Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 мусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4764 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгемен ағымдағы шотындағы қаражаты ескеріле отырып тиісті жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекіткен ең жоғары айлық кепілдік берілген трансферттен аз болмайтын мөлшерде болуы тиіс.
      Бұл ретте тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны тиісті қаржы жылына бекітілген кепілдік берілген трансферттің жылдық мөлшерінен аспауы тиіс.
      29. Егер күнтізбелік айдың соңғы күні тұрақтандыру портфелі осы Ереженің 28-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, онда Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органның ай сайынғы хабарламасына сәйкес алдағы айға кепілдік берілген трансфертті аудару талап етілмеген жағдайда, Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылмайды.
      Егер күнтізбелік тоқсанның соңғы күні бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органнан алынған ай сайынғы хабарламаға сәйкес алдағы айға кепілдік берілген трансферт ескерілген тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны қаржы жылына бекітілген кепілдік берілген трансферттің жылдық мөлшерінен асатын болса, онда Қор активтерінің бір бөлігін тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне өткізу келесі тоқсанның басынан бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі - акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфеліне енгізілген индекстерге инвестициялануы мүмкін. Мандаттың "Жаппай активтік акциялар" және "Активтерді жаппай тактикалық бөлу" түрлері үшін портфель активтерінің 10 (он) пайызын акциялар портфелінің эталондық портфеліне жатқызылмаған акцияларға инвестициялауға болады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2007 жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады