Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 129 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 60 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 31 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4840 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 154 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Заңды тұлғалардың валюта операциялары бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ резиденттер заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі валюта операцияларын тіркеу тәртібін»"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 129  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4516 тіркелген,»"Заң газеті" және»"Юридическая газета" газеттерінде 2007 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінде:
      7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      39-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      5-қосымшадағы екінші абзац»"ҚҰЖЖ коды ______________________
СТН ____________________________" деген сөздерден кейін»"ЖСН
____________ БСН ____________ (бар болса)" деген сөздермен
толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін
қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай
Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі
бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігіне, екінші деңгейдегі банктерге және»"Қазақстан
қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен (Дюгай Н.Н.) жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
      мен қаржы ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің Төрағасы
      2007 жылғы»02»шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы 
      Статистика агенттігі Төраға
      2007 жылғы»02»шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және сауда министрлігі
      Министрдің м.а.
      2007 жылғы»13»шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
      министрлігі
      Министрдің м.а.
      2007 жылғы»20»шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі
      Министр
      2007 жылғы»17»шілде

     "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Экономика
      және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Министр
      2007 жылғы 13 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады