Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4214. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3832 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында "және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою  Ережесінде :
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдау күнгі жағдай бойынша, тиісті лицензиясы бар, бағалаушы әзірлеген, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушысының үлесін бағалау туралы есептің көшірмесін ұсынады;";

      4-тармақтың 1) тармақшасында "осы Ереженің  1-1-қосымшасына сай нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлға атауының, оның орналасқан жерінің, акциялар саны мен түрінің өзгеруі негіздері бойынша акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне өзгеріс пен толықтырулар данасынан басқа ауыстыру себептерін көрсете отырып бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады.";

      9, 11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;

      14-тармақтың 2) тармақшасында "және тіркеушінің анықтамасымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақтың 1) тармақшасында "осы Ереженің  2-1-қосымшасына сай нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақта:
      ":" деген тыныс белгі "." деген тыныс белгімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Акциялар шығарылымын жою туралы өтініште тіркеушінің атауы, қоғам тіркеушісімен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу шартының күні мен нөмірі туралы мәліметтер болады.";

      24-тармақта "қоғамға" деген сөзден кейін "осы Ереженің  2-2-қосымшасына сай нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Акциялар шығарылымының проспектісі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) қаржы есебінің көшірмелерімен, аудиторлық (аудиторлық) есептің (есептердің) көшірмелерімен және есеп саясаты жөніндегі ақпаратпен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітіледі және қоғам мөрінің таңбасы қойылады.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржы есебін ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебін қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржы есебін бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер, акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды тапсыру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетілетін қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1-қосымшасының 4 және 5-бөлімдерінде көрсетілетін) қоспағанда, уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.";

      1-Қосымшада:

      19-тармақтың екінші сөйлеміндегі "мәліметтерді" деген сөзден кейін "оларды аффилиирленген тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тараудың атауы "(акциялар шығарылымы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңы қабылданғанға дейін тіркелген қоғамдар үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшада екінші сөйлем алынып тасталсын;
      4) тармақшада бірінші сөйлем алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
      "44-1. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен бастап соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.";

      2-қосымшада:
      10-тармақта:
      1) тармақшада "төлем құжатының" деген сөздердің алдынан "құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын (төлем құжаттарының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      қайталанған 10-тармақта:
      "10" деген цифр "10-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;";

      4) тармақшада "орналастырылған акциялардың" деген сөздердің алдынан "есепті кезеңде" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
      Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен бастап соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.";

      14-тармақта:
      кесте мынадай редакцияда жазылсын:

Заңды тұлға - акционер-
лердің толық
атауы немесе
жеке тұлға -
акционер-
лердің аты-жөні,
болса әкесі-
нің аты

Жеке тұлға -
акционердің
жеке басын
куәландыра-
тын құжаттың
атауы мен
деректемеле-
рі немесе
заңды тұлға -
акционерді
мемлекеттік
тіркеу (қайта
тіркеу) нөмі-
рі мен күні

Акцияның
түрін көр-
сете отырып,
акционерге
тиесілі
акциялардың
жалпы саны

Акция түрін
көрсете
отырып
акционерге
тиесілі
акциялардың
орналасты-
рылған
акциялардың
жалпы саны-
на процент-
тік арақа-
тынасы

Акционер-
ге тиесі-
лі акция-
лардың
дауыс
беруші
акциялар-
дың жалпы
санына
процент-
тік ара-
қатынасы






        осы қаулының қосымшасына сай осы Ереженің 1-1, 2-1, 2-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы
                                       нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                         Басқармасының 2006 жылғы
                                       25 наурыздағы N 73 қаулысына
                                                 қосымша

                                   "Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                1-1-қосымша

          Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
                        туралы куәлік

      "____" __________ 200__ жыл     Алматы қаласы N ____ 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі ___________________________________тіркеген 
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
берген әділет органының атауы, берілген күні, айы, жылы және
нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
жарияланған акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі) 
әрі оларға _________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілген.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:
___________________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.";

                                   "Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                2-1-қосымша

       Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті
                 бекіту жөніндегі Хабарлама

      "____" __________ 200__ жыл        Алматы қаласы N ____ 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының  24-бабына сәйкес ____________________________
_________________________________________________________ тіркеген 
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
берген әділет органының атауы, берілген күні, айы, жылы және
нөмірі) 
____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

________________________________________________ жағдай бойынша
(акцияларды орналастырудың аяқталған күні, айы, жылы)

орналастырылған акциялар ___________________________________________

орналастырылмаған акциялар__________________________________________

Жарғылық капитал _______________ теңге мөлшерінде қалыптастырылды.
          (сомасы цифрмен және жазбаша)

Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.

                                   "Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                2-2-қосымша

                Акциялар шығарылымын жою туралы куәлік

      "____" __________ 200__ жыл            Алматы қаласы N ____ 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі ___________________________________________
_________________________________________________________ тіркеген 
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
берген әділет органының атауы, берілген күні, айы, жылы және
нөмірі)

____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акциялар шығарылымын жойды.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

Шығарылым _________________________________ байланысты жойылды.
                    (жою себебі)

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады