Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4759 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 453 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.10.08 № 453 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңға сәйкес және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін декларациялауды ұйымдастыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының "Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде N 1593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

       Министр

                                           Қазақстан Республикасы  
                                       Төтенше жағдайлар министрінің
                                      2007 жылғы 29 мамырдағы
                                             N 88 бұйрығымен 
                                              бекітілген

  Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленген және кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және өздерінің құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар басқа да заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдар) таратылады.

      2. Объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларының тиімділігін және жеткіліктілігін бағалау, қауіпсіздік шараларын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Осы Ережелерде "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңға сәйкес көзделген терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ:
      Объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау (бұдан әрi - қауіпсіздік декларациясы) өнеркәсіптік объектідегі қауіптің сипаты мен ауқымы, техногендік төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасау әзірлігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әзірленген іс-шаралары бейнеленген құжат болып табылады.

      4. Қауiпсiздiк декларациясы жобаланатын, пайдаланудағы және пайдаланудан шығарылатын өнеркәсіптік объектiлері үшін әзiрленедi. Қауiпсiздiк декларациясы өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға беру және пайдаланудан шығару кезеңдерінде сипатталады.
      4-1. Қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы уәкілетті органның шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің сараптамалық қорытынды қосымшасымен бірге ерікті түрде берілген, арызы негізінде беріледі.
      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2010.07.12 № 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  2-тарау. Қауiпсiздiк декларацияларын әзірлеу, бекіту, сараптама жасау және тіркеу

      5. Қауiпсiздiк декларациясын өздерінің құрамында өндірістік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар немесе осындай объектінің жобасына тапсырыс беруші болатын (бұдан әрі - декларант), дербес немесе шарт негізінде тартылған арнайы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйымдар жүзеге асырады.

      6. Қауіпсіздік декларациясы екi данада мемлекеттік, ресми тілдерде және электронды түрде рәсімделеді, ұйымның бірінші басшысы, сондай-ақ жобаланған өндірістік объектілер үшін жобаның тапсырыс берушісі бекітеді. Қауіпсіздік декларациясын бекіткен адам декларациядағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

      7. Қауіпсіздік декларациясы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымда сарапталуға жатады. Қауіпсіздік декларациясы баспа кітапша және электронды түрде ұсынылады. Сараптама қорытындысы бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде декларантқа сараптаманың қорытындысы беріледі, ал ескерту болған жағдайда қауіпсіздік декларациясы қайта әзірлеуге жіберіледі.
      Декларант алынған ескертпелермен келіспеген жағдайда көтерілген мәселе бойынша өзінің көзқарасын негізге ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе сотқа шағымдалуға құқылы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2010.07.12 № 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Уәкілетті органға тіркелу үшін декларация жоба құрамында немесе жеке құжатпен қағаз және электронды тасымалдағышта екі данада ұсынылады.
      Уәкілетті орган қауіпсіздік декларациясына тіркеу нөмірін береді, олар барлық даналарының титулдық беттеріне қойылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2010.07.12 № 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптік қауіпсіздігінің міндетті түрде декларациялауға жататын өнеркәсіптік объектілер туралы компьютерлік мәліметтер банкін жүргізеді, декларациялау рәсімінің орындалу барысын талдайды.

  3-тарау. Қауіпсіздік декларациясын қайта қарау

      Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2010.07.12 № 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады