Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3999. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 46 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007.11.14. N 46  (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374  Қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара Жоспарының 10-тармағына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шара қабылдасын және осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы     
Бас Прокурорының       
2005 жылғы 22 желтоқсандағы  
N 69 бұйрығымен бекітілді   

  Мемлекеттік мекемелердің қызметіне
тексерісті есепке алу бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексерісті есепке алу бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6 бабының  6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелер қызметінде бақылау және қадағалау өкілеттігіне ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістерді есепке алуды белгілейді.

      2. Тексерістерді тағайындау туралы актілерді тіркеуді (бұдан әрі - тексерістер тағайындау туралы акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Қалалар және аудандар аумақтарында, әскери гарнизондарда және көліктік аймақтарда тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеуді аумақтық меншіктілікке сәйкес уәкілетті органның тиісті бөлімшелері жүзеге асырады.

      4. Аталған есепке алу субъектілері (бұдан әрі - есепке алу субъектілері) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар болып табылады.

      5. Осы Нұсқаулық:
      1) жедел-іздеу іс-шаралары шегінде;
      2) қозғалған қылмыстық істерді, сот әділдігін және орындау өндірісін, төтенше жағдайларды тергеу шегінде;
      3) өзінің аумақтық, құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелеріне қатысты есепке алу субъектілері тексеріс өткізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды;
      4) қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында және атқару өндірісінде.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы  N 68 , 2007.07.02.  N 29  бұйрықтарымен .

      6. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ресімдеуде аталған Нұсқаулықпен белгіленген талаптар бұзылған жағдайда уәкілетті орган оларды қосымша ресімдеуге қайтарады.

  2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тексеріс объектісі - тексерілетін мемлекеттік мекеме;
      2) тексеріс - заңнамалық актілермен белгіленген құзырет шегінде бақылау немесе қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың объектілерге барып олардың Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын сақтауын анықтау мақсатында тексеру жүргізу іс-әрекеттері;
      3) тексеріс тағайындау туралы акті - тексерілетін объектіге тексеріс жүргізу үшін негіз болып табылатын есепке алу субъектісінің құжаты (қаулы, нұсқама, бұйрық, тапсырма, жолдау қағазы және т.б.).

  3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну,
тіркеу және жүргізу

      8. Тексерісті тіркеу, барлық қажетті деректемелерді міндетті түрде толтыра отырып, есепке алу субъектісі шығарған тексеріс тағайындау туралы акті және осы Нұсқаулықтың 1 к  қосымшасына  сәйкес N2-П нысанды карточка (бұдан әрі - N 2-П нысанды карточка) негізінде жүзеге асырылады.

      9. Тексеріс тағайындау туралы акті және N 2-П нысанды карточка тексеріс басталғанға дейін тексерілуші объектінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады.
      Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелерде тексеруді тіркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырылады.

      10. Тексеріс тағайындау туралы акті уәкілетті органға екі данада (түпнұсқа және көшірме) ұсынылады. Тіркеуден кейін, актінің түпнұсқасы кешіктірілмей есепке алу субъектісіне қайтарылады. Актінің көшірмесі уәкілетті органда қалады.
      Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге ұсыну кезінде есепке алу субъектісінің тексеру тағайындау үшін негіз болған қажетті құжаттары, сондай-ақ оны жүргізуге өкілеттігінің барлығын растайтын нормативтік құқықтық актілері болуы қажет.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы  N 68 , 2007.05.16.  N 15  бұйрықтарымен .

      11. Уәкілетті органның қызметкері тіркеу үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын, N 2-П нысанды карточкаларды және оларға талон-қосымшаларды алғаннан кейін, осы Нұсқаулықтың 2 к  қосымшасына  сәйкес Актілерді тіркеу журналына (бұдан әрі - Журнал) есепке алу субъектісіне қайтарылатын актіге қойылатын бір мезгілде N 2-П нысанды карточканың тіркеу нөмірі болып табылатын реттік нөмір бере отырып мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеру туралы тиісті жазба енгізеді.

      12. Тексеріс тағайындау актісінің келесі бетіне уәкілетті органның қызметкері осы Нұсқаулықтың  5 қосымшасына  сәйкес тексеріс тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр қояды.
      Уәкілетті орган тексерісті тіркеуде тексеріс тағайындау актісі мен N 2-П карточкасы ұсынылған сәттен бастап дереу жүзеге асырады.

      13. Тексеру мерзімі ұзартылған немесе ол тоқтатылған, жаңартылған, сондай-ақ есептен шығарылған жағдайда есепке алу субъектісі уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың  6 қосымшасына  сәйкес N 2.1.-П нысанды карточканы (бұдан әрі - 2.1.-П нысанды карточка) тексерістің жоспарланған аяқталу мерзімінен кешіктірмей ұсынады.

      13-1. Есепке алу субъектілері мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүргізілген тексерулер бойынша және Уәкілетті органда тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер бойынша жарты жылда бір реттен кем емес салыстыру жүргізеді:
      1) салыстыру есепке алу субъектілеріне жолданатын Уәкілетті орган басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;
      2) есепке алу субъектісі Уәкілетті органға кестемен белгіленген мерзімде Журналды беруге міндетті;
      3) салыстыру барысында мынадай сұрақтар айқындалуға жатады:
      тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны;
      тексерудің түрі;
      тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу үшін уақытылы ұсыну;
      талон - қосымшаны есепке алу үшін уақытылы ұсыну;
      жүргізілмеген тексерулерді есептен шығару туралы хабарлауды (жазбаша хабарламаны) уақытылы ұсыну;
      4) салыстырудың нәтижелері бойынша табылған бұзушылықтар
көрсетілетін акт құрылады;
      5) салыстыру актісіне салыстыру жүргізген, олардың айқындылығына жеке жауап беретін Уәкілетті органның және есепке алу субъектілерінің қызметкерлері қол қояды, ол уәкілетті орган мен есепке алу субъектісінің басшыларымен бекітіледі;
      6) салыстыру актісі екі данада құрылады, олардың біреуі Уәкілетті органда қалдырылып, екіншісі тексеру жүргізген есепке алу субъектісіне тапсырылады.
      Өзара салыстыру жүргізу кезінде есепке алу субъектісі уәкілетті органға алдағы тоқсандық тексерулерді жүргізу жоспарын ұсынады.
       Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

      13-2. Есепке алу субъектісінде салыстыру немесе тексеру жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы тіркелмеген актілер немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, есепке алу субъектісі оларды анықтаған кезден бастап үш жұмыс күнінің ішінде анықталған тіркелмеген тексерулерге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға міндетті.
      Аталған деректерді анықтаған орган тіркелусіз немесе тексеру тағайындау жөніндегі актіні шығарусыз тексерілген әрбір объектіге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

  4. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкаларды,
оларға қосымша талондарды және Журналды толтыру

      14. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкалардың сол жағында орналасқан деректемелерді тексерісті жүзеге асырушы адамдар қысқартусыз жазба әріптермен толтыруы тиіс.

      15. N 2-П нысанды, N 2.1-П нысанды карточкалардың оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерінде уәкілетті органның қызметкері толтыратын код белгілерінің нөмірлері көрсетіледі.

      16. N 2-П нысанды карточкада:
      тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
      2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
      3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
      4) 4-ші тармақта тексерілуші объектінің атауы;
      4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      5) 5-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс негізі: 1 - жоспарлық, 2 - тапсырмалар немесе сұраулар бойынша, 3 - өтініштер бойынша, 4 - заң бұзушылық сипаттарын тікелей анықтау бойынша, 5 - азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп туындау және авариялық жағдайларда, 6 - алдыңғы тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау, 7 - ұсынылған мәліметтердің нақтылығын қайта тексеру, 8-өзге де;
      6) 5.1-тармақта тексеріс жүргізу мәселесі;
      7) 6-шы тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
      8) 7-ші тармақта тексерісті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы (есепке алу субъектісі);
      9) 7.1-тармақта тексерісті жүзеге асырушы адам (адамдар) мәліметтері;
      10) 8-ші тармақта тексеріс жүргізу мерзімі;
      уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      11) 9-шы тармаққа прокуратура немесе уәкілетті органдар анықтаған тіркелмеген тексерістер туралы деректер;
      10, 11, 12 тармақтарда N2-П нысанды карточканың келіп түскен күнін, Журнал бойынша реттік нөмірін, карточканы қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, лауазымы мен қолы қамтылады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

      17. N2.1-П нысанды карточкада:
      тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
      2) 2-ші тармақта тексеруді тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
      3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
      4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
      4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
      6) 6-шы тармақта тексеріс мерзімінің ұзартылған күні;
      7) 7-ші тармақта тексерістің тоқтатылған күні;
      8) 8-ші тармақта тексерістің жаңартылу күні.
      10-14-тармақтарды уәкілетті органның қызметкері толтырады.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

      18. N2-П, N2-1-П нысанды карточкалар уәкілетті органның Журналында тіркелген сәттен бастап есепке алынды деп саналады.

      19. Тексеріс нәтижелері бойынша әрбір тексерілген объектіге белгіленген үлгіде, тексерісті жүзеге асырушы адам қысқартусыз жазба әріптермен толтыратын және тексеріс біткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылатын, осы Нұсқаулықтың 3 к  қосымшасына  сәйкес N 2-П нысанды карточканың қосымшасы болып табылатын, талон-қосымша (бұдан әрі - талон-қосымша) толтырылады.
      Талон-қосымшада:
      тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
      2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
      3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексерісті тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
      4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
      4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
      6) 6-шы тармақта тексерісті тағайындау туралы актінің уәкілетті органда тіркелген күні және уәкілетті органның Журналы бойынша оның тіркеу нөмірі;
      7) 7-ші тармақта тексерістің басталған күні;
      8) 8-ші тармақта тексерістің аяқталған күні;
      9) 9-шы тармақта тексеріс жүргізудің нәтижелері;
      10) 10-шы тармақта тексеріс жүргізген адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы, қызмет телефонының нөмірі;
      уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді;
      11) 11-ші тармақта талон-қосымшаның уәкілетті органға келіп түскен күні;
      12) 12-ші тармақта уәкілетті органның талон-қосымшаны қабылдап алған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

      20. Уәкілетті органның қызметкері талон-қосымшаны алу кезінде есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің түпнұсқасының келесі бетіне тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын және алған күнін көрсете отырып қол қояды.

      21. Тексеріс уәкілетті органға талон-қосымша ұсынылған сәттен бастап аяқталды деп саналады.

      22. Тексерісті тағайындау туралы актіні, N 2-П нысанды карточканы және талон-қосымшаны тіркеу олар туралы Журналға мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      23. Журналды уәкілетті орган жүргізеді және ол бірыңғай үлгідегі құжат болып саналады.

      24. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс. Жазбалар толық, айқын, таза түрде енгізіледі, түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді. Қате жазбалар келісіледі және жауапты адамның қолымен куәландырылады.
      Уәкілетті органның қызметкері Журналға мынадай жазбалар енгізеді:
      1) 1-ші бағанға ақпараттық есептік құжаттардың реттік нөмірі;
      2) 2-ші бағанға тексеріс тағайындау туралы акті мен N2-П нысанды карточканың тіркелген күні мен уақыты, есепке алу субъектісіне қайтарылатын тексеріс тағайындау туралы актіге қойылатын осы құжаттардың тіркеу нөмірлері, сондай-ақ құжаттарды тапсырған есепке алу субъектісі қызметкерінің қолы;
      3) 3-ші бағанға есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі мен оның шығарылған күні;
      4) 4-ші бағанға есепке алу субъектісінің атауы, тексерісті тағайындаған адам тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
      5) 5-ші бағанға тексерісті жүргізуші адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
      6) 6-шы бағанға тексерілетін объектінің атауы және оның орналасқан жері;
      7) 7-ші бағанға тексеріс тағайындау негізі;
      8) 8-ші бағанға тексерісті жүргізу мерзімі;
      9) 9-шы бағанға тексеріс мерзімінің ұзартылуы немесе оның тоқтатылуы туралы;
      10) 10-шы бағанға уәкілетті органға талон-қосымшаның тапсырылған күні туралы;
      11) 11 бағанға тағайындалған тексерістердің жүргізілмеген негіздері:
      1-ші индекспен есептен шығарылған жүргізілмеген тексерістер және тіркелген тексерістердің жүргізілмеу негіздері көрсетіледі;
      2-ші индекспен қосымша ресімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілер.

  5. Комитеттің және оның аумақтық органдарының
"Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс
тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П
нысанды статистикалық есептілікті құруы және ұсынуы

      25. N 2-П карточкалары және уәкілеттік органның Журналы негізінде, осы Нұсқаулықтың  4 қосымшасына  сәйкес, әрбір есепке алу субъектісі және N 2-П нысанды жалпы жинақтық есеп бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылатын "Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П (бұдан әрі - N 2-П есеп) нысанды статистикалық есептілік жасалады.

      26. N2-П нысанды есептің толықтылығына, объективтілігіне, дұрыстығына жеткіліктілігі мен уақытылы ұсынылуына оны жасау бойынша міндет жүктелген уәкілетті органның қызметкері, сондай-ақ уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не есепті жасау кезеңінде оның міндетін атқарған адам жауапкершілік көтереді.

      27. Аумақтық органдардан келіп түскен N2-П нысанды есептердің негізінде Комитет әрбір есепке алу субъектісі бойынша есептер және республика бойынша жалпы жинақтық есеп жасайды.

      28. N 2-П нысанды есеп мәліметтердің жолдары мен бағандары барлық есепке алу субъектілері бойынша сәйкес келетін үдемелі нәтижемен бірыңғай нысанда құрылады:
      1) 1-жолда есептік кезеңнің аяғына талон-қосымша келіп түспеген жүргізілмеген тексерістердің қалдығы көрсетіледі;
      2) 2-жолда тексеріс тағайындау туралы тіркелген актілердің жалпы саны көрсетіледі;
      3) 3-жолда тексерілген объектілердің саны көрсетіледі (N2-П нысанды қойылған карточкалар бойынша);
      4) 4-жол (талон-қосымшасы болған кезде) аяқталған тексерістердің санын көрсетеді;
      5) 5-жол тексеру түріне тәуелсіз есептік кезеңде екі реттен көп тексерілген объектілер санын көрсетеді;
      6) 6-жол есептік кезеңде әр түрлі себептер бойынша жүргізілмеген тағайындалған тексеріс санын көрсетеді;
      7) 7-жол тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркемей жүргізілген тексерістердің жалпы санын көрсетеді;
      8) 8-жол тіркелмеген тексерістердің жалпы санынан есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы акті шығармай жүргізген тексерістер туралы мәліметтерді көрсетеді;
      9) 9-жол қосымша рәсімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;
      10) 1-8 бағандардың көрсеткіштері тексеріс тағайындау негізіне тәуелді, ондағы ұсынылған код белгілеуге сәйкес N2-П нысанды карточканың 5-тармағының мәліметтерінен құрылады.

      29. Аумақтық органдар N2-П нысанды есептерді Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне тапсырады. N2-П нысанды есепті тапсыру күні, оның Комитетке электрондық поштамен келіп түскен күні болып саналады.

      30. Түпнұсқа және электрондық поштамен келіп түскен мәліметтердің арасында айырмашылықтар болған жағдайда электрондық пошта бойынша келіп түскен есептердің мәліметтері негізге алынады.

      31. Республика бойынша N2-П нысанды жинақтық есепті Комитет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күні тапсырады.

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

             2-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН
               ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

1. ______________________________________
       Орталық мемлекеттік органның атауы
2. ______________________________________
       Тексерісті тағайындаған есепке алу
             субъектісінің атауы

3. Республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық - 4.
           (керегін сызып қою)

            1. /_/_/_/

 
          2. /_/_/_/_/

 

                3. /_/

4. Тексеретін объектінің атауы __________
4-1. БСН_________________________________
_________________________________________
_________________________________________
   (орналасқан жері: аудан, елді-мекен)
_________________________________________

5. Тексеріс негізі: 1 - жоспарлық,
2 - тапсырмалар немесе сұраулар бойынша,
3 - өтініштер бойынша, 4 - заң бұзушылық
сипаттардың тікелей анықталуы бойынша,
5 - азаматтардың денсаулығына және
өміріне қауіп төнуде және авариялық
жағдайларда, 6 - алдыңғы тексерістер
нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды
шектеу туралы талаптардың орындалуын
бақылау, 7- ұсынылған ақпараттардың
нақтылығын қайта тексеру, 8 - басқалары.

5.1. Тексеріс мәселесі __________________
      (нормативтік құқықтық актілер нормаларын
                      сақтау)
_________________________________________
     (тексеруге жататын міндетті талаптар)
_________________________________________

6.  Тексеріс тағайындау туралы актінің
нөмірі, оның шығарылған күні N___________
"____" _________________200___ж.
7. Тексерісті жүзеге асыратын мемлекеттік
органның атауы
_________________________________________
7.1 Тексерісті жүзеге асыратын адам
(адамдар) тегі, лауазымы, қолы
_________________________________________

8. Тексерістің өткізілу мерзімі:
"__"____200_жылдан "__"____200_жылға дейін
__________________________________________
 Уәкілетті органның қызметкері толтырады

9. Тексеріс уәкілетті органда тіркелмей
жүргізілді (1)
 
10. Карточканың ҚСжАЕК немесе ҚСжАЕКБ
келіп түскен күні "___"__________200___ж.

11. ҚСжАЕКБ тіркеу журналы бойынша тіркеу
нөмірі N ___________
12. Тіркеуге 2-П нысанды карточканы
қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің
тегі, лауазымы, қолы ____________________
_________________________________________

           4. /_/_/_/

           

 

               5. /_/

 

 

 

 

 

 

          5.1. /_/_/_/

 

 

 
      6. /_/_/_/_/_/_/
     /_/_/ /_/_/ /_/_/
       күніайы жылы

 

 

  
  8. /_/_/ /_/_/ /_/_/
      күні айы жылы
     /_/_/ /_/_/ /_/_/
      күні айы жылы
                

   9. /_/

 
 10. /_/_/ /_/_/ /_/_/
      күні айы жылы
 11. /_/_/_/_/_/

 

13. Басқа да белгілер ___________________

  

Ескерту:  толтыру бойынша карточка ресми статистикалық құжат болып
табылады; Оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтер
енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. 
Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 2-қосымша

    Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау
   туралы актілерді, N2-П нысанды карточкаларды және оларға
            талон-қосымшаларды тіркеу журналы

NN

Тексеріс тағайындау туралы актінің және N2-П нысанды карточканың тіркелген күні және уақыты, Уәкілетті органның тіркеу нөмірі, сондай-ақ құжаттарды тапсырған адамның қолы

Есепке алу
субъек-
тісінің
тексеріс
тағайындау
туралы
актісінің
нөмірі
және оның
шығарылған
күні

Есепке алу
субъек-
тісінің
атауы,
тексеріс
тағайындаған
тұлғаның
аты-жөні
және
лауазымы

Тексерісті жүзеге асыратын адамның (адамдар) аты-жөндері, лауазымдары

Тексеріс
объек-
тісінің
атауы,
оның ор-
наласқан
жері 

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Тексеріс тағайын.
даудың негізі

Тексеріс жүргізу мерзімі

Тексерістің мерзімін ұзарту не оны тоқтату туралы белгі

Уәкілетті органға N2-П нысанды карточкаға талон- қосымшаны ұсынған күн 

Тексеріс жүргізілген жоқ

1 -
жүргі-
зілмеген
тексеріс
есептен
алынды

2 -
тексеріс
тағайындау
туралы акті
қосымша
ресімдеуге
қайтарылды

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

        N2-П нысанды мемлекеттік мекемелердің қызметіне
        тексерicті есепке алу карточкасына талон-қосымша

1. ______________________________________
       Орталық мемлекеттік органның атауы
2. ______________________________________
       Тексерісті тағайындаған есепке алу
             субъектісінің атауы

3. Республикалық (1), облыстық (2), қалалық (3), аудандық (4).
           (керегін сызып қою)

             1. /_/_/_/

           2. /_/_/_/_/

 

                 3. /_/

4. Тексерілетін объектінің атауы ________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
      (орналасқан жері: аудан, елді-мекен)

4-1. БСН_________________________________

5. Тексерісті тағайындау туралы актінің
нөмірі, оның шығарылған күні N___________
"_____" _________________200___ж.

 
6. Журнал бойынша тіркеу нөмірі және күні
N________________
"_____"____________200____ж.

7. Тексеріс басталған күн "__" _____200_ж.

 
8. Тексеріс аяқталған күн "__" _____200_ж.
__________________________________________

9. Тексеріс нәтижелері:
1 - бұзушылықтар анықталған жоқ;
2 - бұзушылықтар анықталды.
10. Тексерісті жүзеге асырған адам
(адамдар) лауазымы, аты-жөні, қолы
Қызмет телефонының нөмірі________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
__________________________________________
  Уәкілетті органың қызметкері толтырады

11. Талонның ҚСжАЕК немесе ҚСжАЕКБ келіп
түскен күні "___" ___________ 200 __ ж. 

12. Талон-қосымшаны қабылдаған адам
лауазымы, аты-жөні, қызмет телефонының
нөмірі___________________________________
__________________________________________               

        

 

 

 
           5. /_/_/_/_/
      /_/_/ /_/_/ /_/_/
       күні айы жылы

 
           6. /_/_/_/_/
      /_/_/ /_/_/ /_/_/
        күні айы жылы

   7. /_/_/ /_/_/ /_/_/
        күні айы жылы
 
   8. /_/_/ /_/_/ /_/_/
        күні айы жылы
 
                 9. /_/

 

 

 

 

 

 
  11. /_/_/ /_/_/ /_/_/
       күні айы жылы

Ескерту:  толтыру бойынша кәртішке ресми статистикалық құжат болып
табылады; Аталған құжатқа қол қойған тұлғалар көрінеу жалған
мәліметтер енгізгені үшін заңмен анықталған тәртіпте жауапқа
тартылады.
Кәртішкенің сақталу мерзімі 2 жыл.

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 4-қосымша

         "Мемлекеттік мекемелерде тексеріс тағайындау
           актісін тіркеу туралы" N 2-П нысанды есеп

 

 

Бар-
лығы

Жос-
парлық

Тапсырмалар немесе сұраулар бойынша

Өтініштер бойынша

А

Б

1

2

3

4

Есептік кезеңнің соңында аяқталмаған тексерістер қалдығы

 

1

 

 

 

 

Тексеріс тағайындау туралы тіркелген актілер саны

 

2

 

 

 

 

Тексерілген объектілер саны (2-П нысанды қойылған карточкалар)

 

3

 

 

 

 

Аяқталған тексерістер саны (талон-қосымшаның болған кезде)

 

4

 

 

 

 

Есептік кезеңде 2-реттен көп тексерілген объектілер саны

 

5

 

 

 

 

Әр түрлі себептер бойынша жүргізілмеген тағайындалған тексерістер саны

 

6

 

 

 

 

Тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркемей жүргізілген
тексерістердің барлық саны 

 

7

 

 

 

 

Тексеріс тағайындау туралы акті шығармай есепке алу субъектілері жүргізген тексерістердің саны (7 жолдан)

 

 

 

8

 

 

 

 

Қосымша ресімдеуге қайтарылған тексерістер тағайындау туралы актілердің саны

 

9

 

 

 

 

кестенің жалғасы

 

Заң бұзушылық сипаттарын тікелей анықталуы бойынша

Азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп туындауы және авариялық жағдайларда

Алдыңғы тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау 

Ұсынылған мәліметтердің нақтылығын қайта тексеру

өзге де

Б

5

6

7

8

 

1

  

  

  

  

  

2

  

  

  

  

  

3

  

  

  

  

  

4

  

  

  

  

  

5

  

  

  

  

  

6

  

  

  

  

  

7

  

  

  

  

  

8

  

  

  

  

  

9

  

  

  

  

  

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 5-қосымша

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитет басқармасы

_________________________________ облыс (аймақ) бойынша
_________________________________ аудан (қала) бойынша

Тексеріс тағайындау туралы акті
ТІРКЕЛДІ

N _______________ "____"_________________200__жыл.

Уәкілетті орган қызметкерінің қолы
 _____________________________

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

Тексеріс тағайындау туралы акті
ТІРКЕЛДІ

N _______________ "____"_________________200__жыл.

Уәкілетті орган қызметкерінің қолы
 _____________________________

                                        Мемлекеттік мекемелердің
                                       қызметіне тексерісті есепке
                                        алу Нұсқаулығына 6-қосымша

       Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2007.05.16.  N 15  бұйрығымен .

          2.1-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
               ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

1. ______________________________________
       Орталық мемлекеттік органның атауы
2. ______________________________________
       Тексерісті тағайындаған есепке алу
             субъектісінің атауы

3. Республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық - 4.
           (керегін сызып қою)

         1. /_/_/_/

 
       2. /_/_/_/_/

 

             3. /_/

4. Тексеретін объектінің аталуы _________
_________________________________________
_________________________________________
    (орналасқан жері: аудан, елді-мекен)

4-1. БСН_________________________________
_________________________________________

5. Тексеріс тағайындау туралы актінің
нөмірі, оның шығарылған күні N__________
"_____" _________________200___ж.
6. Тексеріс "__"____________200___ жылға
дейін ұзартылды

 
7. Тексеріс тоқтатылды "__"_______200__ж.

 
8. Тексерістің жаңартылған күні
"_____"_____________200__ж.
9. Тексеріс жүргізілген жоқ (сызып қою):
__________________________________________
  Уәкілетті органның қызметкері толтырады

10. Өткізілмеген тексеріс есептен алынды - 1;

11. Қайтарылды - 2.

12. Қайта жасауға ҚСжАЕК немесе ҚСжАЕКБ
келіп түскен күні "__"___________200___ж.

13. N2-П нысанды тіркеуге карточканы
қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің
аты-жөні, лауазымы, қолы_________________
_________________________________________
14. Басқа да белгілер ___________________

 

 

 

 

 
6. /_/_/ /_/_//_/_/
  күні айы жылы
  /_/_/ /_/_/ /_/_/
   күні айы жылы

7. /_/_/ /_/_/ /_/_
   күні айы жылы

8. /_/_/ /_/_//_/_/
   күні айы жылы

 
 
10. /_/

 
11. /_/

12. /_/_//_/_//_/_/
  күні айы жылы

Ескерту:  толтыру бойынша кәртішке ресми статистикалық құжат болып
табылады; Аталған құжатқа қол қойған тұлғалар көрінеу жалған
мәліметтер енгізгені үшін заңмен анықталған тәртіпте жауапқа
тартылады.
Кәртішкенің сақталу мерзімі 2 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады