Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4042 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында, 1-тармақта "беру," деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу ережесінде:
атауында және кіріспеде "беру," деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бір мезгілде өтінішпен бірге банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға тілек білдірген тұлға уәкілетті органға Заңның 17-1-бабының 4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері, өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын банктің акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
Мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
экономикалық қызмет аясындағы қылмыс немесе орта дәрежедегі қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алынбағандығын немесе соттылықтың болмауын растайтын, құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік анықтама нысанында берген құжат (аталған құжаттың берілген күні өтініш беру күнінің алдындағы үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар олардың елдерінің азаматтығына сәйкес тиісті мемлекеттік орган берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінен қосымша ұсынады;
осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растаушы өзге де құжаттардың көшірмелері.
Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайда банкті қайта капиталдандырудың жоспарында мынадай ақпараттар болуы тиіс:
банктің ағымдағы жай-күйіне баға беру;
банкті қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жан-жақты сипаттау (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуы міндетті нормалар және лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және өзге де іс-шаралар орындалып отыратын шекке дейін банктің меншікті капиталын қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету, қосымша қаржылық салымдар бойынша шаралар);
банкті қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру іс-шараларынан күтіліп отырған экономикалық тиімділік (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; банктің меншікті капиталының мөлшерінің өзгеруі, банктің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің өзгеруі).
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсынып отырған тұлғадан қосымша мәліметтер сұратады.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Аталған рейтингтің болуы Заңның 17-1-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайларда талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден Заңның 17-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады. Өтініш иесіне уәкілетті органның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
9-2. Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алуға келісім беру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алған тұлға уәкiлеттi орган аталған келiсiмдi берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесiнен банктiң акциясын сатып алғандығын куәландыратын үзiндi көшiрменi ұсынады.
Құрылатын банктің банк холдингі немесе ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға банктің акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде банктің акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.
Үзінді көшірмені осы тармақпен белгіленген мерзімде бермеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.";
1, 2-қосымшалар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 127 қаулысына 1-қосымша
"Банктің және банк холдингінің
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісімді беру, беруден бас тарту
және қайтарып алу ережесіне
1-қосымша
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері -
заңды тұлға туралы қысқаша деректер
_________________________________________________________________
(банктің атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
__________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
__________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс телефоны
__________________________________________________________________
6. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
N |
Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған жылы |
Туысқандық |
Жұмыс орны және қызметі |
1 |
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні __________________________
Банктің және банк холдингінің
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісімді беру, беруден бас тарту
және қайтарып алу ережесіне
2-қосымша
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері -
заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер
1. Білімі
Оқу орнының |
Келіп |
Мамандығы |
Білімі |
Оқу орнының |
2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар, біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер
Ұйымның атауы |
Өткізу күні |
Сертификат |
3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Жұмыс |
Жұмыс |
Қызметі |
Тәртіптік |
Жұмыстан шығу, |
4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктер:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер
Күні |
Сот органының |
Соттың |
Жазаның |
1997 жылғы |
Соттың |
6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету)
7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған
жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Банктің аффилиирлігінің болуы (болмауы):
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
9. Осы мәселеге қатысты бар басқа ақпарат:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні __________________________