Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополияларды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2237 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы 17 мамырда N 20 жарияланған, Қазақтан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 3517 нөмірмен тіркелген, "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 62-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 4366 нөмірмен тіркелген, "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 8 тамыздағы N 196-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, "Заң газетінде" 2006 жылы 22 қыркүйектегі N 170 жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесiнде :
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Өтінімнің материалдары тігілуге, нөмірленуге және мөрмен және табиғи монополия субъектісі басшысының қолымен расталуға тиіс. Бұл ретте, ұсынылған қаржы құжаттарына бірінші басшы мен бас бухгалтер не оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және субъектінің мөрімен расталуға тиіс;".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е. Ш. Әлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |