Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4360. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

      08.08.2006 ж.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2006 жылғы 25 шілдедегі   
N 66 қаулысымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі 1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі - Қор) активтерінің бір бөлігін шетелдік банктердің және активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруына берудің жалпы тәртібі мен талаптарын реттейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қордың бір бөлігі:
      1) басқаруға байланысты тәуекелдер деңгейін, басқаруды әртараптандыру салдарын төмендету;
      2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдау материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану нәтижесінде Ұлттық қорды басқару кірістілігін ұлғайту;
      3) активтерді басқару, қызметкерлерді оқыту саласында қосымша сараптама алу;
      4) олар бойынша ішкі басқару тәжірибесі жинақталмаған активтердің жаңа кластарын ендіру мүмкіндіктері үшін сыртқы басқаруға беріледі;
      5) сыртқы басқарушылардың санын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысында белгіленген сыртқы басқарудың тиісті көлемдерде ұстап тұру үшін сыртқы басқаруға беріледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.11.30 № 105 Қаулысымен.
      2-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аймақтық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінде шоғырландырылған портфель;
      2) активтерді активтік басқару - кірістілік ауытқуы мәнінің (tracking error) пайыздық шегі 0.5 пайыздан (нөл бүтін оннан бес) асуына жол берілетін басқару түрі;
      3) активтерді пассивтік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 пайыздан аспаған кездегі басқару түрі. Пассивтік басқару кезінде сыртқы басқарудағы портфельдің кірістілігі шамамен эталондық портфельдің кірістілігіне тең болады;
      4) активтерді сыртқы транзиттік басқару – бұл бір сыртқы басқарушыдан басқасына аударуға арналған активтер берілетін активтердің ауысуымен қатар жүретін тәуекелдерді төмендету мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі;
      5) ақпараттық коэффициент (information ratio) – тарихи жоғары кірістіліктің тәуекелдің тарихи деңгейіне (кірістілік ауытқуының өзгермелілігіне) қатысы;
      6) ауқымды мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінен шығатын портфель;
      7) бас ұйым – еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания;
      8) жоғары кірістілік деңгейі – кірістіліктің нақты жеткен деңгейі және эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;
      9) өкілетті өкіл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде);
      10) мамандандырылған мандат – басқару стильдерін әртараптандыру және сыртқы басқарушылар арасында теріс байланыс орнату мақсатында берілетін мандат;
      11) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;
      12) маржа шоты – бұл туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу үшін биржалармен аффилиирленген ұйым болып табылатын, туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айрысулардың шынайылығын, жеткізуді және жүргізуді қамтамасыз ететін клирингтік ұйымда ашылған шот;
      13) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруға маманданатын және қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;
      14) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға маманданатын және өз қызметін халықаралық қаржы нарығында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;
      15) уәкілетті бөлімше - Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті.
      Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықытырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.12.26 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Негізгі ұғымдар

      Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.12.26 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Сыртқы және сыртқы транзиттік басқарудың негізгі талаптары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға Қордың құрамына кіретін ақша және басқа активтер берілуі мүмкін.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.11.30 № 105 Қаулысымен.
      12. Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін Қордың жалпы рұқсат етілген көлемі Қордың жинақ портфелінің 10 пайызынан аспайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Активтерді басқару түрі (активтік, пассивтік) және эталондық портфельдің өлшемдері Ұлттық Банктің Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру шеңберінде айқындалады.
      14. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыға белгіленген сыйақы және/немесе басқару нәтижесіне тәуелді сыйақы активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен төленеді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.11.30 № 105 Қаулысымен.

4. Шешім қабылдау және Қордың активтерін сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру тәртібі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Активтерді сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру қажеттілігі туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің ұсынысы бойынша не Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік жасайтын Орынбасарының тапсырмасына сәйкес Өкілетті өкіл немесе Төраға немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасары қабылдайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15-1. Егер Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырса, онда Өкілетті өкілдің, Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының шешімі бойынша оның кандидатурасы Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы Ереженің 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген рәсімдер өткізілместен енгізіледі.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.05.25 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің халықаралық Интернет желісіндегі интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны таңдау бойынша алда болатын тендер туралы ақпарат жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, осы ақпаратты әлеуетті сыртқы басқарушыларға жібереді. Алда болатын тендер туралы ақпаратта мыналар болады:
      1) мандат түрінің сипаты және оның сипаттамалары (эталондық портфель, басқару мақсаты, инвестициялық шектеулер, мандаттың болжамды көлемі);
      2) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын шағын ақпарат және жауаптарды беру мерзімі;
      3) әлуетті сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптар;
      4) Ұлттық Банктің тендер өткізуге жауапты тұлғалары туралы мәліметтер.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыларды таңдауды уәкілетті бөлімше жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.11.30 № 105 Қаулысымен.
      18. Әлеуетті сыртқы басқарушылар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сұратылатын ақпаратқа жауаптарды электрондық түрде және/немесе қағазға басып ұсынады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Уәкілетті бөлімше осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген сыртқы басқарушыларды таңдаудың міндетті критерийлерін ескере отырып, келіп түскен барлық ұсыныстарға салыстырмалы талдау жүргізеді.
      Егер сыртқы басқарушы міндетті критерийлерді қанағаттандырған жағдайда, ұсыныс одан әрі қаралады және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бағалау критерийлері бойынша салыстырмалы талдау жүргізіледі.
      Осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырмайтын компания Ұлттық Банк Басқармасының шешімі бойынша сыртқы басқарушы ретінде бекітіледі.
      Сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау тәртібі осы Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.05.21 № 43; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      Ескерту. 19-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің  жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары  болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3(үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болады;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан  кем емес клиенттердің жиынтық активтері болады.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      Мамандандырылған мандат қолданыла бастағаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген шектеуден аспайтын мөлшердегі активтер беріледі.
      Ескерту. 19-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      20. Қажет болған кезде уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушының басқару нәтижелері және сапасы туралы сұрату жасай отырып, оның клиенттеріне өтініш жасайды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      21. Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын талдау жөніндегі қорытындыны дайындау мерзімі сыртқы басқарушы сұратылған ақпаратты ұсынған күннен бастап 2 (екі) айдан аспайды.
      22. Уәкілетті бөлімше дайындаған, сыртқы басқару жөніндегі ұсыныстарды салыстырмалы талдаудан және сыртқы басқарушыны таңдау жөніндегі ұсынымдардан тұратын қорытынды қарау нәтижесі бойынша сыртқы басқарушылардың неғұрлым тиімді ұсыныстарын (қысқа тізім - short list) бекітетін Өкілетті өкілдің қарауына беріледі. Уәкілетті бөлімше қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен ұсыныстардың талаптарын жақсарту мақсатында келіссөздер жүргізеді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      23. Уәкілетті бөлімше қажет болған жағдайда сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы неғұрлым нақты және дәл ақпарат алу үшін әлуетті сыртқы басқарушылармен кездесулер жүргізеді.
      23-1. Әрбір сыртқы басқарушы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен не Өкілетті өкілдің Ұлттық Банк пен тиісті сыртқы басқарушы арасында активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісім жасауды көздейтін шешімімен бекітіледі.
      Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      24. Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл сыртқы басқарушыны бекіткеннен кейін уәкілетті бөлімше тендердің әрбір қатысушысына тендердің қорытындысы туралы хабарлама ұсынады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24-1. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау тендер өткізілместен жүзеге асырылады. Сыртқы транзиттік басқарушыны Өкілетті өкіл бекітеді.
      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Уәкілетті бөлімше Қордың Өкілетті өкілінің сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыны бекіту туралы шешімі негізінде сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушымен келісім дайындау және жасау рәсімдерін жүргізеді және одан әрі мониторинг пен Ұлттық қордың сыртқы басқарушымен келісімнің барлық талаптарын орындауды бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.11.30 № 105, 2010.05.21 № 43 Қаулыларымен.

5. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде мынадай талаптар болуы тиіс:
      1) Ұлттық Банктің активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімді кез келген уақытта себептерін түсіндірместен, мерзімінен бұрын бұзу құқығы;
      2) Ұлттық Банктің сыртқы басқарудағы активтердің бір бөлігін өзінің қалауы бойынша толықтыру/қайтарып алу құқығы;
      3) мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдегі келісімге қол қою;
      4) сыртқы басқарушының оның Ұлттық қордың сыртқы басқаруға берілген активтерін басқаруға жауапты қызметкерінің қозғалысы туралы ақпарат ұсынуы;
      5) Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) мамандарының және тәуелсіз аудиторлардың шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы неғұрлым нақты және дәл ақпарат алу үшін сыртқы басқарушыға келуі; 
      6) сыртқы басқарушымен аффилирленген ұйымдарды Қордың сыртқы басқаруға берілген активтерімен мәмілелер бойынша брокерлер ретінде пайдалану мүмкіндігінің болмауы;
      7) сыртқы басқарушының кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (еxpected tracking error) белгіленген лимитін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы;
      8) сыртқы басқарушы тарапынан болған ұқыпсыз қарау, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Қорға келтірілуі мүмкін шығындар үшін жауапкершілік туралы;
      9) Ұлттық Банктің және Қаржы министрлігінің Қордың активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын қызметкерлеріне консультация беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу;
      10) келісім бұзылған жағдайда сыртқы басқарушы портфель бойынша кастодиан банкпен (банктермен) салыстырып тексерілген келісімді бұзу күнгі толық есептілікті ұсынады. Сыртқы басқару кезеңіндегі портфельге байланысты күтілетін барлық шығыстарын тараптардың келісімімен айқындалады;
      11) сыртқы басқарушы мынадай негізгі бағыттарға сәйкес есептілікті жүйелі түрде Ұлттық Банкке ұсынады:
      алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы есептілік;
      портфельді бағалау (активтерді валюталардың кластары және түрлері бойынша бөлу, портфельдің есептік ай соңындағы құрамы, активтердің есептік ай соңындағы нарықтық құны);
      портфельдегі қозғалыс (есептік тоқсанда жасалған, әртүрлі кластар және валюталар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің тізбесі, дивидендтерді және жинақтаушы пайыздарды өтеу, төлеу);
      портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткен кірістілік, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің көрсеткіштері және кірістілік ауытқуының өзгермелілік деңгейі (tracking error) бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер);
      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге әсері жөніндегі жазбаша есеп; 
      экономикалық шолу;
      стратегияға шолу және портфельдің құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;
      ағымдағы инвестициялау стратегиясы;
      мандаттың активтік түрі үшін әртүрлі факторлардың портфельдің кірістілігіне (performance attribution report) әрбір тоқсанның және жылдың соңына кезеңділікпен салымы;
      12) сыртқы басқарушы ай сайын әрбір айдың соңында белгіленген мерзімдерге сәйкес сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын кастодиан банктің (банктердің) деректерімен салыстырып (reconciliation) тексереді;
      13) активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімге тараптардың жазбаша келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі.
      Сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы оның осы тармақтың талаптарын сыртқы басқару бойынша келісімге қосу жөніндегі растауы болып табылады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімге Ұлттық Банк тарапынан Өкілетті өкіл немесе Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Төрағасының орынбасары қол қояды.

      28. Қол қойылған келісімдерге сәйкес Ұлттық Банк Қор активтерінің бір бөлігін Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) сыртқы басқаруға арналған шоттарына ақша және бағалы қағаздар аудару арқылы сыртқы басқаруға беруді жүзеге асырады.

      29. Активтерді сыртқы басқаруға беру кезінде активтерді бір түрден басқасына аудару бойынша өтпелі кезең (transition period) ескеріледі. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      30. Қор активтерінің сыртқы басқаруға берілетін бір бөлігі Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) шоттарында және Қордың клирингтік ұйымындағы (ұйымдарындағы) маржа шоттарында Ұлттық Банктің рұқсатымен сақталады.
      31. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары және шектеулер Ұлттық Банктің Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру шеңберінде белгіленген талаптары мен шектеулеріне сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      31-1. Осы Тарауда белгіленген талаптар 26-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, сыртқы транзиттік басқарушы сыртқы транзиттік басқаруды жүзеге асырған кезде Ұлттық Банк және сыртқы транзиттік басқарушы арасында туындайтын қатынастарға қолданылады.
      Ескерту. 31-1-тармақ жаңа редакцияда берілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2010.05.21 № 43 Қаулысымен.

6. Сыртқы басқару нәтижелері және мониторинг

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Активтерді сыртқы басқаруға берген уақыттан бастап уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушы қызметінің күн сайынғы мониторингін жүргізеді: активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде көрсетілген шектеулерге сәйкес келуі тексеріледі, сыртқы басқарушы жасайтын мәмілелердің мониторингі жүзеге асырылады, сыртқы басқарудағы портфель тәуекелінің және кірістілігінің көрсеткіштері бағаланды.

      33. Сыртқы басқарушының қызметін бағалау осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер және Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің мамандарына ұсынылған оқытудың және технологиялардың сапасы негізінде жүргізіледі.

      34. Уәкілетті бөлімше жылына бір рет кезеңділікпен сыртқы басқарушымен көздесу өткізеді, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы туралы есеп береді, нарықтық ахуалға және оның портфель мен басқару стратегиясына ықтимал әсер етуіне баға береді.

      35. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру туралы немесе оны тоқтату туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының нәтижелері негізінде 3 (үш) жыл басқару кезеңі үшін қабылданады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.05.25 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      35-1. Сыртқы басқарушының өткен кезең үшін алған кумулятивтік үстеме кірістілігі теріс болған жағдайда және оның абсолюттік мәні тиісті мандат бойынша кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) көрсеткішінің белгіленген лимитінің абсолюттік мәнінен асып кетсе, Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы сыртқы басқарушымен сенімгерлік басқару туралы келісімді бұзу туралы мәселе шығарылады.
      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.05.25 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      36. Егер сыртқы басқаруға берілетін Қордың лимиті жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушының бірігуіне байланысты бұзылса, уәкілетті бөлімше Өкілетті өкілдің қарауына екі сыртқы басқарушының осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес төмен нәтиже көрсеткен біреуімен келісімді бұзу туралы мәселені енгізеді. Көрсетілген бұзушылық туындаған күнінен бастап 4 (төрт) айдың ішінде жойылады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.05.25 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      37. Сыртқы басқарушымен келісім:
      1) сыртқы басқарушы сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша эталондық портфельмен салыстырғанда үстеме кірістілікке қол жеткізбеген жағдайда;
      2) келісім талаптары бұзылған жағдайда;
      3) Қордың инвестициялау стратегиясы өзгерген жағдайда;
      4) Өкілетті өкілдің, Ұлттық Банк Басқармасының, Төрағасының немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасарының шешімі бойынша бұзылады.
      Ескерту. 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы      
Ұлттық қорының активтерін    
сыртқы басқарушыларды таңдау  
ережесіне 1-қосымша       

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.04.30. N 48 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.11.30 № 105,  2011.04.29 № 46 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпарат

      1. Ұйымның қаралатын мандат түрі бойынша жұмыс тәжірибесі.
      2. Клиенттердің соңғы 5 жылда басқарудағы активтері, оның ішінде:
      1) басқарудағы жалпы активтер;
      2) қаралатын мандат түрі бойынша активтер;
      3) институционалдық клиенттердің активтері;
      4) орталық банктердің активтері.
      3. Портфельдік менеджерлер және сыртқы басқаруға берілген активтер үшін жауапты болатын клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.
      4. Портфельдік менеджерлер мен талдаушылар арасында соңғы 5 жылда қызметкерлердің тұрақтамауы туралы ақпарат.
      5. Инвестициялық үдерістің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің толық сипаты, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздері немесе қаржы құралдарын бағалаудың модельдері.
      6. Активтік нарық тәуекелінің үлгісін жасау, мониторингі және басқару қалай жүзеге асырылады (қарастырылатын мандат түрі активті басқаруға жататын болса).
      7. Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.
      8. Соңғы 5 жылда ұқсас немесе жақын эталондық портфель және мандат түрі бар портфельді басқарудың тарихи нәтижесі.
      9. алынып тасталды
      10. Бухгалтерлік және талдау есептіліктерінде қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаты.
      11. Ішкі корпоративтік этиканың сипаты.
      12. Сыртқы басқару бойынша келісім талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банктің алдында сыртқы басқарушының жауапкершілігі.
      13. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін сақтандырудың қандай түрлері пайдаланылады.
      14. Бас ұйымның кредиттік рейтингі (егер бар болса), сыртқы басқарушының оның бас ұйымына сыртқы басқаруға активтер беру туралы келісім талаптарын сыртқы басқарушы орындамаған жағдайда зиянды өтеу туралы кепілдік беру мүмкіндігі не активтерді тікелей сыртқы басқаруға беру туралы бас ұйыммен не Ұлттық Банк, сыртқы басқарушы және оның бас ұйымы арасында жасалған үш жақты келісімге қол қою мүмкіндігі.
      15. Клиенттер үшін ұсынылатын тренингтің талаптары.
      16. Басқару үшін комиссияның болжамды деңгейі туралы ақпарат.
      17. Сыртқы басқарушының қаржылық есептілігінің соңғы аудиторлық қорытындысы.
      18. алынып тасталды

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Ұлттық қорының активтерін
                                      сыртқы басқарушыларды таңдау
                                           ережесіне 2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.04.28 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін
бағалау критерийлері


Критерийлер

Критерийдің мәні (пайызбен)

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде көрсеткіштер тиісті мандаттың қамтуына байланысты нормаланады)

35


үстеме кірістіліктің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

40

ақпараттық коэффициенттің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

60

2.

Активтер

10


осы мандат түрі бойынша активтер көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде аймақтық мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтуына байланысты нормаланады)

65


институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы

35

3.

Команда

15


тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлердің және талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50

компания бойынша тұтастай алғанда портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың арасында мамандардың тұрақтамауының төмен болуы

50

4.

Кредиттік мәртебе

5


- егер бас ұйымның кепілдігі болса не келісімге бас ұйым қол қойған жағдайда, бас ұйымның кредиттік рейтингісі (S&P немесе Moody's), олай болмаған жағдайда компанияның кредиттік рейтингісі


5.

Басқару үшін төленетін комиссияның деңгейі

20


Базалық комиссияның деңгейі

90

Net new high basis since inception қағидатын қабылдау

10

6.

Сервис

10


Ұлттық Банктің мамандарын оқыту

70

күн сайынғы есептілік

30

7.

Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

2

8.

Сыртқы басқару бойынша келісімнің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк алдында жауапкершілік қабылдау

3

Қазақстан Республикасы      
Ұлттық қорының активтерін    
сыртқы басқарушыларды таңдау  
ережесіне 3-қосымша       

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.04.28 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің
кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

      1. Тиісті салмақтары бар бағалау критерийлері кестесінде (бұдан әрі -Кесте) келтірілген барлық көрсеткіштер сомасы сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау болып табылады.
      2. Қандай да болмасын көрсеткіш Кестеге енгізілмес бұрын, төмендегі формуланы пайдалана отырып қаралатын критерийдегі ең жақсы көрсеткішке қатысты нормаланады:
      Басқарушының нормаланған көрсеткіші = Басқарушының көрсеткіші/барлық сыртқы басқарушылар бойынша көрсеткіштің ең көп мәні.
      3. Егер сыртқы басқарушы мандаттың жарияланған түрі бойынша активтерді басқа мандаттың шеңберінде басқарса, онда осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін басқа мандаттың шеңберінде бағалау жүзеге асырылады.
      4. Бас ұйымның және/немесе сыртқы басқарушының кредиттік рейтингісін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:

Кредиттік рейтинг (S&P)

Көрсеткіш

AAA

1

АА+

0,8

АА

0,7

АА-

0,6

А+

0,5

A

0,4

А-

0,3

ВВВ+

0,2

ввв

0,1

ВВВ төмен

0

      5. Ұлттық Банктің мамандарын оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Тренинг талаптары

Көрсеткіш

Сыртқы басқарушы ұшу, тұру, тамақтану ақысын төлейді

1

Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді

0.5

Сыртқы басқарушы тұру ақысын төлейді

0.2

                                        Қазақстан Республикасы      
                                       Ұлттық қорының активтерін    
                                     сыртқы басқарушыларды таңдау  
                                           ережесіне 4-қосымша

       Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012.05.25 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

    Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштері

      Сыртқы басқарушының жұмысын бағалау кезінде субъективтілікті болдырмау үшін сыртқы басқарушыларды сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағалау және балл қою негізгі мақсат болып табылады.
      Сандық көрсеткіштер:
      Ақпараттық коэффициент (Information ration)

Пайыздар

Ақпараттық коэффициент (Information ration)

>1

3 балл

0,5 – 1

2 балл

0 – 0,5

1 балл

0

0 балл

(-) 0,5 – 0

(-) 1 балл

(-) 1 – (-) 0,5

(-) 2 балл

<(-)1

(-) 3 балл

      Сапалық көрсеткіштер
      1) Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover);

Пайыздар

Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover)

>30

(-) 0,5 балл

5 – 30

(-) 0,25 балл

0 – 5

0 балл

      2) Операциялық тәуекел (Operational risk).
      Операциялық қате салдарынан инвестициялық шектеулерді бұзудың әрбір фактісі үшін бағадан 0,2 балл алынады;
      Есептілікті көрсетілген мерзімде жүйелі түрде ұсынбаған жағдайда бағадан 0,2 балл алынады;
      3) Іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).
      Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы бұзуының әрбір фактісі үшін бағадан 0,5 балл алынады;
      Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындамаған жағдайда бағадан 0,5 балл алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады