Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдардың есептік тіркеу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 203       бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 15 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4674 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.27 № 342 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдардың есептік тіркеу Ережесі бекітілсін.
      2. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары - Момышев Талғат Амангелдіұлына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда   
министрлігі Техникалық реттеу және метрология  
      комитеті төрағасының                
2007 жылғы 13 сәуірдегі N 203           
      бұйрығымен бекітілді               

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдардың есептік тіркеу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды (бұдан әрі - ұйымдар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде есептік тіркеу тәртібін белгілейді.
      2. Ережелер сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарға таралады.
      3. Тіркеудің мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті растау саласында жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың есебін жүргізу болып табылады.

  2. Есептік тіркеу тәртібі

      4. Есептік тіркеу үшін ұйым уәкілетті органға:
      1) Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ұйымның құрылтайшылық құжаттарының нотариуспен куәландырылған көшірмелерін;
      3) ұйым филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер (республикада болған жағдайда);
      4) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестікті растау саласында қызметті жүзеге асыруға ұйымның құқықтығын растайтын құжаттың нотариуспен куәландырылған көшірмесін;
      5) ұйымның құрылымы, штаттық кестесі және қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер;
      6) ұйымның мекен-жайын растайтын құжатты ұсынады.
      5. Есептік тіркеу туралы шешімді уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толық жиынтығы негізінде ұсынылған толық құжаттар жиынтығы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      6. Ұйымды есептік тіркеу туралы оң шешім қабылдағаннан кейін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымды есептік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі.
      7. Куәліктің қолданылу мерзімі үш жыл.
      8. Куәлікті беруден бас тартқан жағдайда шешімде бас тартудың негізделген себептері көрсетілуі керек.
      9. Есептік тіркеу туралы куәлікті беруден бас тартуға негіз құжаттар жинағын толық бермеу, оларды қарастыру барысында анықталған кемшіліктер немесе сәйкессіздіктердің болуы болып табылады.
      10. Ұйым куәліктің қолданыс мерзімін ұзарту үшін куәліктің қолданыс мерзімінің аяқталуына үш айдан кешіктірмей осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес құжаттардың жинағын уәкілетті органға ұсынады.
      11. Ұйымның есептік тіркелуін құзыретті орган тиісті куәлік және тіркеу нөмірін беру арқылы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) өзгеріс енгізу жолымен жүзеге асырады.
      12. Мекен-жайы өзгерген жағдайда ұйым уәкілетті органға хабарлап және жаңа мекен-жайын растайтын құжаттарды тапсыруы қажет.
      13. Куәліктің түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде ұйымның жазбаша өтініші негізінде куәліктің көшірмесін береді.
      14. Ұйым шешімге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік    
үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және   
халықаралық ұйымдарды есептік         
тіркеу ережесіне                
1-қосымша                    

ӨТІНІШ

____________________________________________________________________
                         ұйым атауы,
____________________________________________________________________
      мекен-жайы, БИН, банктік реквизиттер, тіркеу туралы мәліметтер
__________________________________________________басшысы тұлғасында
            Тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________
                Іс-әрекет түрлерінің атауы
_________________________________жүргізуге есептік тіркеуді сұрайды.

      Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптары қатаң сақталып жүргізілетін болады.

Ұйым басшысы      ______________            ________________________
                     қолы                   Тегі, аты, әкесінің аты

М.О.                                                  Күні

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік   
үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік    
және халықаралық ұйымдарды есептік     
тіркеу ережесіне              
2-қосымша                  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ

   Қазақстан Республикасы аумағында сәйкестікті растау саласында
            жұмыстар жүргізуге есептік тіркеу туралы
                        N________КУӘЛІК

                             Тіркелген күні__________________
                                      ___________дейін жарамды

Осы куәлік__________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        ұйым атауы, мекен-жайы
ұйымға______________________________________________________________
                       қызмет түрлерінің атауы
____________________________________________________________________
______________________________________жүзеге асыру құқығына берілді.

       Төраға

      _____________                   ______________________________
         Қолы                          Тегі, аты, әкесінің аты

       М.О                                          Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады