"Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 2 шілдедегі N 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылғы 27 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4833 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 46 Бұйрығымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.11.14. N 46  бұйрығымен (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атқару өндірісінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, атқару өндірісі органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының 4, 4-1-тармақтарын басшылыққа алып,
      БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69  Бұйрығына (әрі қарай  - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 санымен тіркелген, "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы N 68 Бұйрығы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4473 санымен тіркелген), келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:

      5-тармақтың 4-тармақшасында "қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында" деген сөзден кейін "және атқару өндірісінде" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Бұйрықты басшылыққа алуға және орындау үшін Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға, Бас прокуратураның жанындағы С.Есқараев атындағы Институтқа, Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетіне жолдансын.

      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады