"Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 11 маусымдағы N 88/163 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4752 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 11.09.2020 № 21/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 838, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3182, "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4727" 2007 жылғы 25 мамырдағы N 87/161, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4724 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:

      N 3 қосымша реттік нөмірі 68-1, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "68-1. Мұнайлы -- Маңғыстау облысы 46500 --- --- --- 13".

      2. Осы қаулы Маңғыстау облысының әкіміне, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға


Хатшы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады