Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4738 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі  N 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3832 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы  N 73 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4214 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесінде:
      1-тармақтың 5) тармақшасы "Соңғы" деген сөздің алдында "Акционерлік қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ" сөздерімен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде Ереженің 1-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:
      1) бірігу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, бірігу туралы шарттың және тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құрылатын қоғамдардың мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құрылу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің көшірмелері;
      2) қосылу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, қосылу туралы шарттың, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің, оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта құру жөнінде шешім қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржы есептілігінің көшірмелері;
      3) бөлу және бөліп шығару жолымен қайта құрылған жағдайда - бөлу балансының, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бөлу не бөліп шығару нәтижесінде пайда болған қоғамдардың жарияланған акциялардың төлемі ретінде берілетін мүлкін қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау туралы есептің көшірмелері;
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің көшірмелері;
      5) мемлекеттік кәсіпорыннан өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің (меншікті капиталын көрсетуімен) көшірмелері.";

      5-тармақ екінші абзацпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Қоғам акциялар шығарылымының проспектісінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті органға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды ұсына алады.";

      6 - тармақта:
      7) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
      "8) тіркеуші берген акционерлік қоғамның ірі акционерлері туралы мәліметтердің өзгерген күнінен кейін келетін күнгі жағдай бойынша (ірі акционерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда) ірі акционерлері туралы анықтаманың көшірмесі.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы "Соңғы" деген сөздің алдында "Акционерлік қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ" сөздерімен толықтырылсын;

      13-тармақта:
      төртінші абзац "аяқталу" деген сөзден кейін "күнінен кейін келетін" сөздерімен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қоғам есептік орналастыру кезеңі аяқталған күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады.";

      14-тармақтың 2) тармақшасында:
      "қаржы есебімен" деген сөздерден кейін ", есепті кезеңде акциялардың төлемін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен)" деген сөздерімен толықтырылсын;
      "анықтамасымен" деген сөз "анықтамасының көшірмесімен" сөздерімен ауыстырылсын;

      18-тармақта "Акциялардың орналастырылмағандығы туралы хабарды" деген сөздері "Есепті кезеңде акциялардың орналастыруы жүзеге асырылмағаны туралы хабарламаны" сөздерімен ауыстырылсын;

      21-тармақтың үшінші абзацында:
      "уәкілетті органның ұйғарымы негізінде" деген сөздері алынып тасталсын;
      "ұйғарымды алған" деген сөздері "акция шығарылымының жойылғаны туралы хабарлама алған" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акциялар шығарылымы акциялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде жойылады";

      27-тармақ "акциялар шығарылымының проспектісіне" деген сөздерден кейін "(жарияланған акциялардың саны көбейген не түрі өзгерген жағдайда)" сөздерімен толықтырылсын;

      28-тармақтың бірінші абзацы "(мемлекеттік және орыс тілдерінде)" деген сөздерден кейін "акционерлік қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен," деген сөздерімен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1 тармағымен толықтырылсын:
      "36-1. Акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың, акцияларды орналастыру қорытындысы бойынша есептің түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам аталған құжаттардың көшірмелерін беру туралы уәкілетті органға өтініш жасайды.";

      1-Қосымшада:
      10-тармақта:
      бірінші абзац "Акционерлік қоғамның" деген сөздерден кейін "соңғы аяқталған үш қаржы жылдың" деген сөздерімен толықтырылсын;
      екінші абзац "көрсете отырып," деген сөздерден кейін "соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде" деген сөздерімен толықтырылсын;

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;";

      мынадай мазмұнда 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).
      Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуі тиіс.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.";

      16-тармақтың екінші абзацы:
      "санын" деген сөзден кейін "және түрін (түрлерін)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "акциялардың" деген сөздің алдында "дауыс беретін" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.";
      екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      45-тармақтың 2) тармақшасында "орналастырылған" деген сөзден кейін "(орналастырылатын)" сөзімен толықтырылсын;

      2-Қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің күні және нөмірі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қоғам өзінің акционерлеріне олардың қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көрсетілген мына тәсілдердің біреуімен жеткізгені туралы ақпарат:
      1) хабарламаны беру күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
      2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсетуімен бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау арқылы.";

      9-тармақта:
      бірінші абзац "акцияларды орналастыру есепті кезеңінде" деген сөздерімен толықтырылсын;
      4) тармақшасы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "5) құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);
      6) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған акциялар санын, туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған мемлекеттің атауын көрсетуімен).";

      10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Акциялардың санын және төлем сомасын көрсете отырып оларға ақы төлеу тәсілі:
      1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуі тиіс);
      2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін және олардың санын, бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін және бағалау сомасын көрсету қажет);
      3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқығымен (зияткерлік меншікті бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау - өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);
      4) кредитор алдында берешекті өтеу шарты бойынша (кредитордың қай органы акцияларды төлеу есебінен берешекті өтеу туралы шешім қабылдағаны және бұл шешімнің қабылданған күні, берешекті салыстырып тексеру актісі, талап ету құқығын бағалау актісін кім дайындағанын, оны жасаған күнін, бағалау сомасын көрсету қажет);
      5) қоғамның таза кірісін бөлу есебінен (тиісті шешім қабылданған акционерлердің жиналысы өткен күнін, акцияларға ақы төлеуге жұмсалған кіріс сомасын, бюджетке төлеген салық сомасын көрсету қажет);
      6) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау - өткізу актісін көрсету қажет);
      7) өзге де тәсілмен.
      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелерін көрсету қажет.
      Акциялар төлеуіне мүліктік құқықтарды және өзге мүлікті енгізген жағдайда тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүліктің бағалауы туралы есептің күні осы мүлікті акциялар төлеуіне енгізген күнге дейін алты айдан кешіктірмей көрсетілуі тиіс.";

      10-1 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа мәліметтер;";

      14-тармақтың бірінші абзацында "қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер" деген сөздері "ірі акционерлері туралы" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      16-тармақ "әрбір данасы" деген сөзден кейін "қаржы есептілікпен, осы Қосымшаның 10-тармағына сәйкес акцияларды орналастыру есепті кезеңінде акциялардың төлеуін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және" деген сөздерімен толықтырылсын;

      2-2 Қосымшасы
      "Шығарылым _______________________________байланысты жойылды"
                    (жою себебі)
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Акциялар шығарылымы _______________________ бастап жойылды
деп                          Күні (күні/айы/жылы)
есептелсін.";

      4-Қосымшасында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жарияланған акциялар шығарылымын (жарияланған акциялар санының көбеюіне не түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер) мемлекеттік тіркеуден бас тарту;";
      "Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер (оның ішінде акциялар шығарылымын жою кезінде)" кестесінде реттік сандары төртінші және бесінші жолдары алынып тасталсын;
      "Акциялар шығарылымын жою туралы мәліметтер" кестесінде реттік сандары үшінші және алтыншы жолдары алынып тасталсын;
      "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп (бекітілген немесе бекітуден бас тартылған) жөніндегі мәліметтер" кестесінде:
      реттік саны екінші жолы мынадай редакцияда жазылсын: 

    Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігіне, өтінішке сәйкес)
    Жарияланған акциялар  шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігінің күні (жарияланған акциялар санының көбеюіне және (не) түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер)
   Бағалы қағаздар мемлекеттік тізіліміндегі шығарылымның нөмірі

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады