүйекті композициялы көркем-конструкторлық шешімдердің бұйымдары үшін: оюлар элементтерінің сызба-графикалық қатысы, колористикалық қалпы сияқты белгілері пайдаланылады.
      Киімдердің көркем-конструкторлық шешімдердің бұйымдары үшін: силуэт, оның қалпы және детальдары, сәндік әрлеу, фурнитура және мата сияқты белгілері пайдаланылады.
      Аяқ-киімдер көркем-конструкторлық шешімдердің бұйымдары үшін: қалып қалыптастыратын колодкалар, олардың қалпы және бірдей орналасуы, материалы, әрлеу, фурнитура мен түсі сияқты белгілері пайдаланылады.

      12. Өтінімдер құжаттары мықты, ақ, тегіс және жылтыр емес қағазда жасалады.
      Өтінімнің әр құжатына жеке парақтан басталады. Парақтар форматы 210х297 мм болады.
      Суреттемесі мазмұндалатын парақтар жақтарының кіші мөлшері, мм:
      Бірінші парақтың жоғарғы жағы - 60
      Қалғандары - 20
      Оң жақ төменгісі - 20
      Сол жағы - 25
      Сызбалары бар, парақтардың кіші мөлшері, мм:
      Жоғарғы жағы - 25
      Сол жағы - 25
      Он жағы - 15
      Төменгі жағы - 10.
      Фотосуреттер форматы жоғарыда аталған парақтардың белгіленген мөлшерінен аспауы керек. Кіші форматты фотосуреттер, парақ сапасы мен форматқа қойылған талаптарға сәйкес, парақтарға желімделіп ұсынылады.
      Өтінімнің екінші парағынан бастап және келесі парақтары араб цифрларымен нөмірленеді.

      13. Құжаттар қара түсті шрифтімен басылады.
      Мәтіндер бастапқы әріптері 2,1 мм аспайтын биіктікте екі интервалдан соң басылады.
      Графикалық символдар, латын атаулары, латын және грек әріптері, математикалық және химикалық формулалар немесе символдар сия, паста немесе қара түсті тушьпен жазылу мүмкін. Формулаларды баспа түрінде және қолдан аралас жазуға болмайды.

      14. Мәтінде ғылымда және техникалық әдебиеттерде жалпы қолданбалы терминдер пайдаланылады.
      Әртүрлі қысқарған сөздерді қолдануға жол берілмейді.
      Бұйымдар немесе заттар марка, тип және сериялардың шартты белгілерінің мағынасын ашу керек.

      15. Ақпарат деректерінің библиографиялық мәліметтері, ақпарат көздерін табуға болатындай көрсетіледі.

      16. Сызбалар қара өшірілмейтін сызықтар және нақты штрихтармен жасалады.
      Графикалық кескіндемелер масштабы мен нақтылығы, 2/3 дейінгі сызбалық қысқартуларды көшіргенде барлық белгілерді ажыратып алуға мүмкіндігі болатындай.

3 тарау. Өтінімнің басқа да материалдары

      17. Егер бұйым сәндік материалға, мата, кілемдерге жататын, бұйымның құрылысы, фактурасы және колористикалық шешімі туралы түсінік беретін, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына өнеркәсіптік үлгіге өтінімді бергенде, өнеркәсіптік үлгіні суреттеуден басқа, сурет рапорттының мөлшерінде (400х500 мм үлкен емес) бұйымның фрагменті ұсынылады.

      18. Өнеркәсіптік үлгінің өтініміне конвенциялық басымдығы сұралған жағдайда, Париж конвенциясына қатысушы басқа елге ерте берілген расталған өтінім көшірмесі және олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.

      19. Баж мөлшерін азайту немесе төлемнен босатылған негіздемесін растайтын құжат.

      20. Өнеркәсіптік үлгіге жататын, ақпаратты бұқаралық ашу орны мен күнін растайтын, құжат.

      21. Өтінімді шетел өтінім берушілері бергенде, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады.
      Аталған құжаттар өнеркәсіптік үлгіге өтінімді тапсырғанда немесе өнеркәсіптік үлгіге өтінімді берген соң, өтінім тапсырған күннен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынылу тиіс.

      22. Бұл тарауда аталған материалдар бір данада ұсынылады.

4 тарау. Қосымша материалдар

      23. Сараптама жүргізу кезеңінде өтінім беруші өз еркімен немесе сараптаманың сұранысы бойынша елеулі белгілерге өзгерістер енгізбей-ақ, өнеркәсіптік үлгі өтінімінің материалдарын толықтыруға, нақтылауға және өзгертуге құқығы бар.

      24. Өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің маңызын өзгертпейтін, қосымша материалдар өтінімнің бастапқы материалдарына қосылады.

      25. Егер өтініш берушіден қабылданған қосымша материалдар өтінімнің елеулі белгілердің бірізділігін өзгертетін болса, бұл жағдайда қосымша материалдар өтініш берушіге өнеркәсіптік үлгіге жеке өтінімді ресімдеу үшін қайтарылады.
      Сондай-ақ, егер өтінім Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымының ескертуді алған күнінен үш ай мерзім ішінде жіберілсе, оның басымдығы бірінші өтінім түскен күні бойынша белгіленеді.

      26. Тапсырылған өтінімнің құжаттары талаптарға сай келмеген жағдайда, өтінім берушіге оны жіберген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды ұсынуды өтінетін сұрау жіберіледі.
      Егер өтінім беруші көрсетілген мерзімде сұралған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтінішті ұсынбаса, өтінім кері қайтарылып алынған деп танылады.

2 бөлім. Өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы
өтінімін қарау

5 тарау. Өтінімді формалды сараптау

      27. Өтініммен түскен материалдарын тіркеу:
      1) сараптама жасау ұйымына түскен өтінім материалдарына тиісті нөмір мен түскен күнін көрсетуін тіркеу, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің кескіндемесімен өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы өтінімі бар болған жағдайда жүргізіледі. Патент беру туралы немесе өтінілетін үлгінің кескіндемесі мазмұндалмайтын құжаттар тіркелмей және оны ұсынған тұлғаға қайтарылып беріледі. Құжаттарды қарауға қабылданған факті туралы өтінім берушіге өтінімнің тіркеу нөмірі мен құжаттың түскен күні туралы ескерту қағазы жіберіледі;
      2) құжаттар басқа тілде тапсырылып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілмесе, сараптама жасау ұйымы екі ай ішінде немесе одан кейінгі мерзімде, төлемді растайтын құжатты ұсынуымен, өтініш берушіні аударманы ұсынуын қажеттілігі туралы ескертеді.
      Белгіленген мерзімде құжаттары ұсынылмаған жағдайда, өтінім тапсырылмаған деп танылады.
      Өтінімнің тіркелген материалдары қайтарылмайды. Өтінім туралы мәліметтері, сараптама жасау ұйымына түскен кезден оның ресми бюллетенде жариялануына дейін заңсыз және құпиялы болып танылады.
      Өтінім бойынша шығыс құжаттарын сараптама жасау ұйымы, өтінім берушімен аталған, хат алмасу мекен-жайына жіберіледі.
      Сараптама жасау ұйымына тапсырылған өтінімнің расталған көшірмесі тиісті төлем туралы құжаттың бар болған жағдайында шетелде патенттілеу мақсатында өтінім берушінің өтініші негізінде жасалу мүмкін.

      28. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсіптік үлгіге патентті беру туралы өтінішке күні қойылған соң формалды сараптаманы жүргізеді.
      1) формалды сараптама жүргізілген кезде төмендегілер тексеріледі:
      өтінімде қамтылуға немесе Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген қосымша берілуі тиісті құжаттардың бар болуы;
      белгіленген мөлшерде жүргізілген төлемдердің сәйкестігі;
      патенттік сенімді өкілдер өкілеттілігін куәландыратын, сенімхаттың ресімделуінің дұрыстығын және тексерістің бар болуын қоса алғанда, Заңның 36-бабының 2-тармағында көзделген өтінімді беру тәртібін сақтау;
      өнеркәсіптік үлгі бірлік талаптарын сақтау;
      ұсынылған қосымша материалдары өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің маңызын өзгертуі;
      ӨҮХС бойынша өтініш берушінің өнеркәсіптік үлгіні дұрыс сыныптауы;
      ерте түскен басымдықтың сұралу негіздемесі;
      2) өтінімнің түзетілген және жоқ материалдарға сұраныс.
      Өнеркәсіптік үлгіге өтінім бойынша, құжаттардың талаптары бұзылып рәсімделген жағдайда, өтінім берушіге ұсыныс жіберілген күннен бастап үш ай ішінде түзетілген және жетіспейтін құжаттарды ұсыну ұсынысы жіберіледі.
      Сауал негіздері мыналар болып табылады:
      осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген өтінімде құжаттардың біреуі жоқ болған жағдайда;
      өкілге сенімхатты ресімдеуде талаптарды бұзу;
      патент беру туралы өтінішінде қажетті мәліметтер, сондай-ақ мөр оттискі мен қолдары жоқтығы, сонымен өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттілігі;
      төлемге қатысты мәселелерді шешу қажеттілігі;
      репродукциялауға кедергі келтіретін, құжаттарды ресімдеуде кемшіліктерді анықтау (өтінім материалдарын оқу қиындығы, баспа сапасы, жолдар мөлшері, парақтар форматының талаптары бұзылғанда);
      өтінім құжаттарының сәйкес келмеуі;
      қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғалар құқықтарының бұзылу мүмкіндігімен байланысты, мәселелерді шешу қажеттілігі;
      өтінімде жалпы жеткілікті болып табылмайтын сілтемелер, сондай-ақ басқа да мәліметтерді жариялауға мүмкін емес мәліметтердің бар болуы (патент туралы мәліметтерді жариялымда аталғысы келмейтін, авторлар туралы мәліметтерден басқа);
      өтінімде сұралатын алдыңғы басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі;
      өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің маңызын талдаусыз белгіленетін, өтінімдер құжаттарына осы Нұсқаулықтың басқа да талаптарын бұзушылықтардың бар болуы;
      3) өтінім мәнін сыныптау:
      Өнеркәсіптік үлгі мәнін сыныптау ӨҮХС-ке сәйкес өтінім мәнін бір да бір қолдану саласына қатыстыру мақсатында жасалады.
      Сыныптау кезінде, сыныптама индексін таңдауда негіз болып, оны кескіндемесі, суреттемесі, сондай-ақ өтінімде бар сызбалар болып табылады.
      Формалды сұралатын сараптама кезінде белгіленген сыныптама индекстері маңызы бойынша өтінімді сараптау процессінде өзгерілу мүмкін;
      4) белгіленген талаптарға өтінім мен қосымша материалдарының сәйкес келмеу туралы ескерту.
      Өтінілетін өнеркәсіптік үлгі маңызы талдаусыз өтінімді қарау нәтижесінде, өтінім өнеркәсіптік үлгі бірлігінің талаптары бұзылуы анықталғанда, өтінім берушіге тиісті ескерту жіберілген соң үш айлық мерзім ішінде, қай өнеркәсіптік үлгісі қаралуын, қажетінше, өтінім құжаттарына нақтылауды енгізсін.
      Егер өтінім беруші бірлік талаптарын бұзу туралы ескерту берілген үш ай мерзім ішінде, қай өнеркәсіптік үлгіні қарауын қажет, және нақтылау қағаздарын ұсынбаған жағдайда, суреттемеде бірінші болып көрсетілген нысанының қаралуы жүргізіледі.
      Егер өтінімде барлық қажетті құжаттары болып және оған қойылған барлық талаптары сақталған жағдайда, өтінім берушіге формалды сараптаманың оң нәтижесі және өтінімді беру мерзімі туралы хабарланады.
      Егер қосымша материалдар жалпылай және/немесе жекелей өнеркәсіптік үлгі маңызын өзгертетін болса және/немесе осы Нұсқаулықпен қаралған талаптарға сай ұсынылмаған жағдайда, өтінім беруші сараптама барысында бұл мәліметтер жалпылай және жекелей назарға қабылданбайтыны туралы хабарланады.

6 тарау. Өтінім мәні бойынша сараптау

      29. Сараптама жасау ұйымы формалды сараптаманың оң нәтижесінен соң өтінімнің мәні бойынша сараптаманы жүргізеді.
      Мәні бойынша сараптамада:
      Заңның 20 бабының 1-7 тармақтарына сәйкес, сұралатын жағдайда, өнеркәсіптік үлгінің басымдығы белгіленеді;
      өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын, нысандарға өтінілетін ұсынысты қатыстыру мүмкіндігі белгіленеді;
      көркем-конструкторлық шешімнің деңгейін анықтауда өтінілетін өнеркәсіптік үлгіге қатысты ақпараттық ізденіс жүргізіледі;
      ақпараттық ізденістің нәтижелері негізінде патент қабілеттілігі жағдайларына өтінілетін шешімге сәйкестікке тексерісті жүзеге асырады.
      өтінім беруші сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күнінен ерте берілген сұралған басымдық бойынша, Заңның 20-бабы 2, 6-тармақтарында аталған талаптардың сақталуы тексеріледі.
      Заңның 24-бабына сәйкес мәні бойынша өтінімге сараптама жүргізгенде, өнеркәсіптік үлгіні өнеркәсіпте пайдаланылуына, жаңалығы мен ерекшелігіне патент қабілеттілігіне тексерісті жүзеге асырады.
      1) Өнеркәсіптік пайдаланылуына тексеру өнеркәсіптік үлгіні көп қабатты жұмсау мүмкіндігін, өтінімде ашылмаған әдістер мен тәсілдер және басымдық күніне белгісіз немесе бірегейін пайдаланусыз, өнеркәсіптік үлгінің мәнді белгілер тізбесінде және кескіндемеде суреттелген жиынтығымен сипатталатын, сыртқы түрімен, аталған маңызда бұйымды дайындау және аталған нысанда бұйымды дайындау мақсатында жүргізіледі.
      Өнеркәсіптік үлгінің басымдық күніне барлық талаптардың сақталуы анықталған жағдайында, өтінілген өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік пайдалану жағдайына сәйкес деп танылады. Талаптардың біреуі сақталмаған жағдайында өтінілген өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік пайдалану жағдайына сәйкес келмегені туралы қорытынды шығарылады. Бұл жағдайда, өтінім берушіге өтінімді түзету және/немесе материалдармен толықтыруға тиісті дәлелдемелер мен ұсыныстарын айту жөнінде сұраныс жіберіледі.
      Өтінілген өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік пайдалану жағдайына сәйкес келмеген өнеркәсіптік үлгіге қатысты жаңалық пен ерекшелікке тексеріс жүргізілмейді.
      2) Жаңалықты тексеру:
      Жаңалықты тексеру Заңның 8-бабы 1-тармағына сәйкес жүргізіледі, өнеркәсіптік үлгі жаңа екені, өнеркәсіптік үлгі кескіндемесінде және маңызды белгілер тізбесінде келтірілген, оның маңызды белгілер жиынтығы өнеркәсіптік үлгінің басымдық күніне дейін дүниежүзілікте жалпыға жеткілікті мәліметтерден мәлім болмаған жағдайында жаңа болып танылады.
      Жалпыға жеткілікті мәліметтер деп, әрбір тұлға таныса алатын ақпарат көзі танылады.
      Жоғарыда аталған мәліметтерді жалпыға жеткілікті қатыстыру мүмкіндігін анықтайтын күні:
      өнеркәсіптік үлгі туралы мәліметтерді жариялау күні - оларды жариялау күні;
      баспаларға басуға қол қойылу күні жазылған - аталған күні;
      басқа да баспаларға - жарыққа шығу күні немесе ол анықталмаған жағдайында, баспада аталған жылғы айдың соңғы күні;
      мақала, шолу, монография және басқа да материалдар қол жазбаларын депондылау - депондылау күні;
      ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибе-конструкторлық және басқа жа жұмыстар түсіндірме қағаздары, технологиялық және жобалық құжаттар туралы есептерге - органдарға түскен күні;
      нормативті-техникалық құжаттар үшін - оның уәкілетті органда тіркелу күні;
      қолжазба құқығында басылған, диссертациялар авторефераттары мен диссертациялар материалдары үшін - олардың кітапханаға түсу күні;
      көрмеге қойылған экспонаттар үшін - оларды көрсетуге құжатпен расталатын күні;
      теледидар бойынша хабарлама үшін - сол хабарламаның күні, егер ол ақпараттың тиістінше тіркелген күні.
      Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын белгілеуде, төмендегідей жағдайлар сақталған, басымдығы ерте өтінімі де саналады:
      Қазақстан Республикасына берілген өтінім (Қазақстан Республикасы патенттері немесе алдын-ала патенттерді алу туралы өтініші белгіленген тәртіпте берілген куәліктер немесе ҚСРО патенттерін алу өтінімдері);
      Басқа тұлғамен берілген өтінім (өтініш берушілер құрамы осы өтінім берушілер құрамынан ерекшеленеді);
      Өтінім кері қайтарылып алынбаса, кері қайтарып алынбаған деп саналады (Қазақстан Республикасында халықаралық өтінімнің қолданысы тоқтатылмаған).
      Кескіндеме және суреті бар өтінім, өтінімнің түскен күніне сол өтінімдегі кескіндеме және суреттерге қатысты саналады. Егер түскен күні, қаралатын өтінім басымдығының күнінен кеш болса, басымдықты белгілеуге негіздеме болған, материалдардың мазмұнымен сәйкесетін, басымдықтың ерте өтінімі мазмұн бөлігімен, ақпарат көздерінің сандарына қосылады (бірінші өтінім, ерте берілген өтінім, ерте берілген өтінімнің қосымша материалдары).
      Өнеркәсіптік үлгі, егер ақпарат көздерінде өнеркәсіптік үлгінің мәнді белгілер тізбесінде сипатталған, қаралатын өтінімдерге кескіндемелерде ұсынылған, барлық белгілерге ұқсас, тән, көркем-конструкторлық шешімі туралы мәліметтер анықталған жағдайда, жаңалық жағдайына тиісті деп саналмайды.
      Қаралатын өнеркәсіптік үлгі мәліметтері туралы, ақпарат көзі ретінде басымдығы ерте өтінім болып табылған жағдайда, өтінім шақырылып алынбаған немесе шақырылып алынған болып есептеледі.
      Егер өтінім уақытында шақырылып алынбаса немесе шақырылып алу мерзімі өтпеген жағдайда, қаралатын өнеркәсіптік үлгі өтінім берушіге, оның мазмұны ашылмай және өтінім берушісі аталмай cондай өтінім бар екені туралы хабарланады және басымдық өтінім бойынша анықтамалықты анықтағанша өтінімді қарастыру мүмкіндігі кешіктіріледі.
      Егер өтінім беруші өтінімді қарастыруды кешіктіру жағдайымен келіспеген жағдайда, өтінілген өнеркәсіптік үлгі жаңалық жағдайына сәйкес емес деп есептеледі.
      Өнеркәсіптік үлгі жаңалығының жоқтығы анықталғанда, өтінім берушіге өтінім материалдары негізінде түзетілген өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілер тізбесін ұсыну туралы сұраныс жіберіледі.
      Жаңалық жағдайы сәйкес емес өнеркәсіптік үлгілерді ерекшелігіне тексеріс жүргізіледі.
      3) Ерекшелікке тексеріс.
      Өнеркәсіптік үлгіні ерекшелікке тексеру Заңның 8-бабы 1-тармағының негізінде жүргізіледі және:
      жақын ұқсастықты анықтау;
      өтінілетін өнеркәсіптік үлгіні жақын аналогтан айыру, елеулі белгілерді анықтауын енгізеді (айырықша белгілер);
      өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің айыру белгілерімен сәйкес келетін, белгілері бар, көркем-конструкторлық шешімдер басымдығының күніне дейін әлемде жалпы жеткілікті мәліметтерді анықтау;
      өнеркәсіптік үлгі ерекшелік жағдайына сәйкес деп, тізбеге енгізілген белгілер бойынша мәнді белгілер үшін көркем-конструкторлық шешімдер анықталмаған жағдайда танылады.
      Өнеркәсіптік үлгі жаңалық жағдайына тиісті деп, егер оның барлық елеулі ерекше белгілеріне, сол белгілері бар, көркем-конструкторлық шешімдер анықталған жағдайына, сондай-ақ анықталған көркем-конструкторлық шешімдерге тән емес, бұл белгілер қаралатын өнеркәсіптік үлгінің эстетикалық ерекшеліктерін баршылығын қамтамасыз етеді.
      Бұйымдарға қатысты, өнеркәсіптік үлгі жаңалық жағдайына сәйкес емес деп танылады:
      сол бұйымның эстетикалық ерекшеліктеріне ықпалы расталмаған, мәнді белгілер тізбесіне өтінім берушімен енгізілген белгілермен ғана жақын аналогтан айрылатын;
      танымалдармен салыстыру бойынша бұйымдардың түсі өзгерсе (бірақ колористикалық шешімі емес) немесе элементтер саны көбейтіліп, мөлшерлер өзгергенде;
      жеке алынған қарапайым геометрикалық көлем немесе жеке алынған қарапайым геометрикалық фигура түрінде;
      басқа техникалық негізде орындалған, тиісті маңыздағы бұйымдарға қатысты, қалпын қайталағанда;
      сыртқы пішіні танымал нысандардан қайталанған, сыртқы түрі ұқсас әртүрлі маңыздағы екі нысанды танығанда;
      олардың сыртқы түрін өзгертпей, әртүрлі ұқсас бұйымдары жасалған жиынтығы (комплектісі).
      Егер өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің ерекшелігі жоқ екені анықталған жағдайда, өтінім берушіге тиісті дәлелдемелерді келтіре отырып және өнеркәсіптік үлгінің мәнді белгілер тізбесін өтінімнің бастапқы материалдары негізінде түзету қажеттілігі ұсыныс жіберіледі.
      Мәнді белгілер тізбесін тексергенде, өтінім беруші эстетикалық ерекшеліктермен ұсынылған бұйым суретінде сыртқы түрін қалыптастыру үшін қажетті жиынтығы, елеулі белгілерінің бары белгіленеді.
      Егер белгі кескіндемеде болып, ал өтінім берушімен елеулі белгілер тізбесіне енгізілмесе және бұйымның сыртқы түрінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайда, өтінім берушіге бұл белгіні елеулі белгілер тізбесіне енгізу ұсынылады. Бұл түзетуден өтінім беруші бас тартқан кезде, өнеркәсіптік үлгінің патент қабілеттілігін тексеру барысында, оның сыртқы түрінің тиісті ерекшеліктеріне мән берілмейді.
      Белгі танылмаған жағдайында, сараптау жасау ұйымы өтінім берушіге өтінілетін үлгіні суреттеу және кескіндеме негізінде сол белгінің сипаттамасын түзетуге және түсіндірмелер енгізуді талап ету құқығы бар.
      Егер өтінім беруші ескірген және сол салаға тиісті емес терминологияны пайдаланған кезде, өтінім берушіге елеулі белгілер тізбесіне тиісті түзетулер енгізу ұсынылады.
      Егер белгі танылмағанда, және өтінім беруші елеулі белгілер тізбесін түзетуден бас тартса, өтінімді қарау кезінде бұл белгіге мән берілмейді.
      Егер мәнді белгілер тізбесін тексергенде, оның құрылымы мен мазмұнының талаптары сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтінім берушіге мәнді белгілер тізбесін түзету ұсынысы жіберіледі.
      Егер өтінім беруші танылмайтын немесе бастапқы материалдарда жоқ белгілерді елеулі белгілер тізбесіне енгізуді өтініш еткен жағдайда, өтінім берушіге бұл белгілер белгіленбеген, тізбені ұсыну ұсынысы жіберіледі. Белгіленген мерзімде сұралған материал ұсынылмаған жағдайда, өтінім кері қайтарылып алынған деп танылады.
      Сарапшының барлық сұрақтары, ескертпе мен дәлелді ұсыныстары, қажеттілігінше, Заңның ережелері, ғылыми-техникалық әдебиет, көркем конструкция мәселелері бойынша әдебиетке сілтеніп, ұсыныспен жіберіледі. Сараптама жасау ұйымының өтінім берушіге бірнеше рет жіберілуі мүмкін. Сол жағдайда формалды сараптаманың мерзімі ұзартылады.
      Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұралған материалдарды немесе мерзімді ұзарту туралы өтінішті ұсынбаса, өтінім шақырылып алынған деп танылады және сол бойынша іс жүргізу Заңның 24-бабы 8-тармағына сәйкес жүргізіледі, бұл туралы өтінім беруші хабардар етіледі.
      Қосымша материалдар ұсынылған жағдайда, оларды ұсыну мерзімінің сақталуына, өтінім беруші құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініші негізінде қосымша төлемнің бар болу жағдайына тексеріс жүргізіледі.
      Қосымша материалдарды өтінім беруші сараптаманың сұранысы жіберілген күннен үш айдан кешіктірілмей ұсыну тиіс. Аталған мерзімдер сақталмағанда және мерзімді ұзарту туралы өтініші болмаған жағдайында, өтінім шақырылып алынған деп танылады, бұл туралы өтінім беруші хабардар етіледі.
      Егер ұсынылған қосымша материалдар өтінілген өнеркәсіптік үлгінің мәнін бұзған жағдайда, сараптаманы жүргізу барысында тиісті бөлігінде немесе тұтастай назар аударылмайтыны туралы өтінім беруші хабардар етіледі.
      Өтінім бойынша тиісті өтініш түскенде, мәні бойынша сараптама төмендегідей жағдайларда жүргізілмейді:
      кері қайтарып алынғанда;
      патент беруден бас тарту туралы сараптама қорытыныдысы шығарылғанда және сол қорытындыны жоққа шығару мерзімі өткенде;
      патент әрекеті тоқтатылған жағдайда;

      30. Қосымша материалдары сұрау.
      Заңның 24-бабы 4-тармағына сәйкес, қосымша материалдарды ұсыну ұсынысы, өтінім берушіге, шешімді қабылдау және маңызы бойынша сараптаманы жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда жіберіледі.
      Ұсыныс негіздемелері:
      Төлемнің дұрыстығына қатысты, мәселелерді анықтау қажеттілігі;
      Тексерістің нәтижелері бойынша өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілер тізбесін және жиынтығын нақтылау қажеттілігі;
      Басымдықты анықтауда, мәселелерді шешу қажеттілігі;
      өтінілетін өнеркәсіптік үлгінің патент қабілеттілігін тексеруге қатысты, мәселелерді шешу қажеттілігі;
      басымдықтың күндері бір, ұқсас өнеркәсіптік үлгілер өтінімдерін қарастыруымен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі болып табылады.

3 бөлім. Патентті беру және өнеркәсіптік үлгі
нысанын тіркеу.

7 тарау. Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерді мемлекеттік тізілімде тіркеу

      31. Тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынғанда және патентті беру туралы шешімінің негізінде, өнеркәсіптік үлгінің патенті тиісінше нөмірленіп, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Мемтізілім) тіркеледі.
      Өнеркәсіптік үлгіні тіркеуде мемлекеттік тізілімге келесідей мәліметтер енгізіледі:
      Патент нөмірі;
      Мемтізілімінде өнеркәсіптік үлгіні тіркеу күні;
      өнеркәсіптік үлгінің атауы;
      өнеркәсіптік үлгінің кескіндемесі;
      ТҚХС коды;
      Белгілер тізбесі;
      Патент иеленуші - жеке тұлғаның аты жөні, әкесінің аты, (бар болса) және заңды тұлғаның толық атауы, оның мекен-жайы, тұрғылықты немесе орналасу елдің кодын атау (заңды мекен-жайы);
      Автор (авторлары) - аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), тұлғалар ДЗМҰ ST. 3 стандарты бойынша шетел авторының тұрғылықты елдің коды;
      Сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күні мен тіркеу нөмірі;
      Егер конвенциялық басымдығы анықталғанда, бірінші өтінімнің елі, нөмір мен күні;
      өкіл туралы мәліметтер (патент сенімді өкілі туралы);
      патентті беру туралы мәліметтердің жариялым күні және ресми бюллетен нөмірі;
      өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер.
      Аталған мәліметтерді енгізуде жақшаларда тиісті ИНИД коды жазылып, егер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) стандартымен қаралып және жариялымда пайдаланылады.
      Мемтізілімде патент берілген соң құқықтық мәртебесінің барлық өзгерістері мен толықтырулары тіркеледі.
      Төлемді төлеген жағдайда, әрбір мүдделі тұлға өтініш негізінде Мемтізілімде мазмұндалатын, патентке сәйкес мәлметтерді ала алады.

8 тарау. Патент беру

      32. Уәкілетті орган Мемтізілімге енгізілген мәліметтер негізінде белгіленген нысанда патент береді.
      Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Патент ол туралы ресми бюлеттенде жариялымымен біруақытта беріледі.
      Бірнеше адамдарға патент сұралғанда бір ғана патент беріледі.
      Патенти еленуші болып табылмайтын, өнеркәсіптік үлгінің авторына, авторлығын куәландыратын ресми куәлік беріледі.
      Патентте мемлекеттік тілде - "Өзгерістер енгізу туралы мәліметтер осы патентке қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі" және орыс тілінде "Сведения о внесении изменений приводятся на отдельном листе в виде приложения к настоящему патенту" деген жазба жазылады.
      Өнеркәсіптік үлгінің кескіндемесі және авторлар куәліктері қолына немесе патент иеленушінің заңды мекен жайына немесе өтініш берушімен (патент иеленушімен) аталған, немесе өтініш бойынша (жазбаша түрде) басқа мекен-жайға, берілген сенімхатқа сәйкес, өкілдің (патент сенімді өкілі) мекен-жайы тапсырыс пошталық жіберіліммен жіберіледі.
      Патент иеленушіге патентті беруде, жеке тұлға үшін жеке бас куәлігі және заңды тұлға үшін патент алуға сенімхатты талап етеді. Шетел патент иеленушілерге патенттер мен авторлар куәліктері, уәкілетті органда тіркелуге, патент сенімді өкілдеріне беріледі.

      33. Мемтізілімде тіркеуден өткен соң, уәкілетті орган патентке қатысты өзгерістер (тіркелген шарттар туралы мәліметтерді қоса) толықтырулар немесе түзетулер туралы патентке қосымша береді. Патент қосымшасы патенттің ажырамас бөлігі болып танылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Патент құқығы басқа тұлғаға өтуде енгізілетін өзгерістер, патент құқығын басқаға беруден басқа, құқық иеленуші өтініші бойынша және уәкілетті өкілдің сенімхаты бойынша енгізіледі. Өтініште патент құқығының өтуін растайтын, құжаттар көшірмесін қоса ала отырып, құқық иеленуші туралы мәліметтер келтіріледі.
      Патент түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда патент иеленуші, құқық иеленуші немесе уәкілетті өкілдің сенімхаты бойынша өтініштері негізінде оның дубликатын береді. Дубликат Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде патент беру туралы жазбаның бар болу және тиісті төлемнің негізінде беріледі.
      Дубликат берілген жағдайда, дубликат беру туралы жариялымы күнінен бастап патент түпнұсқасы өз күшінен жойылады.

      34. Патент әрекетінің мерзімін ұзарту және патент әрекетін қалпына келтіру:
      1) Заңның 31-бабы 3-тармағына сәйкес патент иеленуші өнеркәсіптік үлгіге патент әрекетінің мерзімін ұзарту туралы өтінуге құқығы бар. Өтініш патент әрекетінің соңғы жылында берілу мүмкін және оны күшінде ұстауға тиісті төлемді растайтын құжат қосымша берілген жағдайда;
      2) Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес патент иеленуші патентті күшінде ұстауда белгіленген мерзімде төлемді енгізбегеніне байланысты тоқтатылған, патент әрекетін қалпына келтіру өтіну мүмкін. Патентті күшінде ұстауға төлемнің мерзімі өткеннен үш жыл ішінде берілу мүмкін.
      Өтінішке тиісті төлемді растайтын құжат қосымша беріледі. 

9 тарау. Өтпелі ережелер

      35. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 Заңы күшіне енгенге дейін берілген өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының алдын ала патент және патент алуға өтінімдері аталған заңның күшіне енгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаралады.
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 Заңы күшіне енген соң берілген өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының алдын ала патент және патент алуға өтінімдер бойынша хабарлама жіберілген күнінен үш ай ішінде мәні бойынша сараптаманы жүргізу туралы өтініш беру талап етіледі.
      Сондай өтініштің негізінде сараптама, сол өтінімге қойылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      Өтінім бойынша басымдық күні сақталады.
      Белгіленген мерзімде өтінім беруші бұл өтінімді ұсынбаған жағдайда, іс жүргізу тоқтатылып және өтінім кері қайтарылып алынған деп танылады.

                                   Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге
                                   өтінім жасау, ресімдеу және қарау
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                             1-ҚОСЫМША

                                         N 1 Қалпы - ӨҮ

Кіріс нөмірі

(21) мем. тіркеу N

(22) берілген күні

Түскен күні

Басымдығы

Өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан
Республикасының
патенттін алу туралы
ӨТІНІШ

"Ұлттық зияткерлік меншік
институты" РМКҚ-ға

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігі
Зияткерлік меншік құқықтары
комитеті

Сол жақ жағалау, N 35 көше,
Министрліктер үйі, 8 үй, В
блогы, 5 кіреберіс,

Астана қ., Қазақстан
Республикасы, 010000

Төмендегідей құжаттарды тапсырып, өтініш
берушінің атына Қазақстан Республикасының
патент беруге өтінемін.
(71) Өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты:
(Толық аты-жөні немесе атауы және тұрғылықты
жері немесе мекен-жайы көрсетіледі.
97 кодымен өтініш берушілер - авторлары
тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі)

Стандарт бойынша
елдің коды

ДЗМҰ ST.3 (егер
белгілі болса)


ҰЗМИ РМҚК-ға берілген өтінімнен ерте күні бойынша басымдық
сұралған кезде ғана толтырылады.
_
|_|  Осы күн бойынша өнеркәсіптік үлгінің басымдығын
_
|_|  белгілеуін өтінеміз.
Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттерді бірінші өтінімдерді
беру (Заңның 20 б. 2 т.)
_
|_|
_
|_|
_
|_|
_
|_|  20 б. 4 т. сәйкес ҰЗМИ РМҚК-ға ерте тапсырылған өтінімі
_
|_|  20 б. 4 т. сәйкес ҰЗМИ РМҚК-ға ерте тапсырылған өтінімі
(өтінім нөмірі _______________, түскен күні _________________)

   Ерте берілген өтінімнің қосымша материалдарының түсуі (Заңның
20 б. 3 т.))

бірінші өтінімнен ерте
берілген өтінімнің N

Сұралатын басымдық
күні

ST.3 бойынша
елдің коды
(конвенциялық
басымдықты
сұрағанда)




(54) өнеркәсіптік үлгінің атауы
Заңның 9 б. 4 т. Талаптары сақталған

(98) хат алмасу үшін  мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы
және адресаттың аты-жөні)
Телефоны:                               Факсі:

(74) Патент сенімді өкілі (толық атауы, тіркеу нөмірі) немесе
өтініш берушінің  өкілі (толық аты-жөні немесе атауы)

Қосымша құжаттар тізбесі
 
  _
|_|

Даналар-
дағы
беттер
саны

Даналар
саны

   патентті алу
және өтінім беру
құқығының пайда
болу негіздемесі
(құжатты
ұсынылмай):
 
    заңның 10 б.
2 т. талаптары
сақталған және
жұмыс беруші
болып табылады

оның құқықтық
мирасқор немесе
жұмыс берушінің
құқығын қайтадан
басқаға беру
 
 
 
 
       оның авторы
немесе жұмыс
берушінің құқығын
қайтадан басқаға
беру
 
мирастық құқығы

         (ҰЗМИ штампының
орны)

_
|_| қосымша


_
|_|

Мәнді белгілердің тізбе-
сін қоса өнеркәсіптік
үлгінің суреттемесі



_
|_| бұйым кескіндемесі-
    нің жиынтығы



_
|_| сызбалар және
_
|_| басқа да материалдары



өтінімді беру төлемі
туралы құжаты



Төлем мөлшерін азайтуға
негіздемелердің растайтын
құжат



бірінші өтінімдер
көшірмесі (конвенциялық
басымдықтар сұралғанда)



_
|_| өтінімнің шетел
    тіліндегі құжаттары



_
|_| Патент сенімді өкілі
    немесе өкілдің уәкі-
   леттілігін растайтын,
   сенімхат



_
|_| басқа да құжат (атап
    кету)



(72)   Автор (лары)
     (толық аты-жөні)

(97) Тұрғылықты
жерінің толық
пошталық мекен-жайы,
егер белгілі болса
ДЗМҰ ST.3 стандарты
бойынша елдің коды

Патентті алу
құқығын қайтадан
беру, өтінім
беруші (лер)
және/немесе
автор(лар)ы -
қол(дар)ы





Мені                                                    (бізді)
______________________________________________________________
___________________________________
         (А.Ж.Ә.А.)
патент беру туралы мәліметтерді жариялағанда автор(лар)ы сияқты
атамауыңызды сұраймын(мыз).
Автор(лар) қол(дар)ы:
  Қолы
  Автор(лар) болып табылмайтын, өтініш берушілер қол(дар)ы, қол
қойылған күні (заңды тұлғаның атынан қол қойылғанда басшы қолы
мөрмен тіркеледі)

                                   Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге
                                      өтінім жасау, ресімдеу және
                                       қарау жөніндегі нұсқаулық
                                               2-Қосымша

             Мәні бойынша сараптаманы жүргізу туралы
                              ӨТІНІШІ

Мәні бойынша сараптама жүргізуін сұраймын (сұраймыз)
(21) Өтінім N______________(22) Өтінімді беру күні__________________
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(71) Өтініш беруші _________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

(31) Бірінші,         (32) Сұратылатын        (33) ST.3 бойынша
неғұрлым ерте,         басымдық күні          берген елдің коды
алғашқы өтінім-                               (конвенциялық
нің N                                         басымдық сұратылған
                                                   кезде)
1.
2.
3.
Өнеркәсіптік үлгінің мынадай нұсқалары бойынша мәні бойынша
сараптама жүргізуді сұраймын (сұраймыз): ____________________________________________________________________
_________________________________________________
Қосымша:
- Төлемді растайтын құжат
____________________________________________________________________
                        (төлем күні және N)
      Өтініш берген тұлғаның қолы
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атынан қол қойылғанда басшы қолы мөрмен тіркеледі)
____________________________________________________________________
Өтініш ҰЗМИ РМКҚ-ға мәні бойынша сараптама жүргізуге тиісті төлемді
растайтын құжатты ұсынған кезде әрекетті деп танылады.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады