"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 4 өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 77 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4684 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008.12.22 N 265 Бұйрығымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді -----------------

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 М. Құсайынов

                                  Қазақстан Республикасы Экономика
                                және бюджеттік жоспарлау министрінің
                                    2008 жылғы 22 желтоқсандағы
                                     N 265 бұйрығына 3-қосымша

      1. ...
      .........
      5. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 4 өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 77 Бұйрығы.
      .........
      8. ...

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен - N 3662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен - N 4039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 бұйрығымен - N 4353 болып тіркелген, бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      1) 120 "Жұмыс берушілердiң жарналары" ішкі сыныбында:
      126 "Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiнің мемлекеттік мiндетті жеке сақтандыруға жарналары" ерекшелігінде:
      "Анықтама" деген бағандағы:
      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 54-бабына және "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес судьяларды, сот приставтарын сақтандыру" деген сөздер "қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiмен белгіленген жағдайларда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру жарналары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (М. Боранғалиева) Заң басқармасымен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады