Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шаттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4647 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237-III»"Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы   N 31 "Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1678 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 15, 570-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасы (Н.Б. Баржақсы) заңда көрсетілген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы     
Әділет министрлігінің     
Зияткерлік меншік құқығы   
жөніндегі комитеті Төрағасының  
2007 жылғы 24 сәуірде N 57-НҚ  
бұйрығымен бекітілді     

Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық келісім-шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  79,   299 - 326 баптарына,  896 - 909 1001 ,   1031 баптарына, 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент заңының  14 бабы 1-4 тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегі»"Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  21-бабының 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422-І»"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  18,   19,   20-баптарына , 29 маусымдағы 2001 жылғы N 217 "Интегралды микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  8 бабына , 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ»"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І»"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тiркеудiң процедурасын нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы;
 

      2) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы N 237»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына куәлік;
 

      3) лицензиар -   қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар және оны басқа тұлғаларға пайдалануға беретін лицензиялық шартының тарабы;
 

      4) лицензиат - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне пайдалану құқығын алатын лицензиялық шартының тарабы;
 

      5) сублицензиар (лицензиат) -  қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға сублицензия беру құқығына ие сублицензиялық шартының тарабы;
 

      6) сублицензиат - тіркелген сублицензиялық шартының негізінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне пайдалану құқығын алған тұлға;
 

      7) лицензиялық шарт - өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқықты  иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір үлгіде уақытша пайдалану құқығын бередi;
 

      8) сублицензиялық шарт - лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн уақытша пайдалану құқығына арналған ерекше лицензияны беруi туралы шарт;
 

      9) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген және өнеркәсіптік меншік объектілері құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
 

      10) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.

      3. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқық күшiнде болатын мерзiм iшiндегi кез келген уақытта жасалуы мүмкiн.
      Сублицензиялық шарт лицензиялық шартпен көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.

      4. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және уәкілетті органда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.

      5. Лицензиялық шарттарды тiркеу сараптама жасау ұйымы (бұдан әрі - сараптама жасау ұйымы) ол құжаттарға жүргiзген сараптама нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт оларды тiркеген күннен бастап күшiне енедi.

      6. Сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiне, егер Қазақстан Республикасы заңнамаларында өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарттарды тiркеу туралы нұсқаулық қолданылады.

      7. Шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ, бұл кедергілерді жоюға болатын негіздер:
      1) соған қатысты шарт жасалатын патентке арналған ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
 

      2) күште қалуына төлемдер жүргізілмеген және төлемнің жеңілдік мерзіміндегі қорғау құжаттары (6 айдан аспағанда);
 

      3) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген негiздердiң, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға арналған лицензия беруге кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
 

      4) шартта Қазақстан Республикаларының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;

      8. Шарттарды тіркеуден бас тарту негіздемелері:
      1) соған қатысты шарт жасалатын алдын ала патентке, инновациялық патент немесе тауар таңбасына ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
 

      2) сұрауға өз мезгілінде жауап бермеуі;
 

      3) жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың жоқтығы;
 

      4) лицензиялық шартта лицензияттың сублицензиялық шартты тіркеуге өкілеттілігінің жоқтығы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың жоқтығы.

  2. Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу

      9. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына келесі ұсынылады:
      Осы Нұсқаулықтың 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша өтініш.
      Өтiнiш бiр шартқа қатысты болуы тиiс.

      10. Өтiнiштi шарт тараптарының бiрi не олардың мұрагерлерi немесе құқықтық мирасқорлары, не өкілмен немесе патенттік сенім білдірушімен беріледі.
      Шарттағы тараптардың бірінің атынан берілген өтінішке басшы немесе лауазымы көрсетілген заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарына сәйкес құзырлы басқа тұлға қол қояды.
      Мұрагер немесе құқықтық мирасқор өтiнiш берген кезде оған мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi қоса беріледі.
      Патенттiк сенiм бiлдiру немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген кезде, оған келісім-шарттың бір тарапы жағынан берілген сенімхат қоса беріледі.

      11. Өтінішке қосымша:
      1) шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт дана түпнұсқалары.
      Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбасымен бекітіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедерлемесі мен екі тараптың уәкілетті етілген тұлғаларының немесе өтініш берушінің қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қойылуы керек. Сараптама жасау ұйымына құжаттарды тіркеуге тапсыру келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылу мүмкін;
 

      2) мұрагерлік құқығын немесе құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттың көшірмесі;
 

      3) өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда - сенімхат;
 

      4) тарифке сәйкес белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің жүргізілгенін растайтын құжат;
 

      5) шарттарды бекіту және оған лицензиар (сублицензиар) атқарушы орган басшысының қолын қою құзырлығын беру мәселесі жөніндегі лицензиар (сублицензиар) (құрылтайшылар немесе акционерлердің жалпы жиналысы) басқару органының шешімі қоса беріледі;
      Өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Осы Нұсқаулықтың 11 тармағымен қаралған құжаттар мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде беріледі. Егер құжаттар өзге тілде берілсе, өтінішке белгіленген тәртіпте олардың нотариалдық куәландырылған  мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы қоса беріледі.

      12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар, сараптама жасау ұйымына шарт құжаттарын өз атынан берген жағдайда шартын тiркеуге байланысты iстi Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрушiлерi арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар, шарттарды тiркеуге байланысты iстi, Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазуға арналған мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрусiз жүргiзе алады.

      13. Сараптама жасау ұйымы құжаттар тізбесі ұсынылған соң:
      Өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында сараптаманы жүргізу төлемін растайтын құжаттың болмаған жағдайында, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл ретте аталған мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің келіп түскен күнінен бастап есептелінеді.
      Келісім-шарттың қарауға қабылданған материалдарына бір ай мерзім ішінде олардың мәні бойынша сараптама жүргізіледі, соның барысында шарт құжаттарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес зерттеу жүргізіледі.

      14. Құжаттарды рәсімдеу талаптарын бұзған жағдайда немесе осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жойыла алынатын негіздерінің болған жағдайында, өтініш берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беруге немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынысы бар сұраным жіберіледі. Бұл ретте осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген сараптаманың мәні бойынша жүргізілетін мерзімдер жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды өткізген күннен бастап есептеледі.
      Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, сараптама жасау ұйымы шартты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдап, тіркеуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, қорытындыны уәкілетті органға жібереді.

      15. Егер сараптама жүргізу барысында, сараптама жасау ұйымының бөлімінен жеке мәселелер бойынша қорытынды алу қажеттілігі туындаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген сараптама жасау мерзімі қорытындыны ұсыну күнінен есептеледі. Қорытындыны ұсыну мерзімі, сұрау түскен күннен он бес күнді құрайды.

      16. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жiбередi.

      17. Шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган қабылдайды.

      18. Уәкілетті органның шартты тіркеу туралы шешімі шығарылған соң, уәкілетті орган шартты тіркеу туралы шешімді сараптама жасау ұйымына жібереді, сол шешімнің негізінде сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге шартты тіркеу үшін мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжатты беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
      Егер ағымдағы жыл ішінде өтініш берушімен төлем жүргізілмесе, не бекітілген тәртіпте расталмаса, шарт керi қайтарып алынған болып есептеледi.
      Уәкілетті орган шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда қаралып отырған шарт бойынша құжаттар жиынтығы тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша қайтарылады.

      19. Уәкілетті орган шартты тіркеу үшін мемлекеттік баж төленгендігі расталғаннан кейiн:
      1) шарттың нысанасы болып табылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына қосымшаны ресiмдейдi. Тауар таңбаларын немесе өнертабысқа патенттік кооперация жөніндегі шарт (РСТ) өтінімі бойынша берілген еуразиялық патенттi, патенттi халықаралық тiркеуге қатысты жасалған шарт үшiн аталған iс-қимыл жүргiзiлмейдi;
 

      2) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, шарт парағының және оның қосымшасының санын, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
 

      3) тiркелген шарттардың Тiзiлiмiне шарт туралы мәлiметтердi ендiредi;
 

      4) хат жазысу үшiн өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша шарттың тiркелген екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi (болған жағдайда).
      Шарттың үшiншi және төртiншi данасы уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.

      20. Сараптама жасау ұйымы тiркелген шарттар бойынша:
      1) тiркелген шарттар, атап айтқанда:
      шарттың тiркелген нөмiрi мен күнi;
      шарт тараптарының атаулары (тегi, аты, әкесiнiң аты);
      шарттың нысанасы;
      шарттың күшiнде болу мерзiмi;
      шарт күшiнде болатын аумақтар туралы мәлiметтердi бюллетенге тоқсан сайын жариялайды.

      21. Тiркелген шартқа енгiзiлетiн, келісім-шарттың объектісіне қатысты емес кез келген өзгерiстер немесе толықтырулар сарапталуға, тiркелуге тиiс және ол тiркелген шарттардың Тiзiлiмiне енгiзiледi.
      Тiркелген лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш осы Нұсқаулықтың 3, 4 қосымшаларының нысаны бойынша сараптама жасау ұйымына берiледi.

      22. Тіркелген шартқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтінішке:
      1) шарттың екі тарапымен қол қойылған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі бар қосымша келісім мұқаба бетімен төрт данада. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбасымен бекітіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедерлемесі мен екі тараптың уәкілетті етілген тұлғаларының немесе өтініш берушінің қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қойылуы керек.
 

      2) өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда - сенімхат;
 

      3) тарифке сәйкес белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің жүргізілгенін растайтын құжат;

      23. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу өтініші мен қоса берілетін құжаттарды рәсімдегенде және бергенде, сондай-ақ тіркелген шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды сараптау мен тіркеу тәртібіне осы Нұсқаулықтың 12-20 тармақтарымен белгіленген ережелер қолданылады.

  3. Қорытынды ережелер

      24. Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар және сублицензиялық шарттар Тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты көшiрменi ашық жариялау үшiн ала алады.
      Лицензиялық шарт мәтiнiмен үшiншi тұлғаны таныстыруға, сондай-ақ одан көшiрме алуға шарт тараптарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.

      25. Лицензиялық шартты, сублицензиялық шартты сараптау мен тiркеудiң барлық сатыларында, ашық жариялау үшiн белгiленген мәлiметтердi қоспағанда, шарт жасасудың мазмұны мен шарттарына қатысты мәлiметтердiң құпиялылығы қамтамасыз етiледi.

                                Өнеркәсіптік меншік объектілерін
                             пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық
                              шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

                                                         1-қосымша
                                                         Л-1 нысаны

                   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
                Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің
                  "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК

          Лицензиялық шартты тіркеу туралы
                        ӨТІНІШІ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты лицензиялық шартын тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері)
____________________________________________________________________
_
|_| 2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      3. Лицензиар (лицензиарлар)___________________________________
                                  Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                    немесе заңды тұлғаның атауы

      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы)
мен телефондары
____________________________________________________________________
_
|_| Лицензиарлар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және
жалғастыру парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      4. Лицензиат (Лицензиаттар) __________________________________
                                    Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                      немесе заңды тұлғаның атауы

      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы)
мен телефондары
____________________________________________________________________
_
|_| Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбірінің
мекен-жайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.
      5. Патенттік сенім білдіруші немесе өтініш берушінің өзге өкілі_______________________________________________________________
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы) мен телефондары ____________________________________________________
      6. Лицензияның түрі __________________________________________
      7. Лицензиялық шартпен көзделген  пайдалану түрлерін ескере отырып, тапсырылатын құқықтардың көлемі ____________________________
      8. Хат алмасудың мекен-жайлары
____________________________________________________________________
      9. Қосымшалар:
_
|_| Тіркелетін шарт ___ парақта (NN қосымшалары _____ парақта) _____
данада;
_
|_| Патенттік сенім білдірушінің немесе өзге уәкілетті өкілдің құзырлығын растайтын сенімхат;
_
|_| Төлемді растайтын құжат;
_
|_| Жалғастыру парақтары;
_
|_| Басқа құжат (көрсетіңіз) _____________________________________

    Өтініш беруші __________________________________       М.О.
                  лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы

      Күні________________________

                                 Өнеркәсіптік меншік объектілерін
                             пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық
                              шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

                                                      2-қосымша
                                                      Л-2 нысаны

                   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
               Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің
                  "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК

            Сублицензиялық шартын тіркеу туралы
                           ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты сублицензиялық шартын тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері)
____________________________________________________________________
_
|_| 2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      3. Лицензиат (лицензиаттар)___________________________________
                                  Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                    немесе заңды тұлғаның атауы
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы) мен телефондары ____________________________________________________
_
|_| Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      4. Сублицензиат (Сублицензиаттар) ____________________________
                                        Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                        немесе заңды тұлғаның атауы
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы) мен телефондары ____________________________________________________
_
|_| Сублицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбірінің
мекен-жайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.
      5. Патенттік сенім білдіруші немесе өтініш берушінің өзге өкілі_______________________________________________________________
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы) мен телефондары ____________________________________________________
      6. Лицензиялық шарттың нөмірі мен күні________________________
      7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып, тапсырылатын құқықтардың көлемі ____________________________
      8. Хат алмасудың мекен-жайлары
____________________________________________________________________
      9. Қосымшалар:
_
|_| Тіркелетін шарт ___ парақта (NN қосымшалары ____ парақта) ___
данада;
_
|_| Патенттік сенім білдірушінің немесе өзге уәкілетті өкілдің құзырлығын растайтын сенімхат;
_
|_| Төлемді растайтын құжат;
_
|_| Жалғастыру парақтары;
_
|_| Басқа құжат (көрсетіңіз) _____________________________________

    Өтініш беруші __________________________________      М.О
                  лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы

    Күні_____________________

                                Өнеркәсіптік меншік объектілерін
                             пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық
                              шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

                                                        3-қосымша
                                                        Л-3 нысаны

                    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
                Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің
                   "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК

               Тіркелген лицензиялық шартына
       өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы
                          ӨТІНІШІ

      1. Осы өтініште көрсетілген  қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты тіркелген лицензиялық шартына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері_______________________________________________
_
|_| 2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      3. Лицензиар (лицензиарлар) __________________________________
                                    Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                     немесе заңды тұлғаның атауы
_
|_| Лицензиарлар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      4. Лицензиат (Лицензиаттар) _________________________________
                                     Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                      немесе заңды тұлғаның атауы
_
|_| Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбірінің мекен-жайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.
      5. Патенттік сенім білдіруші немесе өтініш берушінің өзге өкілі ______________________________________________________________
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы)
мен телефондары_____________________________________________________
      6. Лицензиялық шарттың тіркеу нөмірі мен күні_________________
      7. Хат алмасудың мекен-жайлары _______________________________
      8. Қосымшалар:

_
|_| Тіркелетін келісім-шарт ____ парақта (NN қосымшалары _________
_________ парақта)_____ данада;
_
|_| Төлемді растайтын құжат;
_
|_| Жалғастыру парақтары;
_
|_| Басқа құжат (көрсетіңіз) _____________________________________

      Өтініш беруші __________________________________      М.О.
                    лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы

      Күні___________________________

                                Өнеркәсіптік меншік объектілерін
                             пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық
                              шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

                                                       4-қосымша
                                                       Л-4 нысаны

                   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
                Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің
                   "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК

             Тіркелген сублицензиялық шартының
         өзгерістері мен толықтыруларын тіркеу туралы
                            ӨТІНІШІ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты тіркелген сублицензиялық келісім-шартына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері) _____________________________________________
_
|_| 2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      3. Лицензиат (лицензиаттар)___________________________________
                                  Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                    немесе заңды тұлғаның атауы
_
|_| Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру
парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.
      4. Сублицензиат (Сублицензиаттар) ___________________________
                                       Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
                                        немесе заңды тұлғаның атауы
_
|_| Сублицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз, және жалғастыру парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбірінің мекен-жайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.
      5. Патенттік сенім білдіруші немесе өтініш берушінің өзге өкілі ______________________________________________________________
      Мекен-жайлары (соның ішінде почта индексі мен елдің атауы)
мен телефондары_____________________________________________________
      6. Сублицензиялық шарттың тіркеу нөмірі мен күні _____________
____________________________________________________________________
      7. Хат алмасудың мекен-жайлары: ______________________________

      8. Қосымшалар:
_
|_| Тіркелетін келісім-шарт ____ парақта (NN қосымшалары_________
_____ парақта) _____ данада;
_
|_| Төлемді растайтын құжат;
_
|_| Жалғастыру парақтары;
_
|_| Басқа құжат (көрсетіңіз) __________________________

    Өтініш беруші _________________________________      М.О.
                  лауазымы, тегі, аты-жөні және қол
      Күні___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады