"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4746 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығымен.

       Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.04.01 № 72 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 (Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2503 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына N 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 145; Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2859 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 61; Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 3645 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 10 мамырдағы N 65; Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4500 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 185; Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4574 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 36 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2364 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      "Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің негізгі жалақыларына арналған шығындарды есептеу" деген 3-қосымшадағы (01-111 нысаны) 5-бағанның атауы "Коэффициенттер" деген сөзден кейін"(базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер*лауазымдық сараланған жалақыларды есептеуге арналған коэффициенттер)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Әдіснама, тиімділікті бағалау және функционалдық талдау департаменті (М.М. Боранғалиева) Заң басқармасымен (Д.А. Ешімова) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары - министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады