Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 166-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4866 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 № 971 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.08.2014 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі бекітілсін.
      2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрінің       
2007 жылғы 19 шілдедегі    
N 166-ө бұйрығымен       
бекітілген           

Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек
жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен
нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау
ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.08.2014 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекітудің, ауыстырудың және қайта қараудың бірыңғай тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      еңбек жөніндегі нормативтер - жұмыстың жекелеген элементтерін (кешендерін) орындауға, жабдықтың бірліктеріне, жұмыс орнына, құрылымдық бөлімшеге қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек (уақыт) шығындарының, сондай-ақ нақты өндірістік факторлар мен ұйымдық-техникалық жағдайларға байланысты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе өлшем бірлігіне қабылданған жұмыстардың көлемін орындау үшін белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлер санының регламенттелген мәні (шамалары);
      еңбектің үлгілік нормалары (өндірім, уақыт, қызмет ету) - жұмыстардың бірыңғай технология бойынша жекелеген элементтерін немесе кешендерін орындауға, жабдық бірліктеріне, жұмыс орындарына қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек шығындарының, сондай-ақ тиімді ұйымдық-техникалық жағдайларына қарай өндірістік, басқарушылық функцияларды орындау үшін қажетті қызметкерлер санының регламенттелген мәні;
      салааралық еңбек нормалары - экономикалық қызметтің бірқатар түрлері және жұмыс берушілердің тиісті жұмыс түрлерінде (екі, үш және одан да көп салаларда) қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде эталон ретінде пайдалануы үшін өндірістердің ұқсас жағдайларында бірдей технологиялар бойынша Ұйымдардағы жұмыстарды орындауға жұмсалатын еңбек шығындарының регламенттелген мәні;
      салалық еңбек нормалары - экономиканың бір саласындағы Ұйымдардағы жұмыстарды орындауға жұмсалатын еңбек шығындарының регламенттелген мәні.

2. Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек
жөніндегі үлгілік (салааралық, салалық) нормалар мен
нормативтерді бекіту тәртібі

      3. Тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген еңбек жөніндегі үлгілік (салааралық, салалық) нормалар мен нормативтерді бұйрықпен бекітеді.
      4. Еңбек жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы нормативтердің бір данасын мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіште еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      5. Еңбек жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімге бекітеді.

3. Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек
жөніндегі үлгілік (салааралық, салалық) нормалар мен
нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібі

      6. Еңбек жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен  нормативтерді қайта қарау және ауыстыру үшін қолданыстағы үлгілік (салалық, салааралық) еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтердің мерзімінің аяқталуы, әзірлеу процесінде ұйымдастыру-техникалық жағдайлары дұрыс ескерілмеген немесе дәлсіздікке, нормативтік материалдарды қолдану кезінде немесе есептерді орындауда, сондай-ақ өндірістің ұйымдық-техникалық жағдайын өзгерту кезінде қателерге жол берілген, қате белгіленген нормалар негіз болып табылады.
      7. Тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы үш жылда кемінде бір рет еңбек нормалары мен үлгілік (салааралық, салалық,) нормаларды қайта қарауды және ауыстыруды қамтамасыз етеді.
      8. Еңбек нормалары жұмыс орындарын аттестаттау мен оңтайландыру, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа техника, технология және ұйымдық-техникалық іс-шаралар енгізу шамасына қарай міндетті түрде қайта қарауға және ауыстыруға жатады. Қате белгіленген нормаларды қайта қарау олардың анықталуына қарай жүргізіледі.
      9. Жекелеген қызметкерлердің өз бастамасы бойынша еңбектің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы өнім өндірудің (қызмет көрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізуі және жұмыс орындарын жетілдіруі бұдан бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарау үшін негіз болып табылмайды.
      10. Еңбек нормаларын қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмысты орындауға еңбекті нормалау жөніндегі қызметкерлермен қатар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, экономикалық талдау бөлімдерінің өкілдері мен басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
      11. Еңбек жөніндегі үлгілік (салааралық, салалық) нормалар мен нормативтерді қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанда тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы олардың келісуі туралы тапсырысты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздемелер болмаған жағдайда, тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердің түпнұсқасын, оларды негіздеу бойынша материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде олардың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініммен уәкілетті мемлекеттік органға жүгінеді.
      Еңбек жөніндегі үлгілік (салааралық, салалық) нормалар мен нормативтердің қолданылу мерзімін ұзартуды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіліп, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган түпнұсқаның титулдық парағында тиісті белгі және елтаңбалық мөр қою жолымен ресімдейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады