Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамның қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 59 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4787 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 272 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - банктер) жіберсін.

      4. Банктер:
      1) 2008 жылғы 1 шілдеге дейін өздерінің автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін;
      2) 2006 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды тұлға ретінде тіркелген банктер әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі жылдың ішінде осы қаулының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2007 жылғы 28 мамырдағы  
N 59 қаулысымен бекітілген 

Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамның қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының к-1) тармақшасына сәйкес жасалды және екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банктер) қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 

      1) аудиторлық із - бұл Бас бухгалтерлік кітаптағы деректердің (ақпараттардың) шынайы болуын қамтамасыз етуге қажетті жасалған мәмілелерді (операцияларды) қадағалау үдерісі;
 

      2) бэк-офис - банктің бөлімшесі, оның негізгі функциясы қаржылық есептілікті жасау мақсатында фронт-офистан алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы бухгалтерлік есептегі жасалған операцияларды тіркеу болып табылады;
 

      3) қосалқы бухгалтерлік есеп - бұл барлық жасалған операциялардың бухгалтерлік есебі, ол талдау шоттарында жүргізіледі;
 

      4) аудит журналы - ақпарат жүйесінің журналы, онда ақпарат жүйесіне әрбір кіру, сәтсіз кіру әрекеті және ақпарат жүйесін пайдаланушының іс-әрекеті тіркеледі;
 

      5) банк клиентінің карточкасы - бұл айқындалған электронды нысан, оған банктің клиентінен алынған құжаттар (жеке тұлғалар үшін - аты-жөні, салық төлеушінің тіркеу номері, жеке куәлігінің деректері, заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы, оның
ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, салық төлеушінің тіркеу номері, жеке бірегейлендіру коды, қызмет көрсететін банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды, заңды тұлғаның тұрған орны) негізінде оның міндетті деректемелері енгізіледі;
 

      6) бухгалтерлік жазбалар коды - бұл банк дербес және еркін нысанда тағайындаған, ақпарат жүйесінде автоматты режимде бухгалтерлік жазбалар жүргізуге арналған кез келген шартты белгі (цифрлар, символдар, әріптер, реттік номерлері, сөздер);
 

      7) фронт-офис - банктің клиенттерімен жүргізілетін жұмысты, оның ішінде шарттар жасауды, келіссөздер жүргізуді, талдау және құжаттамалық қызметтерді, даулы мәселелерді реттеуді жүзеге асыратын банктің бөлімшесі.

      2. Ақпарат жүйесіне ендірілген қосалқы бухгалтерлік есептің және Бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандырудың негізгі мақсаты банктердің автоматты режимде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес келетін қаржылық есебін жасау
болып табылады.
      Ақпарат жүйесіне ендірілген қосалқы бухгалтерлік есептің және Бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандыру мынадай жолдармен жасалады:
 

      1) халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес банк жасайтын барлық операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізуді және автоматты режимде есеп айырысуларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
 

      2) ақпарат жүйесінде банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдіктері (олар болған кезде) бойынша барлық жүргізілетін операциялар бойынша Бас бухгалтерлік кітапты жасау.

      3. Ақпарат жүйесі ақпарат жүйесіндегі барлық жағдайларды (өзгерістерді), барлық деректерді, оның ішінде ақпарат жүйесін іске қосу кезінде берілген талаптарға сәйкес банктің орындаушысы айқындап енгізілген өзгерістердің күнін және уақытын тіркеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін аудит журналын қолдауы тиіс. Ақпарат жүйесінде болған оқиғаларға түзетулер (алып тастаулар) жасалмайды.

      4. Банк ақпарат жүйесін ауыстырған жағдайда, банк жаңа ақпарат жүйесін пайдалануға енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде еркін нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жазбаша хабарлайды. Хабарламада мынадай ақпараттар көрсетіледі:
 

      1) жаңа ақпарат жүйесінің атауы;
 

      2) ақпарат жүйесін әзірлеушілер туралы ақпарат;
 

      3) жаңа ақпарат жүйесін пайдалануға енгізу күні;
 

      4) ақпарат жүйесінің өткен ақпарат жүйесімен салыстырғанда айрықшылығы және ерекшелігі;
 

      5) жаңа ақпарат жүйесінің сипаттамасы, оның ішінде негізгі модульдер, функциялар және тағы басқалар.

      5. Жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде банктер Ұлттық Банкке барлық жүргізілген өзгерістер, оның ішінде модульдарды жетілдіру және ауыстыру, банк дербес айқындаған нысан бойынша ақпараттары бар қолданылатын ақпарат жүйесінің жай-күйі туралы мәлімет ұсынады.

  2-тарау. Қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізу

      6. Қосалқы бухгалтерлік есеп жүргізгенде, банк мыналарды қамтамасыз етеді:
 

      1) банктің бухгалтерлік есепте банк жүргізетін барлық операцияларды көрсету (бухгалтерлік жазбалар жазу) тәртібін реттейтін ішкі құжаттарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленуі және банк басшысы не көрсетілген құжаттарға қол қою құқығы бар оның орнындағы адам бекітуі тиіс;
 

      2) банкте жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, банктің фронт-офиспен және бэк-офиспен қосалқы бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін реттейтін ішкі құжаттарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл құжаттарды банк басшысы бекітуі және онда алаяқтық фактілері мен қателерге жол бермеу мақсатында банк қызметкерлерінің
функциялары бір қызметкердің бір операцияны басынан аяғына дейін жүргізу процесіне толық қатысуға (басқаруға) мүмкіндік бермейтіндей етіп бекітілуі тиіс;
 

      3) банк жүргізетін барлық операциялар, оның ішінде:
      есеп айырысу-кассалық операциялар бойынша;
      кадрларды және жалақыны есепке алу (жалақыны есептеу, аванстар беру, демалыстарды есептеу, резервтер құру және тағы басқалары) бойынша;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық активтерді есепке алу (сатып алу, қайта бағалау, амортизацияны есептеу, есептен шығару (әкетілу) бойынша;
      бағалы қағаздарды есепке алу (сатып алу, сату, сыйақы есептеу, әділ құны бойынша қайта бағалау, сыйлықақыны (дисконтты) тиімді сыйақы ставкасы бойынша амортизациялау, санаттар бойынша жіктеу және тағы басқалары) бойынша;
      салымдар мен заемдарды есепке алу (салымға ақша қабылдау (заем беру), сыйақы есептеу, тиімді сыйақы ставкасы бойынша дисконт (сыйлықақы) амортизациялау, өтеу, мерзімін ұзарту және тағы басқалары) бойынша;
      дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу (өтеу мерзімдері бойынша жіктеу, өсімпұл есептеу) бойынша;
      салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу бойынша;
      банк жүргізетін басқа да операциялар бойынша қосалқы модульдердің болуын;
 

      4) банктің бөлімшелері, филиалдары (олар болған жағдайда) жүргізетін барлық операциялардың, оның ішінде:
      кадрларды және жалақыны есепке алу бойынша;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді есепке алу бойынша;
      бағалы қағаздарды есепке алу бойынша;
      салымдар мен заемдарды есепке алу бойынша;
      дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу бойынша;
      салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу бойынша;
      банктің бөлімшелері, филиалдары жүргізетін басқа да операциялардың бухгалтерлік есебін орталықтандыра отырып жүргізуді;
 

      5) эмитенттің талаптарына сәйкес, қаржы активтері (міндеттемелері) бойынша сыйақыны, оның ішінде банк көрсететін қызметтер үшін комиссияны автоматты түрде есептеуді;
 

      6) қаржы активтерін (міндеттемелерді) автоматты түрде қайта есептеу және автоматты түрдегі бухгалтерлік жазбаларды жүргізудің кестесін жасауды;
 

      7) түзету жазбаларын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын;
 

      8) банк жүргізетін операциялар бойынша есептерді қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Есептердің нысанын банк дербес айқындайды және банктің ішкі құжаттарымен бекітіледі.
      Есепте мынадай ақпараттар:
 

      1) жазба жасалған күн;
 

      2) жауапты орындаушы туралы мәліметтер;
 

      3) операцияның коды;
 

      4) шарт жөніндегі деректер (шарттың нөмірі, валюталау күні, өтеу мерзімі, сыйақы төлеу талаптары және мерзімдері, пайыздық сыйақы ставкасы, валюта түрі);
 

      5) банк клиенті туралы ақпарат;
 

      6) жүргізілетін операция туралы ақпарат;
 

      7) валюта түрі;
 

      8) төлемдердің сомалары;
 

      9) Бас бухгалтерлік кітаптың шоттары бойынша операцияларды көрсету туралы ақпарат;
 

      10) ай басынан және есептік жыл басынан бергі бухгалтерлік жазбалар сомалары нәтижесінің жинағы;
 

      11) ақпарат жүйесіне ендірілген банк жүргізетін операциялар бойынша операциялар кодтарының болуы мүмкін. Операцияларды кодтаудың мақсаты бухгалтерлік жазбаларды автоматты түрде жүргізу болып табылады, мұның өзі бухгалтерлік есепте Бас бухгалтерлік кітаптың шоттары бойынша операцияларды нанымды көрсетуді және банктің бэк-офисінің қызметкерлері жасауы мүмкін техникалық қателер тәуекелін барынша азайтуды қамтамасыз етеді;
 

      12) банк клиенттерінің карточкаларын тіркеу кітабын орталықтандыра отырып жүргізу туралы ақпарат.

  3-тарау. Бас бухгалтерлік кітап

      7. Бас бухгалтерлік кітап банктің бухгалтерлік басқару есебі деректерінің орталық қоймасы болып табылады, кітапқа есептер деңгейінде корреспонденттік бухгалтерлік шоттардың қорытындылары және банктік барлық операциялары туралы толық ақпарат енгізіледі.

      8. Ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітаптың нысаны мынадай бағандардан тұруы тиіс:
 

      1) шоттың нөмірі;
 

      2) шоттың атауы;
 

      3) кіріс қалдық (бастапқы сальдо);
 

      4) есептік кезеңдегі дебет бойынша айналым (меморандум-кіріс шоттары бойынша);
 

      5) есептік кезеңдегі дебет бойынша айналым (меморандум-шығыс шоттары бойынша);
 

      6) шығыс қалдық (түпкілікті сальдо).

      9. Ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу орталық аппарат, банктің филиалдары мен өкілдігі бойынша (олар бар болған жағдайда) мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізілетін барлық операциялар бойынша жеке модульде қамтамасыз
етіледі:
 

      1) Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын қарау, түзету, ауыстыру және Бухгалтерлік есеп шоттарының бірнеше жоспарын жасау мүмкіндігі;
 

      2) шетел валютасында жасалатын операцияларды көрсету мүмкіндігі;
 

      3) жасалған операциялардың ақпарат жүйесінде рұқсат етілген (бекіту) бухгалтерлік жазбалар жүйесін (иерархия) құру арқылы бухгалтерлік есепте көрініс табуының және банк қызметкерлері өкілеттіктерін шектеуді айқындаудың дұрыстығын бақылау;
 

      4) енгізілетін деректердің толықтығын бақылау (барлық жолдарды толық толтырмай функцияларды немесе операцияларды орындаған жағдайда ақпарат жүйесі тиісті хабарламаны шығаруы тиіс);
 

      5) қосалқы бухгалтерлік есепті есепке алу операцияларының Бас бухгалтерлік кітаптағы нақты уақыт режимінде немесе пакет режимінде көрінуі;
 

      6) Бас бухгалтерлік кітаптағы бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттардың рұқсат етілген түрін қоса алғанда негізінде осы жазбалар қалыптасқан қосалқы бухгалтерлік есепке алудың егжей-тегжейлі ақпаратына рұқсат етіле отырып, қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін аудиторлық іздің болуы;
 

      7) Бас бухгалтерлік кітаптың шоттары бойынша тарих Бас бухгалтерлік кітаптың шоттары бойынша деректерді қайта қалпына келтіру мүмкіндігімен кемінде бес жыл сақталады;
 

      8) қаржылық және басқа да есепті, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есепті Бас бухгалтерлік кітаптың деректері негізінде орталықтандырып қалыптастыру.

      10. Банк жасайтын операцияларды есепке алуды орталықтандыру өлшемдеріне қол жеткізу үшін мынадай талаптар орындалады:
 

      1) бухгалтерлік есепке алуда банктің филиалы жасайтын операциялардың көрінуінің дұрыстығын бақылау жүйесін қалыптастыру;
 

      2) банк филиалының ол үшін ашылған тиісті шоттар бойынша, оның ішінде кірістер мен шығыстардың шоттары бойынша үзінділер мен басқа да құжаттарды алуы;
 

      3) банктің филиалында Бас бухгалтерлік кітапқа рұқсаттың болмауы.
      Кірістер мен шығыстарды (кірістер мен шығыстарды жабу және қаржы нәтижесін алу) кері қайтару банктің филиалдары мен өкілдігінің қатысуынсыз банктің орталық аппаратында қаржы жылының аяғында автоматты түрде жүргізіледі.

      11. Нақты уақыт режимінде немесе пакет режимінде ақпаратты өңдеуді орталықтандыру банктің операция күнін орталықтандыра отырып жабуды білдіреді, осыған оның барлық филиалдары мен өкілдігін тарту арқылы ақпаратты өңдеудің орталықтандыру технологиясы кіреді.

  4-тарау. Қорытынды ереже

      12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады