Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 67 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4660 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулы күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы",  Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің  мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі  
Басқармасының 2007 жылғы 
30 наурыздағы N 67   
қаулысына қосымша    

Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын
қолдану Ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді. 

1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) пруденциалдық нормативтердегі және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердегі тәртіп бұзуларды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдеріндегі тәртіп бұзуларды, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің заңсыз іс-қимылдары мен шарасыздықтарын анықтаған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
      1) белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беру;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін орнынан шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қою;
      3) міндеттеме-хат талап ету;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасау.
      Егер уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының, лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің тәртіп бұзулары, заңсыз іс-қимылдары немесе шарасыздықтары ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы Ереженің 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шаралар сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты қолданылуы мүмкін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      2. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануы мыналарды ескеріп жасалады:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының болуы мүмкін салдарлары мен тәртіп бұзуларының сипатын;
      2) тәртіп бұзудың жиілігі мен ұзақтығын;
      3) жол берілген тәртіп бұзу нәтижесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорының  шығындарының мөлшерін;
      4) жол берілген тәртіп бұзу туралы жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерінің хабарландырылуын;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйін.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйі есеп беру деректері, тексеру материалдары, аудиторлық есептер, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына байланысты талаптарды орындау, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайында қаржылық қолдау алу мақсатында жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының акционерлермен өзара ынтымақтасу қабілеттілігі негізінде анықталады.

      3. Ықпал етудің бір шектеулі шараларын қолдану ықпал етудің басқа шектеулі шараларын қолдануды жоққа шығара алмайды.

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы уәкілетті органның шешіміне шағым беру осының алдында қабылданған шараларды уақытша тоқтатпайды және осының алдында қабылданған шараларға тыйым салмайды.

      5. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді. 

2-тарау. Жазбаша ұйғарым 

      6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының атына белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзетуді орындау шараларын қабылдау туралы жазбаша ұйғарым жасауы мүмкін.

      7. Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және ол мына төменде көрсетілген шараларды орындаудың міндеттілігін білдіреді:
      1) клиенттердің алдындағы міндеттемені орындау бойынша;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерінің анықталған тәртіп бұзуларын жою бойынша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына қойылатын басқа талаптарды орындау бойынша.

      8. Жазбаша ұйғарым бес күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының және басқару органының барлық мүшелерін, сондай-ақ жазбаша ұйғарым жасау туралы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларын хабардар ететін жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары) мәлімет үшін жіберіледі.  

3-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы
қызметкерлерін орнынан шеттету   

      9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметінде  Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуын анықтаған немесе уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуларын жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлері уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймаған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері алдына жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін орнынан шеттету туралы мәселені жазбаша түрде қоюы мүмкін.

      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері он күнтізбелік күн ішінде растайтын құжаттарды қосып, қабылданған шаралар туралы ақпаратты  уәкілетті органға мәлімет үшін жібереді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.10.29 N 162 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

4-тарау. Міндеттеме-хат 

      11. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайында қаржылық қолдау алу мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорынан бар кемшіліктерді тану фактісі бар болуы тиіс міндеттеме-хатты және жоспарланған іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, осындай тәртіп бұзуларды алда болдырмау және (немесе) қатаң белгіленген мерзімде жою жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының  кепілдігін  талап ете алады.

      12. Уәкілетті органның міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап етуі жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінде кемшіліктерді жою жөнінде өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған тұлғалар тарапынан объективті шаралар қабылдануы мүмкіндігі айтылған жағдайда қолданылады.

      13. Міндеттеме-хатты ұсыну талабы мынадай жағдайлардың бірі болған кезде  жеткілікті ықпал ету шарасы болып табылады:
      1) өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған тұлға ниет білдіріп және оны орындауды қамтамасыз етуге жағдайының барлығына негіз бар деп болжаса;
      2) міндеттемеде шаралардың нақты құрамы және оларды жүзеге асыру мерзімі болса және уәкілетті орган оны тәртіп бұзуларды жоюға жеткілікті деп таныған болса.

5-тарау. Жазбаша келісім

      14. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды орындау туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасауы мүмкін.
      Жазбаша келісім жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының және (немесе) атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оның орнындағы адаммен жасалады.

      15. Жазбаша келісім жинақтаушы зейнетақы қорының қызметінде қаржылық жағынан елеулі нашарлау, яғни егер оларды түзету жөнінде тиімді үйлестірілген шаралар қабылданбаған жағдайда жай-күйі тез нашарлап кететіндігі белгіленген жағдайда жасалады.

      16. Жазбаша келісімде жинақтаушы зейнетақы қоры басқару және (немесе) атқарушы органы қабылдайтын кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту жөніндегі іс-қимылы және оларды орындау іс-қимылы және мерзімі көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы қоры жазбаша келісімге қол қоя отырып, оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттеме алады.

      17. Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. 

6-тарау. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану
жөніндегі талаптар   

      18. Жинақтаушы зейнетақы қоры шектеулі ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қажетті құжаттарды қоса беріп, бар кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспар-кестесін береді.
      Уәкілетті орган ұсынылған жоспар-кестені қарайды және ол бойынша өз қорытындысын он күнтізбелік күн ішінде жолдайды. Уәкілетті орган  жоспар-кестемен келіспеген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі бір мерзімде нақтылы іс-шараларды орындау қажеттігі туралы  нұсқау жібере алады.

      19. Жинақтаушы зейнетақы қоры және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары уәкілетті органды осы құжатта көрсетілген мерзімде шектеулі ықпал ету шараларын орындау туралы  хабардар етеді.
      Тәртіп бұзуды жоюды орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан аспаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын айдың жиырмасына дейін уәкілетті органға тәртіп бұзуды жоюды кезең-кезеңімен орындау туралы хабардар етеді.

      20. Жинақтаушы зейнетақы қорының және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімінде көзделген талаптар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басы уәкілетті органның осы шешімінің келіп түсуін тіркеу күні болып табылады.

      21. Жинақтаушы зейнетақы қоры және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары шектеулі ықпал ету шараларын орындамаған жағдайда уәкілетті орган оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санкциялар қолдануы мүмкін.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      22. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады