2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау коссиясынының 2007 жылғы 15 тамыздағы N 109/237 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4875 болып енгізілді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  12,   41  және  42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлау бюллетенін (бюллетеньдерін) өзі дауыс беретін кандидат тегінің, саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршының ішіне кез келген белгі соғу арқылы толтырған сайлаушы оны (оларды) дауыс беруге арналған жәшікке салады.

      2. Сайлау бюллетенін бүлдірген жағдайда, сайлаушының өтініші бойынша оған жаңа сайлау бюллетені беріледі. Жаңа сайлау бюллетені сайлаушыға тек бір рет беріледі. Бүлінген сайлау бюллетені пайдаланылмаған болып есептеледі және қалған пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерімен бірге жойылады.

      3. Сайлау бюллетенін дауыс беруге арналған жәшікке салған сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан кетеді.

      4. Сайлаушыға берілген сайлау бюллетеньдері мен сайлаушының электрондық карточкалары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерге шығарылмауға тиіс. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны бұл туралы ескертеді.

      5. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

      6. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.

      Төраға

      Хатшы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады