Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 5-тармағына сәйкес және "зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237-ІІІ Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауардың шыққан жерінің атауы мен тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Зияткерлік меншік
құқығы комитеті төрағасының
2007 жылғы 24 сәуірдегі N 56-н.қ.
бұйрығымен бекітілді
Тауар шыққан жердің атауы мен тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шыққан жерлердің атаулары туралы" Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығын ресімдеу мен беру өтінімді жасауын нақтылайды, ресімдеу және қарайды, сондай-ақ тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына куәлік берудің ретін белгілейді.
Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тауар шыққан жердің атауы - бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткіш;
2) өтініш беруші - тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;
3) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шыққан жерлердің атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметін жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым.
4) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және тауар таңбаларын, қызмет таңбаларын, тауар шыққан жерлердің атауларын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі - ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымдағы Ницца келісімімен 1957 жылғы 15 маусымдағы қабылданған, кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сыныптама.
2. Тауар шыққан жердің атауына өтінімді жасау және ресімдеу
1. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес табиғи және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектіде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тауарлар өндіретін жеке және заңды тұлғалар өтінім беруге құқығы бар.
2. Өтінім Заңның 28-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына тікелей немесе почта не факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі. Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы жіберілсе, ол факспен келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз көзіндегі түпнұсқамен расталуға тиіс. Осы талаптар сақталған жағдайында, факс арқылы келіп түскен күні өтінімнің келіп түскен күні болып саналады. Егер өтінім құжаттары көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы берілгеннен оның айырмашылығы болса, бұл жерде құжаттар олардың түпнұсқасының келіп түскен күнінен бастап тіркеледі.
3. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі.
Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар егер басқа тілде тапсырылса, онда олар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы болуға тиіс. Аударма өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.
4. Өтінім үш данада беріледі.
3. Өтінімге қойылатын талаптар
5. Өтінім тауар шығарылған жердің бір атауына қатысты болуы керек және:
1) өтінім берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, атауға сараптама жүргізу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтінішті;
2) мәлімделген белгіні;
3) тауардың түрін;
4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;
5) тауар өндірілген жердің нұсқамасын (географиялық объектінің шекарасы) қамтуға тиіс.
Сараптама жасау ұйымы өтінімде қажетті мәліметтердің болмаған жағдайында, өтініш берушіге өтінімді қараудан бас тартуын хабарлайды.
6. Өтінімге:
1) Қазақстан Республикасының өтінім берушілеріне:
құзыретті органдардың өтінім берушінің аталған географиялық объектіде тұрып жатқаны және ерекше қасиеттері сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауар шығаратын туралы қорытындысы.
Аталған географиялық объектіде, тауар шығарушы және өндірісінің нақты тұрғылықты мекен жайы жергілікті атқарушы органның қорытындысымен расталады.
Егер өтінім жеке тұлғамен берілсе, жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттар қосымша берілу тиіс.
2) шетел өтінім берушілеріне:
мәлімделген тауар шыққан жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдік өтінім берушінің құқығын растайтын құжат. Мәлімделген тауар шыққан жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдік өтінім берушінің құқығын растайтын құжат ретінде, белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқадағы, тауардың шыққан жер атауын пайдалануға құқық беретін куәлік (сертификат) ұсынылуы мүмкін.
3) іс жүргізу өкілі арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат қоса тіркелуге тиіс.
4) белгіленген мөлшерде қызмет ақысын растайтын құжат. Өтінім беруге төленген, сомманың жетіспеушілігі анықталғанда, өтінім берушіге қосымша төлем төлеуге тиісті сұрау жіберіледі.
Барлық аталған құжаттар өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылу тиіс.
Аталған мерзімде тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінім қабылданбай және ол бойынша іс жүргізу жүргізілмейді, бұл туралы өтінім беруші жазбаша түрде хабардар етіледі.
Өтінім берілгеннен кейін қосымша жіберілетін құжаттарда, уәкілетті органның нөмірі мен қолы болуға тиіс.
Өтінім нөмірі жазылмаған құжаттар, егер нөмірін басқа әдістермен анықталмаған жағдайда, қараусыз қайтарылады.
Егер құжаттар өтінім беруші немесе уәкілетті өкілі болып табылмайтын тұлғалардан ұсынылса, олар тиісті ескертумен қараусыз қайтарылады.
7. Өтінім НМ-1 нысаны бойынша бланкте беріледі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы).
"Өтінім" сөзінің үстінде орналасқан бағандар Сараптама жасау ұйымымен толтырылады.
Егер қандай да бір мәліметтерді толығымен тиісті бағандарға орналастыруға мүмкін болмаса, оларды сол нысан бойынша қосымша парақта жазып өткізеді.
8. Өтінім беруші туралы мәліметтер:
1) өтінімнің 71-кодының бағанында мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, есімі, әкесінің есімі (егер болса) көрсетіледі.
Шетелдік өтінім беруші үшін Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымының ST.3 стандарты бойынша (ДЗМҰ ST.3 стандарты) бойынша мемлекет коды көрсетіледі.
2) 71-кодының бағанынан кейінгі өтінім бағанында өтінім берушінің толық почта мекен-жайы (заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері), сондай-ақ телефон, телекс, факс нөмірлері көрсетіледі.
3) өтінімнің 98-кодының бағанында хат алмасу үшін, адресаттың мекен-жайы, есімі немесе атауы көрсетіледі. Хат алмасудың мекен-жайы ретінде Қазақстан Республикасындағы өкілдің мекен-жайы да көрсетіледі.
4) өтінімнің 74-кодының бағаны тек өтінім беруші өкілді, соның ішінде патенттік сенім білдірушіні тағайындаған жағдайда толтырылады, онда ол туралы мәлімет беріледі: тегі, аты, әкесінің аты (егер болса).
9. Мәлімделген белгі
Өтінімнің 54-кодының бағанында географиялық объекті атауын немесе сол атаудың тауар көрсеткіші түрімен үйлесуін көрсететін мәлімделген белгі көрсетіледі.
Тауар шыққан жердің атауы ретінде елдердің, елді мекендердің, жерлердің, соның ішінде олардың тарихи атаулары, сондай-ақ басқа географиялық объектілердің атаулары тіркелу мүмкін.
Мәлімделген белгі тауар көрсеткіші түрінің (тегінің) қосымша көрсеткіші болуы мүмкін, бірақ ол дербес құқықтық қорғаудың мәні болып табылмайды.
Мәлімделген белгі тауар шыққан жердің атауы ретінде тек осы географиялық объектіде қасиеттері тура және ең бастысы географиялық ортаға, соның ішінде бір уақытта табиғи жағдайлар мен (немесе) адамдық факторға байланысты тауарларды белгілеу үшін пайдаланған жағдайда тіркеледі.
10. Тауарлар шыққан жерлердің атауы ретінде:
1) тауар шыққан жерге қатысты жаңылысуға әкеп соқтыратындай географиялық көрсеткіштер болып табылатын;
2) тауар өндірілген нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауардың басқа аумақтан шыққан жөнінде қате түсінік беретін белгілер;
3) тауар жасалған жермен байланысты емес және Қазақстан Республикасында белгілі түрдегі тауарлар белгісі ретінде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер тіркелмейді.
11. Тауар түрі:
Тауар шыққан жер атауына қатысты, тауар түрін атаған кезде ТҚХС-қа сәйкес терминология қолданылады. Бұл жерде өтінім беруші, сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен (ерекше немесе негізінен) байланысты пайда болған ерекше қасиеттері бар нақты шығарылатын тауарлар атауға тиіс.
12. Тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы
Сипаттамада, басқа жерлердегі ұқсас тауарлардан осы тауарды айқындайтын, географиялық объекті атауына қатысты тауарлардың сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың сипаттамасы, аталған жерге, табиғи жағдайлармен және адамдық факторларға қатысты ерекше қасиеттерінің объективті тәуелділігін көрсетеді.
Тауардың сипаттамасы жалпы қолданыстағы арнайы (тауар жүргізуші, техникалық) терминологияға сәйкес дұрыс және нақты болу тиіс.
Сипаттама, тауарды дәстүрлі әдіспен әзірлейтін, тиісті климаттық, геологиялық және (немесе) басқа да табиғи жағдайлар, адамдарға (ұжымдар) тиісті, бастапқы шикізаттың аталған географиялық объектіде бар болуына, соның ішінде ақпараттық сипатта болу тиіс.
13. Өндіріс орны
"Өндіріс орны" бағанында тауардың шыққан жердің атауы ретінде танылатын атауы, географиялық объектінің шекарасы туралы мәліметтер, сондай-ақ тауардың нақты шыққан жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Жердің шекаралары нақты және бір мағыналы белгіленуі тиіс.
14. Қосымша берілетін құжаттардың тізбесі.
Өтінімнің "Қосымша берілетін құжаттар" бағанын толтырған кезде Х белгісі қойылады және тиісті клеткаларда қосымша берілетін құжаттардың әр данасында қанша бет және даналар саны жазылады. Өтінімде қаралмаған, қосымша берілетін құжаттарға "басқа құжат" бағаны нақты көрсетілген.
15. Қол қою.
Өтінімнің "Қол қою" бағанына қол қойылған кезде барлық жағдайларында күні жазылу тиіс.
Заңды тұлға атынан өтінімге қолды, ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, құрылтайшы құжаттарға уәкілетті тұлға қояды. Қолға мөр қойылады.
Егер өтінім жеке кәсіпкермен берілсе, қолды өтінім беруші қояды.
Патенттік сенімді өкіл арқылы берілген өтінімге, қолды патенттік сенімді қояды.
Қол, қол қоюшының тегі, аты-жөнімен айырылып оқылады.
Өтінімде қосымша парақтар болған жағдайында, оларға да сол тәртіпте қол қойылады.
4. Өтінім бойынша іс жүргізу
16. Өтінімге өзгерістерді, толықтыруларды, түзетулерді оның мәнін өзгертпей және сұратылған қорғаудың көлемін кеңейтпей енгізу өтінімді беру күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей берілген өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша төлемсіз жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін енгізілетін өзгерістерге, толықтырулар мен түзетулерге төлем төленеді.
Негіз бойынша өтініштер жөнінде өтінімді ауыстыратындарға өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілмейді.
17. Өтінім берушінің өтініші бойынша өтінімге түзетулер енгізіледі, мұнда өтінім нөмірі және қатенің сипаты көрсетіледі.
18. Сараптама жасау ұйымына жауап қайтарудың белгіленген мерзімнен кешіктірілмей, сұрау салуға жауабын ұзарту өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Сұрау салуға жауабын ұсынылуын ұзартудың максималды мерзімі алты ай болып табылады.
19. Тауардың шыққан жер атауын пайдалану құқығына куәлікті беруге, қарсылық білдіруге, өтініш берушімен өткізілген сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімі, себептерін көрсете отырып, өткізілген мерзімнен екі айдан кешіктірілмей, өтініш берушінің өтініші негізінде қалпына келтірілу мүмкін.
20. Заңның 13 бабының 1 тармағына сәйкес, өтініш берушінің сұрауы бойынша сараптаманың әр этапында өтінімді шақыртып алуға мүмкіндігі бар. Өтінім осы Нұсқаулықпен белгіленген сұрау салуға жауап мерзімін өтініш беруші бұзған жағдайда кері қайтарылған болып табылады. Кері қайтарылған өтінімдер бойынша маңызды заңды әрекеттер жүргізілмейді.
5. Сараптаманы жүргізу тәртібі
21. Сараптама өтінім берген күннен бастап алты ай ішінде жүргізіледі. Сараптама барысында, осы нұсқаулықпен белгіленген талаптарға, өтінім мазмұнына және қажетті құжаттардың бар болуына тексеріледі, мәлімденген белгіні Заңның 26 және 27 баптарына сәйкестігіне талдау жасалады.
22. Сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті орган, тауар шыққан жер атауын тіркеу және (немесе) оны пайдалану құқығын беру туралы шешімін немесе тауар шыққан жер атауын тіркеуден және (немесе) оны пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.
23. Сараптаманы жүргізу барысында төмендегілер тексеріледі:
мәлімделген белгінің Заңның 26, 27 және 29 баптарымен қаралған, талаптарға сәйкестігі;
егер мәлімденген белгі тауар шыққан жердің атауы ретінде тіркелген жағдайында, Тізілімдегі мәліметтерге, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы;
мәлімделген белгі географиялық объектінің ресми қазіргі атауына немесе оның ресми тарихи атауына;
өтінімде белгіленген шекараларда, нақты сол жерде, тауардың шыққан атауы ретінде аталатын атауы, географиялық объектінің орналасуын растайтын мәліметтерді;
Егер географиялық объектінің атауы өзінің тауардың нақты шыққан жерін және оның ерекше қасиеттерінің бастапқы қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, белгілі түрдің тауар өндірісінің жерімен байланысты емес, географиялық атауы ретінде қарастырылады.
24. Мәліметтердің барын белгілейтін құзыретті органдар қорытындыларының мазмұнын тексеруін растайды:
тауар шыққан жердің атауы ретінде аталатын мекенде өтініш берушінің табылуын;
тауар шыққан жердің атауы ретінде аталатын, өтінімде аталатын мекен аймағында, өтініш берушімен тауар өндірісін;
өтінімде аталған, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен географиялық объектіге тән өтінімде аталған, ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен анықталатын, өтініш берушіде ерекше қасиеттері бар тауардың бар екендігін.
25. Тауардың ерекше қасиеттеріне салыстырмалы талдау жасау. Егер тізілімде тауар шыққан жердің атауы тіркеуден өтсе, сараптама жасау ұйымы, Тізілімде аталған, тауар және оның қасиеттерінің шыққан жердің атауына қатысты салыстырмалы талдау жасайды. Тізілімге енгізілген атауына, объектідегі тауар қасиеттеріне, географиялық атауына қатысты, тауардың сапалы және/немесе басқа да сипаттарының сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген белгіге тауар шыққан жердің атауы пайдалану құқығын беруге және/немесе тіркеуден бас тартылады.
26. Осы Нұсқаулықпен белгіленген талаптарының және өтінімге қосымша берілетін құжаттарын сараптама кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өтінім берушіге сұрау салу күннен бастап үш ай ішінде, жетіспеген және түзетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну ұсынысымен және анықталған бұзушылықтары көрсетілген, өтінім жіберіледі.
27. Сұрау салуға:
тиісті төлем туралы толық емес және мүлдем төленбеген мәліметтері:
дұрыс төленбеген жағдайда;
өкілге берілген, сенімхаттың мүлдем болмауы немесе қате рәсімделуі;
мәлімденген белгіні анықтау;
тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге сұралатын, тауар түрін анықтау;
тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге сұралатын, тауар өндірісінің жерін анықтау;
өтінімде аталған, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын анықтау;
осы Нұсқаулықтың 6 тармағында аталған және құзыретті органдардың қорытындысының мазмұнындағы мәліметтерді, сондай-ақ өтінімде анықталған объектіге қатысты, табиғи жағдайлар мен адамдық факторлардан тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен бар екендігін растайтын мәліметтерді анықтауға негіз болып табылады.
6. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану
құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімі
28. Сараптама қорытындылары негізінде құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын тіркеу туралы немесе онымен пайдалану құқығын беруге шешім қабылдайды.
29. Мәлімденген белгі, өтінімнің басқа да материалдарының және оған қосымша берілетін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган тауар шығарылған жердің атауына пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеу туралы шешімін қабылдайды.
30. Тауар шыққан жер атауы Тізілімде тіркеуден өткен жағдайда, сондай-ақ өтінім материалдарының осы Нұсқаулық талаптарының 6 тармағына, соның ішінде осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда, осыған дейін тіркеуден өткен тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы шешімін қабылдайды.
31. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі:
пайдалану құқығын беру қатысындағы белгіге, тауар шыққан жердің атауы ретінде тіркелетін;
тауар шыққан жер атауына пайдалану құқығы берілетін, тұлға туралы мәліметтер;
өтінімнің түскен күні;
тауар түрі;
тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығы берілетін және/немесе тіркелетін, тауардың ерекше қасиеттерін сипаттау.
7. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру
және/немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімі
32. Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі, Заңның 27 және 29 баптарымен белгіленген талаптарына сәйкес жауап бермесе, сондай-ақ өтінім және оған қосымша берілген құжаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына қайшы толтырылған жағдайда, құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
33. Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі Тізілімде тіркелгені анықталған жағдайда, ал өтінім және оған қосымша берілген құжаттар белгіленген талаптарға, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 6 тармағымен белгіленген талаптарға қайшы толтырылған жағдайда, уәкілетті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту туралы шешімін қабылдайды.
34. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беруден бас тарту туралы шешімінде тіркеуден бас тарту себептері көрсетіледі.
35. Өтінім беруші тіркеуден бас тарту шешімі жіберілген күннен бастап үш ай ішінде Заңның 31 бабы 2 тармағы негізінде сараптама жасау ұйымына сараптаманың шешімін қайта қарау туралы өтінішімен дәлелді қарсылық ұсыну құқылы.
36. Сараптаманың қайталама шығарылған шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім беруші Заңның 12 бабының 5 тармағымен қаралған тәртіпте қарсылық білдіру құқығы бар.
8. Тауар шыққан жер атауын және тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәліметтерді тіркеу.
Тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығын тіркеу
және (немесе) беру туралы мәліметтерді жариялау.
37. Сараптама жасау ұйымы куәлік алуға дайындығы және мемлекеттік баждың тиісті төлемі расталғаны және тіркеу туралы шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасы шығарылған жер атаулары Мемлекеттік тізілімде (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) нөмірленіп (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) және мәліметтерді енгізу күнін көрсетіп (бұдан әрі - тіркеу күні), шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәліметтері және шыққан жер атауын тіркейді.
Тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығына куәлік дайындығына төлеу және куәлікті беру туралы мәліметтерді жариялау куәлікті алу туралы ескертпе күнінен екі ай ішінде ұсынылады. Тиісті төлемі жағдайында өтініш берушімен жіберілген мерзім, алты айдан аспайтын мерзімге қалпына келтіріледі.
38. Мемлекеттік тізілімге тауар шыққан жер атауы, тауар шыққан жер атауының нөмірі мен тіркеу күні, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы, тауар шыққан жер атауы пайдалану құқығының барлық иелері және олардың мекен жайы туралы, сондай-ақ аталған мәліметтердің өзгерістерімен өтінімдердің күні мен нөмірі енгізіледі.
39. Заңның 33 бабына сәйкес уәкілетті орган куәлікті беруін жүргізеді. Куәлік орыс және мемлекеттік тілде толтырылады. Куәлік иесінің заңды және берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің (патенттік сенімді өкілдер) мекен жайына, немесе өтініш берушімен (жазбаша түрде) өтініші бойынша көрсетілген басқа да мекен жайға тапсырысты пошталық жіберліммен жіберіледі.
40. Тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығының иесі Заңның 33 бабының 2 тармағына сәйкес тіркеу туралы барлық мәліметтердің өзгерілуі туралы ескертуге міндетті. Сараптама жасау ұйымы өзгерістер туралы жазбаны мемлекеттік тізілім мен куәлікке енгізеді.
41. Тіркеуге қатысты мемлекеттік тізілімге енгізілген басқа да өзгерістер туралы, құзыретті орган куәліктің ажырағысыз бөлігі болып табылатын, Қосымшаны береді. Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде де толтырылады.
42. Тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге қатысты, мәліметтер ресми бюллетенде жарияланады.
Тауардың шыққан жерінің атауы
мен тауардың шыққан жерінің
атауын пайдалану құқығына
берілетін өтінімді жасау,
ресімдеу және қарау
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
(ҰЗМИ РМҚК толтырылады)
Түскен күні |
(210) Өтінім N |
(220) Берілген күні |
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК Тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану Төмендегі құжаттарды ұсынып, өтінімге көрсетілген белгіні тауардың шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуін және онымен пайдалану құқығын беруін сұраймыз. (731) Өтініш беруші: ДЗМҰ ST.3 (ұйымдастыру-құқықтық қалпын көрсете отырып, заңды Өтініш берушінің толық мекен-жайы Телефоны Факсі Телефоны Факсі _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қолы Өтініш берушінің (егер заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі) немесе сенімді патент өкілінің қолы және күні |