"Жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 305 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4761 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
_________________С. Ахметов
2007 жылғы 31 мамыр

                                                                                                             Қазақстан Республикасы
                                   Денсаулық сақтау министрінің м.а.
                                        2007 жылғы 15 мамырдағы
                                      N 305 бұйрығымен бекітілген

"Жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. "Жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) қызметі жолдық машина станцияларын пайдалануға және күтіп-ұстауға байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ереженің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары жолдық машина станцияларына (бұдан әрі - ЖМС) таратылады.

      3. Ұйымның басшылары және жеке тұлғалар меншік нысанына тәуелсіз осы санитарлық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

      4. Осы санитарлық ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) жолдық машина станциясы - жолдың орташа және күрделі жөндеуін жүзеге асыруға арналған темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
      2) жол монтерлары - қызметі жолдарды ағымдық күтіп ұстауға, жол торлары звеноларын жинауға және таратуға, тиеу және түсіру жұмыстарына бағытталған жұмысшылар.

2. ЖМС өндірістік және тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      5. ЖМС-ның өндірістік ғимараттары мен санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 болып тіркелген "Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығы (бұдан әрі - N 334 бұйрық) талаптары ескеріле жобалануы тиіс.

      6. Жылжымалы жасақтардың тоқтап тұратын жолдарына, өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда кіреберіс жолдар қарастырылуы тиіс.

      7. Жинақтаушы материалдарды сақтауға арналған қоймалар санитарлық-қорғау аймағын сақтау арқылы және ашық жел соғатын учаскелердегі елді-мекендердің ық жағында орналасуы тиіс.

      8. ЖМС-ның өндірістік ғимараттарының орталықтандырылған шаруашылық-ауызсумен жабдықтануы және кәріз желісіне қосылған болуы тиіс.

      9. Жұмыс аумағының ауасына зиянды заттар бөлетін ЖМС-ның өндірістік үй-жайлары және жылжымалы шеберханалары сыртқа тарату желдеткіш жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      10. Өндірістік объектілердегі жылу, желдеткіш және салқындату жүйелері N 334 бұйрықтың талаптарына сай болуы тиіс.

      11. Желдеткіш жүйесі жарамсыз болғанда және ажыратылып тұрғанда өндірістік үй-жайларды және жылжымалы шеберханаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      12. Жұмысшыларды тасуға арналған вагондар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2810 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жолаушыларын, багажын және жүк багажын темір жол көлігімен тасымалдау ережесінің талаптарына сай болуы тиіс.

      13. Жұмысшылар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда N 334 бұйрық талаптарына сай болуы қажет табиғи және жасанды жарық қарастырылуы тиіс.

      14. ЖМС-ның жылжымалы құрамы алынып-салынатын немесе қозғалмалы баспалдақпен, ал тұрақ жерінде - вагонға кіру үшін қойылған баспалдақ тумбасымен жабдықталуы тиіс.

      15. Өндірістік объектілер құрамы N 334 бұйрықтың талаптарына сай болуы қажет қосалқы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталуы тиіс.

      16. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар купе-себезгі, киім ілетін, кептіру бөлмесімен жабдықталуы тиіс.

      17. Локомотив кабиналарының креслолары қатты, кабина еденіне бекітілуі және жұмыс жағдайында бекітілуді қамтамасыз ету арқылы тірек құрылысы тік осінің 360 0 С-қа айналуы мүмкіндігінде болуы тиіс; орындықтың беткі биіктігі - еден деңгейінен 380-600 миллиметр (бұдан әрі - мм) шамасында, бойлық ара бағыты - 200 мм-ге дейін реттелуі тиіс; көтерілетін шынтақ қоятын жерде жастықша ұзындығы - 200-250 мм, ал ені 60-80 мм болуы тиіс; бұрыштарын доғалдандыруға рұқсат етіледі.

      18. Машинист кабинасы төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
      1) жылыту және желдетуге арналған қондырғылармен жабдықталған болуы тиіс; ауа температурасын реттеу қондырғылары қолмен немесе автоматтандырылған болуы тиіс;
      2) ауа салқындату қондырғысымен жабдықталуы тиіс; салқындатқыш қондырғысын жылыту жүйесімен аралас орнатуға рұқсат етіледі;
      3) 55 градус Цельсийден (бұдан әрі - 0 С) жоғары температуралы жылыту құрылғыларының ашық бөліктері қоршалған болуы тиіс;
      4) машинист кабинасына берілетін сыртқы ауаның мөлшері сағатына 100 текше метрден (бұдан әрі - м 3 /сағ) кем болмауы тиіс.

      19. Дизель-генераторлы бөлімшелердегі шудың жалпы деңгейі 110-120 децибелден (бұдан әрі - дБА) кем болмауы тиіс. Машинистердің және олардың көмекшілерінің жұмыс орындарындағы дизель-генераторларының шу және дірілді таратуын болдырмау үшін кабина-еден, қабырға, төбе құрылысы элементтерінде діріл-дыбыс оқшауландыру қарастырылуы тиіс. Жол машиналары кабинасының жұмыс орындарында октавалық жолақ жиілігіндегі дыбыс қысымының деңгейі гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      20. Машинистің және оның көмекшісінің жұмыс орнындағы дірілжеделдету мәні Мемлекеттік нормативтік құқықтық құжаттамалар тізілімінде N 3781 болып тіркелген, "Діріл көздерімен жұмыс жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 310 бұйрығына сай болуы тиіс.

      21. Кабина еденінен 150 және 1500 мм биіктіктегі терезелер мен есіктер жабық кезде (металл және әйнек бөлшектерді қоспағанда) қоршаудың ішкі беті және биіктігі бойынша сол бір деңгейдегі қабырғадан 150 мм қашықтықтағы кабина ауасының температурасы 5 0 С-тан кем болмауы тиіс.

      22. Машинистің кабинасы ауыспалы тоқтың - 42 вольттан (бұдан әрі - В) жоғары емес, тұрақты тоқтың - 110 В жоғары емес кернеуліктегі жарық жүйесімен жабдықталуы тиіс. Машинист кабинасында басқару пультінің 25-30 люкс (бұдан әрі - лк) деңгейінде номиналды жарықты қамтамасыз ететін жалпы жарықтың шырағы болуы тиіс; жол машиналарының кузовындағы жасанды жарықтың құрылғысы 5 лк-тен кем емес өту еденіндегі жарықты, ал еденнен 1 метр (бұдан әрі - м) деңгейде өту жағынан жабдықтың қоршауының тік беті 20-30 лк қамтамасыз етуі тиіс; машина бөлімшесіндегі шам көзінде жарықты ыдыратқыш болуы немесе жабдықтармен қызмет ету кезінде шамның тура сәулесі адам көзіне түспейтіндей орналасуы тиіс.

      23. Кабиналар әйнектердің сенімді резеңкемен нығыздалуын және терезені қозғауға ыңғайлы бекітілуді қамтамасыз етуі тиіс; кабинаның ішкі жағының алдыңғы терезенің барлық ені бойынша күннен қорғауға арналған көрінбейтін экрандар болуы; әйнек тазартқыш, әйнек жылытқыш және әйнек жуғыш жабдықтар болуы тиіс. Әйнек маңдайын тазалау және жылыту секторы машинистің отырып және тұрып жұмыс істеуі кезінде көріну жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Әйнек тазартқыштың қозғалмалы бөлшектері ажырап тұрған кезде жолды дұрыс көруге кедергі жасамауы тиіс. Кабинаның сыртқы екі жақ бетінде жылжымалы терезенің алдында арт жақты көрсететін айна орнатылуы тиіс.

      24. Механизацияға арналған жол жұмыстарын орындау кезінде аз механизациялық құралдар - бұран бұрағыш, электрогайка кілттері, рихтовтік домкраттар пайдаланылуы тиіс.

      25. Жұмысшыларды ауыз сумен жүйелі қамтамасыз ету және ыстық тамақ жеткізу ұйымдастырылуы тиіс.

      26. Жол жөндеу процесінде ауыр жұмыс түрлерінің жоғарғы меншікті салмағы кезінде ауысым ішінде ЖМС жұмысшыларының тиеу жұмысы сыртқы ауа температурасының есебімен реттелуі тиіс. Тиеу сыртқы ауаның қалыпты температурасы кезінде 71%-дан, +30 0 С кезінде 65%-дан, +35 0 С кезінде 59%-дан, +40 0 С кезінде 53%-дан, +45 0 С кезінде 47%-дан артпауы тиіс.

      27. Ауыр және өте ауыр жұмыстарды бір күн бойы немесе бірнеше күн қатарынан беруге рұқсат етілмейді. Орташа ауыр және жеңіл жұмыстар жұмыс уақытының 50%-на дейін болуы тиіс.

      28. Механикаландырылмаған неғұрлым ауыр жұмыстарды орындауға арналған бригадалар ер адамдардан құралуы тиіс.

      29. ЖМС жұмысшылары қысқы және жазғы арнайы киіммен, шаң және шудан қорғану үшін жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      30. Жергілікті діріл әсері кезінде қол тамырларының тартылуын болдырмау үшін қысқы мезгілде электр тогымен шпалды соққылайтын балғасапты жылытатын автоматты жылытқыш қарастылуы тиіс.

      31. Көктемгі-жазғы маусымдағы фотодерматиттерді болдырмау үшін жаңадан сіңірілген ағаш шпалдарымен жұмыс істеу кезінде ЖСМ жұмысшылары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген қорғаныш жақпа майлармен және пасталарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      32. Жылдың салқын мезгілінде ЖМС жұмысшыларына жылжымалы вагоншалар, жазғы мезгілде - жеңіл алмалы-салмалы күн қағар қарастырылуы тиіс.

      33. ЖМС 60 адамға үш күн артығымен жететін есеппен ет және балық консервілері, май, бұршақ, макарон өнімдері, қант және басқа да азық-түліктерден тұратын тағам азық-түліктерінің үнемі төмендемейтін артық мөлшері болуы және уақытылы толықтырылуы және олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жаңартылуы тиіс.

      34. Тағам азық-түліктерін сақтау үшін ЖМС-да осы санитарлық ережеге қосымшаға сәйкес қажетті салқындатқыш жабдық және асүйлік-асханалық құрал-жабдық болуы тиіс.

      35. Асхана түрінде қайта жабдықталған вагон Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 болып тіркелген "Жолаушылар поезының вагон-мейрамханаларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 496 бұйрығының талаптарына сай болуы тиіс.

      36. ЖМС жұмысшыларының тұруына арналған вагондар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3812 болып тіркелген "Жолаушылар вагондарын пайдалануға және күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 бұйрығының талаптарына сай болуы тиіс.

      37. ЖМС-сы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген "Халыққа жедел медициналық көмек көрсету үшін алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығының талабына сәйкес апаттық жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмек жиынымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Дәрі-дәрмектер тоқсан сайын бір реттен кем емес уақтылы толықтырылуы тиіс.

      38. ЖМС жұмысшылары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 31 наурызда N 2780 болып тіркелген "Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерге міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес алдын ала, жұмысқа түсер алдында, және ағымдық медициналық қараудан өтуі, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік бойынша кіріспе және ағымдық нұсқаулықтан өтуі тиіс.

                               "Жолдық машина станциялар пайдалануға
                                    және күтіп-ұстауға қойылатын
                               санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
                                     санитарлық-эпидемиологиялық
                                   ережесі мен нормаларына қосымша

          Асүй-асхана мүкәммалымен жабдықтаудың тізбесі

№N

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескерту

1

Шәйнек

дана

4


2

Бокал немесе стақан

дана

60


3

Әртүрлі кострюльдер

дана

6


4

Таба

дана

5


5

Шұңғыл тарелке

дана

60


6

Ас қасық

дана

60


7

Ас ішетін айыр

дана

60


8

Шәй қасық

дана

60


9

Шөміш

дана

4


10

Ас пышағы

дана

6


11

Кіреукелі шұңғыл ыдыс

дана

60


12

Ыдыс-аяққа арналған шкаф

дана

2


13

Тұрмыстық тоңазытқыш

дана

3


14

Электрлі титан

дана

1


15

Асүй бөшкесі

дана

2


16

20 л көлеміндегі термос

дана

2


17

Ауыз суға арналған сыйымдылық ыдыс

дана

2


18

Қолжуғыш

дана

2


19

Электрлі немесе газ плитасы

дана

2-3


20

Ас үстелі

дана

3


21

Асхана үстелі

дана

10


22

Орындық

дана

20


23

Кіреукелі шыны аяқ

дана

20


24

Консерві пышағы

дана

2


25

Кесу тақтайшасы

дана

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады