Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 48 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4701 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдаудың және мониторинг жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4360 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
      1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
      "19. Компанияның қаржы құралдарын сатып алу-сату операциялары бойынша комиссиялық шығыстарының мөлшері туралы есеп (Transaction Cost Analysis Report), ішкі бақылау жүйесі туралы есеп (FRAG 21 немесе осыған ұқсас есеп), компания туралы толық ақпараты бар есептілік нысаны (Form ADV немесе осыған ұқсас нысан).";
      2-қосымшада:
      кестенің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"

4. Кредиттік мәртебесі

10%


Бас ұйым үшін 

Еншілес ұйым үшін

бас ұйымның кредиттік рейтингі
(S&P немесе Moody's)

80%

55%

бас ұйымның кепілдігі


25%

агенттердің іс-әрекеттеріне
кепілдік

20%

   

                                                               ";

      3-қосымшаның 6-тармағы алынып тасталсын;
      4-қосымшада:
      он үшінші және он төртінші абзацтар алынып тасталсын;
      4-қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен және кестемен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 3-қосымшасының 4 және 7-тармақтарында келтірілген баллдар жүйесіне сәйкес есептелген бағалар негізінде төменде келтіріліп отырған сыртқы басқарушылар рангілерінің кестесі жасалады:

Орны

Сыртқы басқарушы

Мандат түрі

Өткен кезеңдердегі орны




1-кезең

2-кезең

3-кезең







                                                                 ";

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады